Аудармашымен қамтамасыз ету туралы № 6кг-19-2024 ҚАУЛЫ
2024 жылғы 20 желтоқсан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Ғ.Исамберлиева,
Жамшидбек Равшанович Туламетовке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 328-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
ӘҚБтК-нің 738-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
ӘҚБтК-нің 758-бабының 1-бөлігіне сай әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу кезiнде аударма үшін қажет болатын тiлдердi бiлетiн iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы ретінде тағайындалады.
Осыған байланысты кассациялық сот отырысында қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасау үшін бұл тілдерді меңгерген, іске мүдделі емес адамды аудармашы ретінде қамтамасыз ету қажет. ӘҚБтК-нің 829-10-бабын басшылыққа ала отырып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ETTI :
Жамшидбек Равшанович Туламетовке қатысты әкімшілік істі 2024 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10.00-де өтетін кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау кезінде мемлекеттік тілден орыс тіліне аударманы жүзеге асыру үшін аудармашы тағайындалсын. Осы қаулыны орындау Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігіне жүктелсін.
Судья Г.Исамберлиева
Көшірмесі дұрыс
Судья Г.Исамберлиева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.