Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 10.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/3597 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 10 желтоқсан №6003-25-00-2к/3597 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев,

судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

прокурор А.Камашев, талап қоюшының өкілі Ж.Құдайбергенов, жауапкер Н.Байзахова, оның өкілі Д.Хаипованың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімінің жауапкер Нуржамал Ташимовна Байзаховаға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тоқтату және коммуналдық меншік құқығын тану туралы талап қоюымен қабылданған Жамбыл облысы Сарысу аудандық сотының 2025 жылғы 22 сәуірдегі шешіміне және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысына жауапкердің кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Сарысу ауданының әкімі сотқа жоғарыда аталған талап қоюымен жүгінген.

Жамбыл облысы Сарысу аудандық сотының 2025 жылғы 22 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2 шағынауданы, №33 үй, 27 пәтерге (бұдан әрі - даулы пәтер) Н.Байзахованың меншік құқығы тоқтатылып, жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығы деп танылған.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер кассациялық шағымында, жергілікті соттар 2016-2023 жылдар аралығында даулы мүліктің салығы төленгеніне, ері пәтерді күтіп, есік терезелер орнатқанын назарға алмағанын, сот актілерімен іске тартылмаған ері А.Ахметовтың меншік құқығы бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабы 1-тармағының талабына сай Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке

меншік танылады және бірдей қорғалады. Осы баптың 2-бөлігіне сай меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 28-бабы 1-тармағына сәйкес тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 249-бабы 1-бөлігінің талабында меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады деп көрсетілген.

АК-нің 242-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес, меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.

Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді. Бұл ретте, егер иесіз зат халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектісі болып табылса, Қазақстан Республикасының заңдарында сот бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп танығанға дейін оны уақытша пайдалану көзделуі мүмкін.

Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнеді.

Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

Осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін азаматтардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және коммуналдық меншікке берілмейді.

Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайта алуға құқылы.

2006 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» №3 нормативтік қаулысының 6- тармағының талабы бойынша меншік құқығын сақтау ниетін дәлелдейтін әрекет жасалмаған меншік иесі тастап кеткен тұрғын үй тасталған (немесе қалдырып кеткен) тұрғын үй деп аталады. Мұндай тұрғын үйлерге меншік иесімен қараусыз қалдырылған, үйді ұстау жөніндегі және тағы да басқа міндеттерін орындамай тасталған бос тұрған үйлер жатады. Тұрғын үйді жою (бұзу) жағдайлары сот шешімі бойынша тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатуға жеке негіз болып табылады.

Даулы пәтер 1994 жылғы 19 мамырдағы сатып алу-сату шарты негізінде жауапкерге тиесілі.

2024 жылғы 22 тамыздағы Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының коммуналдық бөлімшесінің мамандарымен, Сарысу аудандық қоғамдық кеңестің төрағасының, Жаңатас қалалық ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасының қатысуларымен Жаңатас қаласындағы 2 шағынауданы, №33 үйге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, акт жасалған. Зерделеу барысында 2 шағынауданы, №33 көпқабатты тұрғын үйдің: есік-терезелері жоқ; кіре берістің кейбір қабаттарында блоктары сынып түсіп қалған жерлері бар екені; баспалдақтарындағы адамға тіреу болатын темірлері, барлық кіре берістердің сыртқы есіктері жоқ екені; үйдің инфрақұрылымы толықтай (жылу құбырлары, ауыз су, шайынды су құбырлары, электр кабельдері) жоқ екені; жертөлесінде құбырлары жоқ екені; кіре берістердің алдындағы төсенділер жарамай қалғаны, кіре берістің баспалдақтарының кей жерлері жарамсыз болып қалғаны; үйдің шатырында ойылып құлаған плиталары бар екені; 15 пәтердің қылтима бөлмелерінің қоршау плиталары жоқ екені; қаңғыбас ит пен мысықтар көп шоғырланғаны; жақын маңайдағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына, балаларына қауіп төндіруі мүмкін екені; үйсіз-күйсіз жүрген азаматтар мен алкогольдік ішімдік ішкен адамдар аталған үйді паналап жүретіні; үйдің айналасы қоқысқа толғаны; үйдің қазіргі жағдайы адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп тұрғаны анықталған.

2000 жылдардан бастап Жаңатас қаласы, 2 шағынауданы, №33 көпқабатты тұрғын үй бұзылып, бос тұрғандықтан орталық жылу беру, сумен қамтамасыз етуден ағытылған, үйдегі пәтер иелерінің көшіп кетіп, үйлер қараусыз бос тұрғандықтан электр жүйесі желісінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ажыратылған.

Жауапкер 2000 жылдан бастап даулы пәтерде тұрмайды, өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті тастап көшіп кеткен. Сондай-ақ, осы көп қабатты №33 үй ғимараты су және жылу жүйелерінен, электр желісінен толық ажыратылған. Ұзақ уақыт бойы пәтер иесі тұрғын үйіне, оған тиесілі аумаққа, үйді ұстау

бойынша жалпы шығындарға қатыспаған, өрт қауіпсіздігі және санитарлық талаптар сақталмаған, яғни қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын жағдайда. Тұрғын үйге қатысты жылжымайтын мүлік иесімен тиісті түрде меншік құқықтарын жүзеге асырмауы салдарынан есік-терезелері алынып, шатыры, қабырғалары мен баспалдақтары ішінара құлаған. Ғимараттың жертөлесі мен ішіне қаңғыбас ит пен мысықтар көптеп шоғырланады, ғимараттың айналасына әртүрлі коммуналдық қалдықтар тасталып, күл-қоқыспен ластанған. Үйсіз-күйсіз жүрген адамдар мен алкогольдік ішімдік ішетін азаматтар сол үйдің маңайында жиналып, ішімдіктер ішеді. Жалпы тұрғын үй-жай, пәтер ретінде қасиетінен айырылып, тұруға жарамсыз (қиранды, бұзылған) болып қалған.

Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің аналитикалық анықтамасына сай, Жаңатас қаласы, 2 шағынауданы, №33 көпқабатты тұрғын үй 1980 жылы қолданысқа берілгені, 1998-2000 жылдары барлық пәтер иелері басқа жаққа қоныс аударып, пәтерлерін қараусыз қалдырып, тастап кеткені, бүгінгі күнге дейін 25 жыл бос тұрғаны, пәтерлердің ішіндегі барлық инфрақұрылым, жылу, ауыз су құбырлары, электр желілері талан-таражға түсіп, орындары бос қалғаны, тұрғындар аталған үйден көшу барысында есік, терезелерін толықтай алып кеткен.

Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2024 жылғы 15 тамыздағы қорытындысына сәйкес Жаңатас қаласы, 2 шағынауданы, №33 үйге қатысты «АДС Эксперт» ЖШС тарапынан жүргізілген техникалық тексерістің қорытындысына сәйкес, тұрғын үй қалпына келтірілуге жатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» шеңберінде Жаңатас, Қаратау, Кентау қалаларын дамыту, келбетін ретке келтіру, абаттандыру, қайта жаңғырту бағдарламасын жүргізу мақсатында Жаңатас қаласы, 2 шағынауданы, №33 көпқабатты тұрғын үйді коммуналдық меншікке алып, оны күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру мақсатында аудан әкімі сотқа талап қоюмен жүгінген.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 4-бабына сәйкес пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану, яғни, пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану олардың қирауына немесе бүлінуіне алып келмеуге, басқа пәтерлер, тұрғын емес үйжайлар меншік иелерінің тұру (болу) жағдайларын бұзбауға және құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келуге тиіс.

Жылжымайтын мүліктің меншік иелері даулы пәтерлерде 1998-2000 жылдар аралығынан бастап осы уақытқа дейін нақтылы иеленіп және есепте тұрмаған, жай-күйімен айналыспаған, осы пәтерлерге өздерінің меншік құқықтарын қорғауға қатысты ешқандай тиісті заңды тәсілдермен әрекеттер жасамаған. Тұрғын үйді күтіп ұстауға қатысты коммуналдық төлемдер төленбеген. Жауапкер жылжымайтын мүлкіне қатысты жер және мүлік салықтарын төлемеген. Бұл олардың мүлікті иелену, пайдалану және билік ету

әрекеттерін жылжымайтын мүліктердің бүгінгі күндегі жай-күйі, мүлікке қатысты қандайда бір әрекеттер жасамағанын білдіреді.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабы 24), 28)-тармақшаларының талабына сай пәтер – көппәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылатын, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғынжай; ал тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме) туралы ұғымдар берілген.

Даулы жылжымайтын мүлік иелері оны иелену, пайдалану немесе билік етуге қатысты тиісті әрекеттер жасамаған. Жылжымайтын мүліктің есік, терезелері жоқ, шатыр жабындысы құлаған, іші, сырты және жертөлесі қоқысқа толы, санитарлық жағдайы нашар, қоршаған орта мен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті күйде.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Сарысу ауданы бөлімінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы шығыс №03-08-61-08/016 хатына сай даулы пәтер 2014 жылдан бастап иесіз мүлік ретінде есепке алынған. Көрсетілген уақыттан бастап даулы пәтердің иелері есептен алып тастап, мүлікке иелік ету әрекеттерін жасамаған.

Бірінші сатыдағы сот іс бойынша анықталған барлық мән-жайларға даулы пәтер көп-жылдан бері үй иесімен қараусыз қалғанын, мүлікті қорғауға немесе сақтауға ешқандай шара қолданылмағанын, даулы пәтерде тұру адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін негізге алып, талап қоюды қанағаттандырған.

Апелляциялық сатыдағы сот шешімімен келіскен.

Апелляциялық сатыдағы сот жауапкер Н.Байзахованың ері А.Ахметовты үшінші тұлға ретінде іске тартып, оның да уәждерін тыңдаған.

Жауапкер немесе үшінші тұлға жергілікті атқарушы орган сотқа осы іс бойынша талап қоюмен жүгінгенге дейін, өзіне тиесілі пәтерді иесі жоқ зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасап, өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайтармаған. Талап қоюшы сотқа талап қою бергенге дейін даулы пәтердің есік терезелері орнатылмаған, пәтер мүлдем қараусыз болған. Даулы пәтер иесіз ретінде есепке 2014 жылы алындықтан жауапкердің 2016-2023 жылдары салық төлегені пәтерге иелік еткеннің жеткілікті дәлелі болып саналмайды. Себебі, жауапкер тарапының даулы пәтерге иелік етуі қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Бұл ретте, пәтер иесіз болғаны қоғамдық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Кассациялық шағымдағы уәждер жергілікті соттардың қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, жергілікті соттардың сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Жамбыл облысы Сарысу аудандық сотының 2025 жылғы 22 сәуірдегі шешімі және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Г.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.