Қ А У Л Ы
2025 жылғы 12 қараша №6003-25-00-2к/2239 Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев,
судьялар А.А.Бақытжанова, Ч.И. Майшибаев,
талап қоюшының өкілі А.Абилхаирова,
жауапкер М.А.Киргызалиевтің өкілі А.Ж.Рысбекова,
жауапкер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өкілі Д.А.Аблайханов, жауапкер жеке нотариус Ж.Б.Айдосованың өкілі А.К.Мырзағалиева, бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Рысалиева Гүлзейнет Мырзанқызының жауапкерлер «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына, жеке кәсіпкер «Киргызалиев» - Киргызалиев Максат Абдикалыковичке, Шымкент қаласының жеке нотариусы Айдосова Жансая Бауыржанқызына берген, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға Өскенов Нұрлан Әскерұлы, кепілдік шартын және кепіл шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 мамырдағы қаулысына талап қоюшының өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-нің 451-бабы 2 бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа алып, сот,
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 мамырдағы қаулысының күші жойылсын.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 ақпандағы шешімі күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Талап қоюшы Рысалиева Гүлзейнет Мырзанқызының пайдасына жауапкерлер «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамынан, Киргызалиев Максат Абдикалыковичтан, жеке нотариус Айдосова Жансая Бауыржанқызынан үлестік тәртіппен, әрқайсысынан 655 (алты жүз елу бес) теңгеден өндірілсін.
Талап қоюшы Рысалиева Гүлзейнет Мырзанқызының пайдасына мемлекеттік бюджеттен артық төленген 68 226 (алпыс сегіз мың екі жүз жиырма алты) теңге баж алымы қайтарылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар А.Бақытжанова Ч.Майшибаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.