ВС РК - Постановление от 20.05.2021 по делу 6001-21-00-6кп/28 (Об административном правонарушении)

6кп-28-21

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 20 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья А.Д. Рахметулин,

судьялар Г.Ж. Әлмағамбетова, Ж.Б. Ермағамбетова,

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Департаменті бөлімінің прокуроры Т[...],

жəбірленуші Ш[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан əрі - ӘҚБтК) 610-бабының 1- бөлігі бойынша Г[...] қатысты,

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2020 жылғы 30 қазандағы жəне Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 25 қарашадағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқа төрағасының міндетін атқарушысының ұсынуы бойынша келіп түскен əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі кассациялық тəртіппен қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2020 жылғы 30 қазандағы қаулысымен Г[...] ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінəлі деп танылып, оған 55 560 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалған.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 25 қарашадағы қаулысымен аталған сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқа төрағасының міндетін атқарушысының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде жəне қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тəртіппен іс бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарауды көрсетілген.

Ұсынуды қолдаған прокурордың, қарсы болған жəбірленушінің пікірлерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, ұсынудың уəждерін талқылап, мамандандырылған сот алқасы келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 840-бабының 1) тармағына сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы сот қаулысының күшін жоюға не оны өзгертуге мыналар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мəнжайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дəлелдемелерге сəйкес келмеуi негіздер болып табылады.

Іс бойынша сот қаулыларының күшін жоюға көрсетілген негіздер анықталды. Әкімшілік іс бойынша 2020 жылғы 7 қыркүйекте Г[...] «Лада 21703» көлік құралымен тас жолында Ш[...] бір бас түйесін қаққаны анықталған. Осы факт негізінде оған қатысты ӘКБтКнің 610-бабының 1-бөлігімен əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа қарау үшін жолданған.

Жергілікті соттар Г[...] əкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережесінің (бұдан əрі - Ереже) 10-бөлімінің 1-тармағын бұзғанын көрсеткен.

Ол жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда жүріс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін жəне жай-күйін, жүру бағытындағы көрінуге қатысты жол жəне метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жүргізуді міндеттейді. Жылдамдық жүргізушіге қағидалардың талаптарын орындау үшін көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді.

Жүруге жүргізуші анықтай алатындай кедергі жəне (немесе) қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолданады деген.

Алайда жергілікті соттардың тұжырымдары негізсіз жəне заңға қайшы болып табылады.

Жол-көлік оқиғасының сызбасына сəйкес көлік пен малдың соқтығысқан жері Г[...] көлік құралының қозғалысы жолағында тас жолда болған.

Г[...] түсініктемесінде кешкі мезгіл уақытында, 30 шақырым сағат жылдамдықпен жүргізіп келе жатқанда, түйе өзінің автокөлігінің жүргізуші жақ алдынғы бөлігіне секіріп, автокөлігінің төбесін майыстырғанын, өзіні жедел-жəрдем автокөлігі ауруханаға алып кеткенің көрсеткен.

Ереженің 10.3-тармағының 1) тармақшасына сəйкес жеңіл автокөліктерге елді мекендерден тыс жерде автомагистральдарда 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ сағатына 140 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 110 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 100 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Осылайша Ережемен бекітілген жылдамдықтың режимін Г[...] бұзғанды анықтайтын дəлелдемелер іске тіркелмеген.

Ереженің 24-бөлімінің 9-10-тармақтарына сəйкес малдарды, əдетте, тəуліктің жарық уақытында айдап өту керек. Мал айдаушылар малдарды мүмкіндігінше жолдың оң жақ шетіне жақын бағыттауға тиіс.

Тəуліктің қараңғы уақытында жəне жеткіліксіз көріну жағдайларында бір топ малды жол бойымен немесе ол арқылы айдаған кезде мал айдаушылар жолда малдың бар екенін ескерту үшін жүргізушілерге сигнал береді жəне шырақпен немесе фонарьмен қолды шеңбер жасап қозғау сигнал болып табылады, бұл ретте сигнал беруші бір топ мал жақындап келе жатқан көлік құралдары жағынан онон бес метр арақашықтықта болады.

Сонымен бірге Ереженің 24-бөлімінің 12-тармағымен жүк артылған, жегілген жəне мініс малдарының жəне малдардың иелеріне: 1) малдың жабыны қатты жолдарға шығып кетуі мүмкін жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға; 2) малдарды теміржолдар арқылы жəне арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тəуліктің қараңғы уақытында жəне жеткіліксіз көріну жағдайларында (əртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа) айдап өтуге;

  1. өзге жолдар болған кезде малдарды жабын асфальт жəне цемент-бетон жолдармен жетектеп жүруге жол берілмейді.

«Соттардың Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолданудың кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 06 қазандағы №7 нормативтік қаулысының 26тармағына сəйкес егер жол-көлік оқиғасы кезінде мал мен үй жануарлары шығыны 1.24 «Мал өткізу» туралы ескерту жол белгілері қойылған аумақтардан тыс жерде орын алған болса, жылдамдық режимін немесе Жол жүрісі қағидаларының басқа да ережелерін бұзу болмаған жағдайда көлік құралын жүргізуші ӘҚБтК-нің 610-бабының 1- бөлігі бойынша əкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. Мұндай жағдайларда жол-көлік оқиғасының негізгі себебі мал иесінің жануарларды бақылауға қатысты Жол жүрісі қағидаларының 24бөлімінің 12-тармағының 1) тармақшасы бойынша өзіне жүктелетін міндеттемелерді орындамағандығы болып табылады, бұл мəнжайларға қарай ӘҚБтК-нің 615-бабының 2-бөлігі немесе 633-бабының 2-бөлігі бойынша жауаптылыққа алып келеді.

Істi қарау барысында жол-көлік оқиға орын алған кезде мал иесі тарапынан жоғарыда аталған Ережелердің орындалмағаны анықталған, себебі түйе бақылаусыз тас жолда жүргеніне, «Мал өткізу» жол белгісінің болмағанына, Г[...] жылдамдық режимін бұзбағанына соттар осы мəн-жайларға дұрыс баға бермей, заңсыз қаулыларды қабылдаған.

Сонымен бірге іс бойынша дəлелдеме ретінде жол-көлік оқиғасының сызбасы табылған. Бірақ ол жол берілмейтін дəлелдеме деп танылады. Себебі сызбаны дайындаған полиция қызметкерінің, Г[...] жəне куəгердің қолдары сызбада қойылмаған.Сондықтан осы дəлелдеме кінəсін бекітетін деп болмайды. Мұндай жағдайда, ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген негіздер бойынша жергілікті соттардың қабылданған қаулыларының күші жойылуға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 840-бабының 1) тармағын, 851-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы,

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша Г[...] қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2020 жылғы 30 қазандағы жəне Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 25 қарашадағы қаулыларының күші жойылсын, əкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылсын.

ӘҚБтК-нің 864-бабы бойынша əкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылған үшін Г[...] келтірген залалды өтеу құқығы танылсын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқа төрағасының міндетін атқарушысының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші А. Рахметулин

Г. Әлмағамбетова

Судьялар

Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.