6003-25-00-2к/512(2)
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 27 қаңтар
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,
судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева,
талап қоюшы Т[...] өкілі Ж[...], жауапкер Р.О. (Турдиева) Т[...] өкілі Д[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Т[...] жауапкер Р[...] (Турдиева) Т[...] заңсыз соғылған құрылысты жауапкердің есебінен бұзып, жер учаскесін қайтаруды міндеттеу туралы және қарсы талап қоюшы Т[...] жауапкерлер Т[...] мен И[...] сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі жауапкер Р.О. (Турдиева) Т[...] өкілі Д[...] Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 17 қазандағы шешіміне және Шымкент қаласының сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ :
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 17 қазандағы шешімімен Т[...] талап қоюы қанағаттандырылған. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Тұран мөлтек ауданы, №232/1 мекенжайда орналасқан кадастрлық №[...] жер учаскесінде тұрғызылған тұрғын үй құрылысы жауапкер Т[...] есебінен бұзылып, жер учаскесін қайтару міндеттелген.
Талап қоюшы Т[...] жауапкер Т[...], И[...] сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Шымкент қаласының сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Ж[...] (Турдиева) Т[...] өкілі Д[...] кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын, сот актілерімен келіспей, кассациялық шағымында олардың күшін жоюды, қарсы талап қоюды қанағаттандыруды сұраған. Кассациялық сот тараптарды тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде
бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.
Себебі соттар талап қоюды қанағаттандырудың негізі ретінде жер учаскесі Т[...] атына тиісті түрде тіркелген, жер учаскесінің нақты орналасқан шекаралары жер кадастрлық ісіндегі мәліметтерге сәйкес келетіндігі, нақты орналасқан жері жер кадастрлық ісіндегі және электронды картамен сәйкес дей келе, Р.О.(Турдиева) Т[...] құрылысын бұзып, жер учаскесін қайтаруды міндеттеу туралы қате тұжырымға келген.
Іс құжаттарынан анықталғандай, 2022 жылғы 27 қаңтардағы И[...] пен Т[...] арасында жасалған сыйға тарту шарты негізінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Турлан мөлтек ауданы, №232 мекенжайда орналасқан, кадастрлық №[...] (қазіргі кезде - 22327-018-814), алаңы 0,0800 га жер учаскесіне (бұдан әрі - даулы жер учаскесі) соңғының меншік құқығы тіркелген.
«Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы анықтамасына сай, басқарманың 2023 жылғы 22 мамырдағы №2392 бұйрығы негізінде даулы жер учаскесіне Шымкент қаласы, Абай ауданы, Тұрлан шағын ауданы, №232/1 мекенжайы берілген.
Өз кезегінде сыйға тарту шартында И[...] құқығы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының 2007 жылғы 17 сәуірдегі №42539 шешімімен негізінде пайда болғаны көрсетілген.
Ж[...].Т[...] (Турдиева) Шымкент қаласы әкімінің жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының 2007 жылғы 9 тамыздағы №56674 шешімімен Шымкент қаласы, [...] жер учаскесі жария етілген.
Осы шешімнің негізінде Т[...] Шымкент қаласы, [...] мекенжайдағы жеке меншік тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін кадастрлық №[...] акті жасалып, сол жылы 30 қазанда тіркелген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 118бабының 1-тармағына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттік тіркеудің жылжымайтын мүлікке байланысты өзге де объектілері "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Жергілікті соттар Т[...] құқығы 2022 жылғы 27 қаңтардағы сыйға тарту шартының, ал алғашқы жер иесі И[...] құқығы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының 2007 жылғы 17 сәуірдегі №42539 шешімінің негізде пайда болғандығын тіркеу істерін сұратып тексермеген, жауапкердің құқық белгілейтін құжаттарды тексеру туралы уәждеріне тиісті түрде баға бермеген.
Істің мұндай тұрғысында, сот актілері өзгертілуге, шешімнің жер учаскесінде тұрғызылған тұрғын үй құрылысы жауапкер Т[...] есебінен бұзылу және жер учаскесін қайтаруды міндеттеу бөлігінің күші жойылып, Т[...] талап қоюының бұл бөлігін қанағаттандырусыз қалдырылуға, кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылуға жатады.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 8 қазандағы шешімімен Шымкент қаласы әкімінің жанындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының 2007 жылғы 17 сәуірдегі №42539 И[...] атына берілген шешімі және 2022 жылғы 27 қаңтардағы С.Т.И[...].Т[...] Шымкент қаласы, Абай ауданы, Турлан мөлтек ауданы, №232 мекенжайда орналасқан жер учаскесін сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылған.
Р.О.(Турдиева) Т[...] сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талабы қанғаттандырусыз қалдырғаны заңды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 157бабының 3-тармағына сәйкес мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін.
Көрсетілген мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.
Р.О.(Турдиева) Т[...] сыйға тарту шартының нәтижесінде оның қандай құқығы мен мүддесі бұзылатындығы туралы нақты дәлелдемелер сотқа ұсынбаған.
Ж[...].Т[...] сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімі АПК-нің 126-бабының 2-бөлігіне сай қалпына келтірілуге жатады. Өйткені, Т[...] кассациялық шағымы 2025 жылдың 16 маусымда және 12 шілдесінде АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер бойынша қайтарылған, нәтижесінде кассациялық шағымды беру мерзімі себепті негіздермен өткізіп алған.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Р.О. (Турдиева) Т[...] өкілі Д[...] сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 17 қазандағы шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы қаулысы өзгертілсін. Шешімнің Шымкент қаласы, Абай ауданы, Тұран мөлтек ауданы, №232/1 мекенжайда орналасқан кадастрлық №[...] жер учаскесінде тұрғызылған тұрғын үй құрылысы жауапкер Т[...] есебінен бұзу және жер учаскесін қайтаруды міндеттеу бөлігінің күші жойылып, Т[...] талап қоюының бұл бөлігі қанағаттандырудан бас тартылсын. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын.
Ж[...] (Турдиева) Т[...] өкілі Д[...] кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
В.Е.Тохтарбаева
Судьялар:
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.