Қ А У Л Ы
2026 жылғы 23 сәуір №6003-26-00-2к/160 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар М.Т.Қадырова, Н.О.Косанов,
прокурор К[...], аудармашы А[...],
талап қоюшының өкілі Р[...], жауапкердің өкілі П[...], бейнеконференцбайланыс қолдану арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер А[...] берген жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтару туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 10 шілдедегі шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 10 шілдедегі шешімінің және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысының күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдансын. Жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жауапкер А[...] пайдасына 983 (тоғыз жүз сексен үш) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
М.Қадырова
Н.Косанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.