Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 16.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/4653 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/4653

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 16 сәуір Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья Г.Б. Бастаубаев, судьялар Н.О.Косанов, М.Т. Кадырова, прокурор А. Камашевтың,

талап қоюшының өкілі А.М. Калиакпаровтың,

жауапкердің өкілдері Г.В. Кургановтың, Л.К. Нурмуханованың, Д.М.Мустафинаның, Р.Ж. Суюндиковтың,

аудармашы Ж.А. Асанованың қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, «ОКС-Тельмана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін жалдау және бірлескен қызмет туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматық істі жауапкердің «ОКС-Тельмана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 15 шілдедегі шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 15 шілдедегі шешімінің және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы қаулысының күші жойылып, жана шешім шығарылсын.

Талап қоюшы «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы, «ОКС-Тельмана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін жалдау және бірлескен қызмет туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

«Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінен жауапкер «ОКС-Тельмана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына сот шығындары 3932 (үш мын тоғыз жүз отыз екі) теңге өндірілсін.

Жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Г.Б. Бастаубаев

Төрағалық етуші

Судьялар Н.О. Косанов

М.Т. Кадырова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.