ВС РК - Постановление от 02.11.2022 по делу 6001-22-00-3гп/392 (Гражданское)

6001-22-00-3гп/392

ҚАУЛЫ

2022 жылғы 2 қараша Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - алқа төрағасы Н.К.Шəріпов,

судьялар А.Қ.Ескендіров, Б.Ж.Тоқтарова,

талап қоюшының өкілі К[...], жауапкер А[...], оның өкілі Т[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында бейнеконференцбайланысы арқылы өткізілген ашық сот отырысында Зағипа Мəлікқызы А[...] Б[...], А[...], К[...], А[...], Е[...], үшінші тұлғалар «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына (бұдан əрі – Банк), жеке нотариустар Ж[...], А[...] сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану жəне моральдық зиянды өндіру туралы талап қою аразымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Қызылорда қалалық сотының 2021 жылғы 15 қазандағы шешіміне жəне Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 қаңтардағы қаулысына жауапкер А[...] келтірген өтінішхаты бойынша түскен электрондық азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

А[...] сотқа А[...] пен Б[...] арасындағы 2006 жылғы 14 қыркүйектегі №302, Б[...] пен А[...] арасындағы 2021 жылғы 30 сəуірдегі № 1607 Қызылорда қаласы, [...] пəтерді (бұдан əрі - даулы пəтер) сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды жəне 10 000 000 теңге моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгініп, онда жұбайы А[...] ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылатын пəтерді оның келісімінсіз иеліктен шығарғанын көрсеткен.

Қызылорда қалалық сотының 2021 жылғы 15 қазандағы шешімімен талап қою арыз ішінара қанағаттандырылған. А[...] пен Б[...] арасындағы 2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 302 жəне Б[...] пен А[...] арасындағы 2021 жылғы 30 сəуірдегі № 1607 даулы пəтерді сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылған. Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Ж[...].А[...] өтінішхатта іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, істі қараған кезде соттар материалдық құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып, жаңа сот актісін қабылдауды немесе істі қайта қарауға жіберуді сұраған.

Сонымен қатар, онкология ауруына ұшырағанын жəне басына ота жасалғанын көрсетіп, сот актілеріне кассациялық тəртіпте шағым жасау мерзімін қалпына келтіруді сұраған.

Осы мəн-жайларды ескеріп, алқа бұл дəлелдемелерді объективті себептер деп танып, дау айтылған сот актілеріне шағымдану мерзімін қалпына келтіру қажет деп санайды.

Сот алқасы іс бойынша тараптардың пікірлерін тыңдап, электрондық

іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодекстінің (бұдан əрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сəйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Мұндай заң бұзушылықтарға соттармен жол берілген.

Іс материалдарынан анықталғандай, А[...] мен А[...] араларындағы 1988 жылғы 20 ақпанда неке тіркелген.

А[...] 2005 жылғы 15 тамыздағы № 6914 сатып алу-сату шарты негізінде даулы пəтердің меншік иесі болған.

2006 жылғы 14 қыркүйекте А[...] пен Б[...] арасында № 302 даулы пəтерді сатып алу-сату шарты жасалған.

2006 жылғы 19 қыркүйектегі №188 банктік заем шартына сəйкес Б[...] даулы пəтерді сатып алу мақсатында Банктен 2 700 000 теңге несие алған. Банктік заем шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін даулы пəтер кепілге қойылған.

Б[...] өз міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты Қызылорда қалалық сотының 2011 жылғы 11 мамырдағы шешімімен соңғыдан Банктің пайдасына 3 574 632 теңге өндірілген.

2020 жылғы 31 желтоқсанда аталған банктік заем шарты бойынша Б[...] міндеттемелері толығымен орындалған.

2021 жылғы 30 сəуірде Б[...] пен А[...] арасында даулы пəтерді сатып алу-сату шарты жасалып, 2021 жылғы 5 мамырда соңғы мен оның зайыбы Е[...] атына меншік құқығы тіркелген.

Жергілікті соттар даулы пəтер А[...] мен А[...] ортақ мүлкi болып табылғандықтан, ол талап қоюшының келісімінсіз иеліктен шыққанын негізге алып, талап қою арызды ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған.

Соттардың мұндай тұжырымымен келісуге болмайды, өйткені олар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың дұрыс анықталмауы жəне материалдық құқық нормаларының бұзылуының негізінде жасалған.

Сот алқасымен анықталғандай, А[...] талап қою арызын жұбайы А[...] даулы пəтерді Б[...] сатқанын білмей, өзі оған келісімін бермегенімен негіздеген.

Даулы пəтерді сатып алу-сату шарты нотариуспен куəландырылып, өз кезегінде А[...] нотариусқа некеде тұрмайтындығы жөнінде арыз берген, бірақ А[...] даулы пəтер иеліктен шыққанын білген, себебі Б[...] А[...] туысы болып келеді жəне 2006 жылы даулы пəтерді сатып алу мақсатында банктен 2 700 000 теңге несие алған.

Талап қоюшы талап арызында осы алған несиенің 900 000 теңгесін өзі алғанын, 500 000 теңгені өзінің апасы - Б[...] анасы Н[...] қарызға бергенін, ал 1 800 000 теңгені делдал К[...] алғанын мойындаған.

Сонымен, А[...] банктен несие алу мақсатында даулы пəтерді өзінің туысы Б[...] атына аударғаны, делдал К[...] арқылы кепілге қойғаны анықталған. Бұл жағдайларды талап қоюшы жоққа шығармаған.

Сондықтан, А[...] даулы пəтердің иелігінен шыққанын 2011 жылы білгендігі туралы уəждері негізсіз.

А[...] даулы мəмілені несие алған кезде, сонымен қатар, 2011 жылдан бері біле тұра, талап қою арызбен тек 2021 жылы сотқа жүгінген, яғни талап қою мерзімін өткізіп алған.

А[...] талап қою мерзімін дəлелді себептермен өткізіп алғандығы туралы дəлелдемелерді сотқа ұсынбаған.

Бұдан басқа, жауапкер А[...] мəлімденген талаптарға талап қою мерзімін қолдануды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 177, 178, 179баптарында көзделгендей талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi. Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. Талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады.

Бірінші мəміле бойынша талап қою мерзімі өтіп кеткендіктен, Б[...] даулы пəтердің меншік иесі ретінде мүлікті иеліктен шығаруға құқығы болған.

Бұл ретте А[...] 2021 жылы «Крыша KZ» сайт арқылы даулы пəтерді тауып, сатып алғаны, сатушының сұраған төлемін бергені, оған жөндеу жұмыстарын жүргізгені, пəтердің талай жылдардан бері жиналып қалған коммуналдық қарыздарын төлегендігі анықталған.

Сонымен бірге, сатып алу-сату шартын жасау барысында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) жоқ болған.

Істің мұндай тұрғысында, сот актілерін заңды жəне негізді деп тануға болмайды. Сондықтан кассациялық сот алқасы сот актілерін өзгертіп, олардың даулы пəтерге қатысты мəмілелерді жарамсыз деп таныған бөлігінің күштерін жойып, бұл бөлігінде талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдау қажет деп санайды.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жауапкер А[...] сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру мерзімі қалпына келтірілсін.

Қызылорда қалалық сотының 2021 жылғы 15 қазандағы шешімі жəне Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 қаңтардағы қаулысы өзгертілсін.

Аталған сот актілерінің талап қоюшы А[...] пен Б[...] арасындағы 2006 жылғы 14 қыркүйектегі №302 жəне Б[...] пен А[...] арасындағы 2021 жылғы 30 сəуірдегі №1607 Қызылорда қаласы, [...] пəтерді сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызын қанағаттандыру бөлігінде күші жойылып, осы бөлігінде талап қою арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдансын.

А[...] жауапкер А[...] пайдасына 20 000 (жиырма мың) теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын. А[...] өтінішхаты қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

Н.К.Шəріпов

А.Қ.Ескендіров Б.Ж.Тоқтарова

Судьялар

Көшірмесі дұрыс Судья Б.Ж.Тоқтарова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.