Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 18.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/2423 (Гражданское)

№6003-26-00-2к/2423, №6003-26-00-2к/2423(2), №6003-26-00-2к/2423(3)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 18 маусым Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,

талап қоюшының өкілі Н[...],

жауапкерлердің өкілдері А[...], А[...],

жауапкерлер К[...], О[...], А[...], Ә[...],

үшінші тұлғаның өкілі К[...],

бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер А[...], Х[...], Н[...], А[...], Ә[...], У[...], К[...], К[...], М[...], О[...], Н[...], А[...], үшінші тұлға Қазақстан Республикасы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Шымкент қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензияларынан айыру туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 21 тамыздағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысына жауапкерлердің келтірген кассациялық шағымымен қарап,

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысы күшінде, жауапкерлердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья

Ғ.Бастаубаев

Судьялар

Н.Жумагулова

Н.Косанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.