КСАД РК - Определение от 21.01.2026 по делу 6003-25-00-4к/467 (Административное)

ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 21 қаңтар №6003-25-00-4к/467 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – судья М.А.Қасымов,

судьялар – Г.М.Ыдырысова, Ә.Ж.Назарова

іске қатысатын адамдарды шақырмастан талап қоюшы «Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы 26 қаңтардағы нұсқаманы заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысындағы қате жазуларды түзету туралы арызды қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы шешімі, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылған.

2025 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің Кассациялық соттарда және Жоғарғы Сотта прокурорлардың қатысуын қамтамасыз ету басқармасының аға прокуроры Б.И.Саттыбаев кассациялық соттың қаулысындағы қате жазуларды түзету туралы арызбен жүгініп, прокурордың қатысуы туралы мәліметті қосуды сұраған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер ӘРПК-де өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) ережелері қолданылады.

АПК-нің 452-бабына сәйкес, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы АПК-де апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Кассациялық сатыдағы сот АПК-нің 235 және 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады, ал АПК-нің 236-бабында көзделген жағдайда және тәртіппен қосымша қаулы шығарылады. АПК-нің 235-бабының екінші бөлігіне сай, сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзете алады.

Іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес, 2025 жылғы 24 қыркүйектегі сот отырысына талап қоюшының өкілі С.А. Амирбековтың, жауапкердің өкілі Ж.А.Нурпейсова мен Л.А.Алишеваның, мүдделі тұлғаның өкілі Л.Е.Айтқұлова, А.И.Джолшибеков, А.Е.Ажировтың, прокурор Б.И.Саттыбаевтың қатысуыларымен өткендігі анықталды.

АПК-нің 235-бабының 2 бөлігінде сот шешiмде жiберiлген қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша түзете алатыны көзделген.

Осы нормаларға сәйкес кассациялық сатыдағы сот қаулысында жіберілген қате жазу түзетілуге жатады, қаулының кіріспе бөлігінде сот құрамынан кейін «прокурор Б.И.Саттыбаевтың қатысуымен» деп көрсетілуге жатады.

ӘРПК-ның 169-бабын, АПК-нің 452-бабының екінші бөлігін, 435бабының екінші бөлігін басшылыққа ала отырып, кассациялық сот

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысындағы қате жазуларды түзету туралы арызы қанағаттандырылсын, қаулының кіріспе бөлігінде «прокурор Б.И.Саттыбаевтың қатысуымен» деп көрсетілсін.

Төрағалық етуші

М.Қасымов

Судьялар

Г.Ыдырысова

Ә.Назарова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.