Қ А У Л Ы
2026 жылғы 4 наурыз №6003-25-00-2к/5274 (2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар Қ.Айтжанов, А.Токсанбаев, жауапкер С.Джетыбаева,
үшінші тұлғаның өкілі У.Бисеновтің қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Шымкент күрделі құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер Сапаркуль Сансызбаевна Джетибаеваға қарызды кепілге алынған мүлік есебінен өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Шымкент қалалық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 30 қазандағы қаулысына талап қоюшының
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Шымкент күрделі құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 17 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкер С.Джетибаеваның меншік құқығындағы кепілге қойылған мүлкі, яғни Шымкент қаласы, Асар шағын ауданы, Жаңақұрылыс көшесі, №122 мекенжайындағы кадастрлық № 19-309-188-260 жер телімінде орналасқан тұрғын үйдің бастапқы сату бағасы 40 219 569 теңге мөлшерінде белгіленіп, өндірілген.
Шымкент қалалық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 30 қазандағы қаулысымен шешім өзгертіліп, тұрғын үйдің бастапқы сату бағасы 40 219 569 теңгеден 40 638 000 теңгеге ұлғайтылған.
Шешімнің өзге бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшыдан сараптамаға жұмсалған 112 631 теңге сот шығыны өндірілген.
Талап қоюшы кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сот дәлелдемелерге дұрыс құқықтық баға бермегенін көрсетіп, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған.
Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде
бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 317-бабы 1-тармағының талабына сай, борышкер өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес, егер борышқордың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн.
Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбастан) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрағанда; 2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болғанда, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзу болмашы және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепiлге салынған мүлiктiң құнына анық мөлшерлес емес болып табылады. Жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздар бойынша кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің бұзылуы болмашы болып табылады және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері бір мезгілде мынадай шарттар болған кезде:
орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке алмағанда) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он бес пайызынан кем болса; 2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі алты айдан кем болса, кепілге салынған мүліктің құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.
АК-нің 318-бабы 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушының талаптарын кепілге салынған мүліктің құнынан қанағаттандыру, егер осы Кодексте және басқа заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Кепіл шартының 3-тармағына сәйкес талап қоюшы кепіл ұстаушы ретінде қарыз алушы тарапынан кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде оны кепіл нысанасының құнынан өндіруге құқылы.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы
№383 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 2 жылтоқсандағы № 1126 қаулысымен 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысы қабылданған.
Бағдарлама аясында жеке тұрғын үй құрылысы мен оның қасынан жеке жылы жай салу жұмыстарын төлеу үшін талап қоюшы мен жауапкер С.Джетибаеваның арасында 2009 жылғы 26 маусымда № 00306/1 нысаналы қарыз шарты (әрі қарай - шарт) жасалып, жауапкерге қамтамасыз етілген, жедел, қайтарымды және нысаналы пайдалану жағдайында 6 821 240 теңге көлемінде 72 ай мерзімге қарыз берілген.
Нысаналы қарыз шарты бойынша жауапкер міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылғы 26 маусымда ЖШС мен талап қоюшының арасында № 00306/2 жылжымайтын мүлікті және салынатын жеке тұрғын үй құрылысын және жылы жайды талап ету құқығын кепілге қою шарты (әрі қарай – кепіл шарты) жасалып, аталған шарт негізінде жауапкер өзіне меншік құқығымен тиесілі Шымкент қаласы, Асар шағын ауданы, Жаңақұрылыс көшесі, №122 мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 19-309-188-260) 0,1 га жер телімін кепілге қойған.
Заңды күшіне енген Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2013 жылғы 31 қазандағы шешімімен талап қоюшының талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына негізгі қарыз соммасы 9 968 366 теңге, өсімпұл 551 573 теңге өндірілген. Талап қоюдың кепілге қойылған жер телімін, жеке тұрғын үй мен жылы жайды қарыз есебінен алып қою туралы бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазанындағы №1120 Қаулысымен Бағдарлама мен Ережеге еңгізілген өзгерістер мен толықтырулары негізінде Бағдарламаның қаржысын қайтару мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылған.
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 2016 жылғы 25 ақпандағы шешімімен оператор – «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-нің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазанындағы № 1120 қаулысына сәйкес, 2009 жылы жасалған нысаналы қарыз шартын және кепілдік келісім-шарттарына «Нұрлы көш» бағдарламасына сай, қаржыны қайтару мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанына дейін ұзарту міндеттелген.
Осыған байланысты, 2017 жылы атқару құжаты орындаусыз кері қайтарылған.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2023 жылғы 14 сәуірдегі ұйғарымымен жауапкер С.Джетибаевадан қарыз өндіру туралы сот шешімі бойынша атқару парағын орындауға ұсыну мерзімі қалпына келтіріліп,
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 24 қазандағы ұйғарымы негізінде атқару парағының телнұсқасы берілген.
2024 жылғы 27 ақпанда атқарушылық өндірісі қозғалған.
2025 жылғы 14 сәуірдегі салыстыру актісі бойынша несие алушының қарызы 7 941 651 теңгені құраған.
Жауапкер қарызды қайтару туралы сот шешімін орындамаған соң, 2025 жылғы 18 сәуірде серіктестік сотқа қарызды кепіл жылжымайтын мүліктен өндіру туралы талап қоюымен жүгінген.
Қарыз сомасы кепілге салынған мүліктің нарықтық құны берешек сомамен салыстырғанда қарыз кепіл мүлкінің нарықтық құнының 10 пайызынан жоғары және міндеттеме алты айдан астам уақыт тиісінше орындалмаған.
Бірінші сатыдағы сот серіктестіктің талап қоюын қанағаттандырып, кепіл мүліктің нарықтық құнын 2024 жылғы 25 сәуірде жасалған бағалау есебін негізге алған. Алайда бұл бағалау есеп серіктестікпен 2025 жылғы 18 сәуірде талап қоюымен сотқа жүгінгенде бағалау есебінің өзінде көрсетілген алты ай жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.
Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы сот отырысында даулы үйдің нарықтық құнын анықтау мақсатында өз бастамасымен сот-құрылыстауарлық сараптама тағайындаған.
Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институтының 2025 жылғы 20 қазандағы № 2355 қорытындысына сәйкес кепілге салынған жылжымайтын мүліктің бағалау жүргізу күніндегі ықтимал нарықтық құны 40 638 002 теңгені құраған.
Мұндай жағдайда апелляциялық сатыдағы сотпен бірінші сатыдағы сот шешімімен белгіленген сатуға салынған жылжымайын мүлікті бастапқы бағасы сараптама қорытындысымен анықталған нарықтық құнына дұрыс өзгертілген.
Сонымен қатар, апелляциялық сатыдағы сот талап қою қанағаттандырылғандықтан АПК-нің 109-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сараптамаға жұмсалған сот шығындарды талап қоюшыдан өндіру туралы тұжырымын негізсіз деп табады. Себебі сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымында шығындар мәселесі түпкілікті шешім шығарылғанда шешілетіні көрсетілген. Талап қоюшы тарапынан құқықтарды теріс пайдалану орын алмаған. Мұндай жағдайда осы сот шығындары жауапкерден өндірілуге жатады.
АПК-нің 427-бабының 6-бөлігіне сәйкес сот шығындарын бөлу туралы мәселенің шешілмеуі немесе дұрыс шешілмеуі сот шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Сот шығындарын бөлу қаулының қарар бөлігінде көрсетіледі.
Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды.
Шағымның уəждері сот алқасының қаулысын күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.
Сондықтан, сот актілер күшінде, кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Қаулының сот сараптамаға жұмсалған 112 631 теңге сот шығынын талап қоюшы Шымкент күрделі құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өндірілген бөлігінің күші жойылсын.
Сараптамаға жұмсалған 112 631 (бір жүз он екі мың алты жүз отыз бір) теңге сот шығыны жауапкер Сапаркуль Сансызбаевна Джетибаевадан өндірілсін.
Төлем «ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша Кіріс басқармасы», БИК-ККМFKZ2A; ИИК KZ 24070105KSN0000000, БИН 090440002968; КБК 202101 (бюджетке төленетін басқа салықтық емес төлемдер) КНП 911, төлем мақсаты № 2355 сот құрылыстауартану сараптамасының өндірісі үшін деректемелеріне жасалсын.
Талап қоюшының кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші судья А.Даненова
Қ.Айтжанов А.Токсанбаев
Судьялар
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.