ВС РК - Постановление от 30.01.2024 по делу 6001-23-00-6ап/1922 (Административное)

6001-23-00-6ап/1922

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 30 қаңтар Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев, судьялар – Ғ.Ө. Әлжанов, Г.Б. Нұрбаев болып,

ашық сот отырысында талап қоюшы жеке кәсіпкер М[...] жауапкер Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Қ[...] (бұдан әрі – ЖСО, сот орындаушы) қойған дебиторлық берешектен өндіру туралы қаулыны заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 маусымдағы қаулысына жауапкер өкілінің келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :

Талап қоюшы М[...] сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылған.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер өкілі кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, олардың күшін жоюды және талап арызды тараптар арасындағы азаматтық тәртіппен қаралып жатқан дау шешілгенге дейін тоқтата тұру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Сот алқасы әкімшілік іс материалдарын зерттеп, кассациялық шағым уәждерін талқылап, келесі қорытындыға келеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдағанда даулы болып отырған атқарушылық өндіріс бойынша жеке кәсіпкер М[...] борышкер болып табылмағандықтан, оған қатысты мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға негіз жоқ деген тұжырымға келген.

Сот алқасы жергілікті соттардың талап қоюшы М[...] талап арызын толық қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымы ӘРПК-нің 8- бабына, яғни әділдік қағидатына сай келеді деп санайды. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 126-бабының 3- тармағына сай сот орындаушысы өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қысым жасалуына жол бермеуге міндетті. Іс құжаттарынан анықталғандай, ЖСО Қ[...] өндірісіне өндіріп алушы «Байқоңыр (Байконур) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының пайдасына борышкер «АК[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 406 301 291 теңге берешекті өндіру туралы атқару парағы қабылданып, атқарушылық іс қозғалғалған.

Атқарушылық істі жүргізу барысында сот орындаушысы Қ[...] 2023 жылғы 23 наурызда өндіріп алуды ЖК М[...] Серіктестік алдындағы 7 414 050 теңге дебиторлық берешегіне қолдану жөнінде қаулы қабылдаған.

Соттармен істі қарау барысында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде талап қоюшы «АК[...]» ЖШС-ның М[...] келісім шарт негізінде қарызын өндіру туралы және М[...] қарсы талап қою арызы бойынша азаматтық істің қаралып жатқаны анықталған.

Заңның 15-бабына сәйкес атқарушылық iс жүргiзу тараптары - өндiрiп алушы мен борышкер. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады.

Даулы болып отырған атқарушылық өндіріс бойынша М[...] борышкер емес, сондықтан оған қатысты мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға негіз жоқ. Ол атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi тұлға болып табылмайды.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.

Сондықтан М[...] мүлкінен, мүліктік құқықтарынан оның еркінен тыс, сот шешімінсіз өндіру жүргізу заң талаптарына қайшы келеді. Кассациялық шағымның тараптар арасындағы азаматтық тәртіппен қаралып жатқан дау шешілгенге дейін тоқтата тұру туралы уәжіне апелляциялық сатыдағы сотпен тиісті құқықтық баға берілген.

Істің мұндай тұрғысында төменгі сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған.

Жауапкер өкілінің кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдамасымен келіспеуі, сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.

Сондықтан, сот алқасы іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімі, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Жауапкер өкілі А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Г.Б. Дуйсенбаев

Судьялар

Ғ.Ө. Әлжанов

Г.К. Нұрбаев

Көшірмесі дұрыс. Судья

Г.Б. Дуйсенбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.