ҚАУЛЫ
2025 жылғы 17 желтоқсан 6003-25-00-4к/2131 (2) Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші – Д.Ә.Әбдіғалиев,
судьялар – Г.М.Ыдырысова, М.А.Қасымов болып,
жауапкер өкілі Н.Қамидоллаұлы, мүдделі тұлға «Точка контроля приема сигнала-Казахстан» (бұдан әрі - ЖШС) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Б.Б.Романкуловтың қатысуыларымен
ашық сот отырысында талап қоюшы «Жер-Шары» ЖШС-нің жауапкер «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2025 жылғы 6 ақпандағы №14130891 санды хаттаманың күшін жою, 2025 жылғы 28 қаңтардағы №14022444 санды хаттамасының қорытындысын күшінде қалдыру, 2025 жылғы 19 ақпандағы №14283448 хаттама қорытындысы бойынша жасалған келісім шартты заңсыз деп тану, конкурс нәтижесін қайта қарауды міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 шілдедегі қаулысына жауапкер «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Әкім аппараты) және мүдделі тұлға «Точка контроля приема сигнала-Казахстан» ЖШС-нің өкілінің берген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап, АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі- МАӘС) 2025 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттындырудан бас тартылған. Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылдың 15 мамырдағы ұйғарымымен МАӘС-ның шешімінің күші жойылып, әкімшілік іс бірінші саты сотының ережесімен жаңадан қарау үшін апелляциялық саты сотының өндірісіне қабылданған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен талап қою қанағаттандырылып, 2025 жылғы 28 қаңтардағы №13599059-ОК1 санды қорытындылар туралы хаттамасы күшінде қалдырылып, 2025 жылғы 6 ақпандағы №13599059-ОК1 және 2025 жылғы 19 ақпандағы №13982220-ОК1 санды қорытындылар туралы хаттамалары жарамсыз деп танылып, күштері жойылған. Әкім аппараты мен «Точка контроля приема сигнала-Казахстан» ЖШС-нің арасындағы 2025 жылғы 28 ақпандағы №65-25 құрылыспен байланысты емес жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы шарты жарамсыз деп танылған.
Сот шығындары мәселесі шешілген.
Жауапкер және мүдделі тұлға өкілдері өздерінің кассациялық шағымдарында апелляциялық сот алқасының қаулысымен келіспейтіндерін, бірінші саты сотының шешімін күшінде қалдыруды сұраған. Талап қоюшыдан Астана қаласына бара алмауына байланысты бейнеконференцбайланыс режимінде сот отырысына қосылу туралы өтініш келіп түсті. Алайда, бұл өтініш қанағаттандыруға жатпайды, себебі сот отырысы Қазақстан Республикасы әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының ғимаратында міндетті түрде жеке қатысу арқылы өткізуге тағайындалған, бұл туралы іске қатысушы барлық тұлғалар алдын ала хабарланған. Аталған мән-жай кассациялық сатыдағы сотта сот отырысын өткізу форматын өзгертуге негіз болып табылмайды.
Апелляциялық сатыдағы сотта қатысқан өзге тұлғалар сот отырысының күні, уақыты және форматы туралы тиісті түрде хабардар етілгеніне қарамастан, сотқа келмеген және келмеу себептері туралы сотқа мәлімет бермеген.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот кассациялық шағымның уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерттеп, ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Апелляциялық саты сотымен мұндай кемшіліктерге жол берілген.
Іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес, тапсырыс беруші және ұйымдастырушы Әкім аппаратымен жалпы сомасы 38 246 089 теңгені құрайтын Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының азаматтық қорғаудың сөйлеу құлақтандыру жүйесін қосымша жарықтандыруға конкурс жарияланған.
2025 жылғы 28 қаңтардағы №13599059-ОК1 қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес «Жер-Шары» ЖШС жеңімпаз болып айқындалған. Алайда, қонкурс қорытындысымен келіспей 2025 жылғы 31 қаңтарда қатысушы «Точка контроля приема сигнала – Казахстан» ЖШС шағым келтірген.
2025 жылғы 6 ақпандағы №13599059-ОК1 санды қорытындылар туралы хаттамасымен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылды.
2025 жылғы 12 ақпанда конкурс қайта жарияланып, «Точка контроля приема сигнала – Казахстан» ЖШС-гі, «КазПроект НС 2030» ЖШС-гі, «GazAli» ЖШС-гі өтінімдерін берген. «Gaz-Ali» ЖШС-де жабдықты өндірушімен қарым-қатынасты (серіктестікті) растайтын құжат болмағандықтан конкурсқа жіберілмеген.
2025 жылғы 19 ақпандағы №13982220-ОК1 санды қорытындылар туралы хаттамасымен «Точка контроля приема сигнала – Казахстан» ЖШС жеңімпаз болып айқындалған.
Тапсырыс беруші мен «Точка контроля приема сигнала – Казахстан» ЖШС арасында 2025 жылғы 28 ақпандағы №65-25 құрылыспен байланысты емес жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған.
Талап қоюшы бұл конкурстың қорытындыларымен келіспей, талап қоюмен сотқа жүгінген. Онда, техникалық сипаттаманың 6.1. тармағында әлеуетті өнім беруші жабдықты өндірушімен қарым-қатынасты (серіктестікті) растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті, ол өндірушіге кепілдікті қолдау және авторизация туралы куәландыратынын. Мемлекеттік сатып алуда электрондық порталының қойылатын талаптар 7 қосымшада көрсетілуі тиіс екенін, бірақ осы хабарландыруда 7 қосымшасында ешқандай жоғарыда көрсетілген талапты міндеттемегенін, сонымен қатар конкурска қатысқан барлық әлеуетті жеткізушілер жабдықты өндірушімен қарым-қатынасты (серіктестікті) растайтын құжаттарды ұсынбағандығына қарамастан комиссия мүшелері үш қатысушысында конкурсқа жібергенін көрсетіп, талап қоюды
қанағаттандыруды сұраған.
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 11) тармақшасына сәйкес, конкурстық құжаттама – конкурсқа қатысуға арналған өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге ұсынылатын құжаттама, онда конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қойылатын талаптар, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары мен тәртібі қамтылады.
Заңның 12-бабының 6-тармағына сай, өнім берушіні таңдау біліктілік талаптарына сәйкес, конкурстық құжаттама, аукциондық құжаттама талаптарына, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарға сәйкестігі, веб-портал мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің деректері мен мәліметтері негізінде қалыптастыратын әлеуетті өнім берушілер рейтингі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші ұсынған баға негізінде жүзеге асырылады. Әлеуетті өнім берушіні анықтау тәртібі, сондай-ақ көрсетілген талаптарына сәйкес келеді не сәйкес келмейді деп тану негіздері мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) 212-тармағының 2-тармақшасына сай, әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылмайды) конкурсқа жіберілмейді егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса: техникалық ерекшелікті ұсынбауы, әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы, сондай-ақ техникалық ерекшелікте талап етілетін құжаттарды ұсынбаса.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен байланысты емес сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктің 6.1. тармағына сай, әлеуетті өнім беруші жабдықты өндірушімен қарым-қатынасты (серіктестікті) растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті, ол өндірушіге кепілдікті қолдау және авторизация туралы куәландырады (нотариалды куәландырылған көшірме).
Апелляциялық сот дауды мәні бойынша қарау кезінде, ұйымдастырушы «Точка контроля приема сигнала-Казахстан» ЖШС-тің шағымын қарау нәтижесінде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 592тармағының талаптарына сәйкес көрсетілген, яғни шағымды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімді қабылдамаған деп пайымдаған.
Аталған мән-жай, апелляциялық сот алқасының пікірінше талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын 2025 жылғы 6 және 19 ақпандағы конкурс қорытындылары туралы хаттамаларын заңсыз деп тануға, ал 2025 жылғы 28 қаңтардағы қорытынды хаттаманы күшінде қалдыруға әкеп соғады.
Алайда, кассациялық сот бұл тұжырымдармен келіспейді. Заңның 25-бабына сәйкес, егер тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне веб-портал арқылы шағым жасауға құқылы.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 592-тармағына сәйкес тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес шағым беру мерзімі өткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде шағымды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әкім аппаратының 2025 жылғы 5 ақпандағы шешімінде мүдделі тұлғаның 2025 жылғы 31 қаңтардағы шағымында көрсетілген талап қоюшының конкурсқа қатысуға негізсіз жіберілгені, яғни әлеуетті өнім беруші жабдықты өндірушімен қарым-қатынасты (серіктестікті) растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті, ол өндірушіге кепілдікті қолдау және авторизация туралы куәландыратын құжаттардың ұсынылмағаны туралы уәждер расталған. Осыған байланысты, ұйымдастырушы шағымды негізді деп танып, оны қанағаттандырған.
Көрсетілген мән-жай апелляциялық сатыдағы соттың ұйымдастырушы шағым бойынша шешім қабылдамағаны туралы қорытындыларын жоққа шығарады.
Сонымен бірге, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 590-тармағына сәйкес шағымды мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде шағымдарды қарауға жауапты тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі не лауазымды адамы қарайды.
Аталған жағдайда, шағымда талап қоюшының конкурсқа өтінімінің сәйкессіздігіне қатысты уәждер көрсетілгеніне қарамастан, ұйымдастырушы барлық конкурсқа қатысушылардың тиісті құжаттарды ұсынбаған деген қорытынды жасаған.
Салдарынан, шағымды қарау барысында ұйымдастырушы өтініште көрсетілген уәждердің шегінен шығып кеткен.
Сондай-ақ, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 594тармағына сәйкес тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, конкурстық (аукциондық) комиссия тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының тиісті шешімі қабылданған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде конкурстың (аукционның) қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады.
Жоғарыда аталғанның негізінде, кассациялық сот ұйымдастырушы «Точка контроля приема сигнала-Казахстан» ЖШС-нің шағымының уәждерінің шегінде талап қоюшының конкурсқа қатысу үшін негізсіз жіберілгенін анықтап, бұл ретте конкурс қорытындыларын қайта қарауға тиіс еді, ал талап қоюшы техникалық сипаттамада талап етілген құжаттарды ұсынбауына байланысты конкурсқа қатысуға жіберілмеуі тиіс болған деп тұжырымдайды.
Осыған байланысты, апелляциялық сатыдағы сот 2025 жылғы 6 және 19 ақпандағы конкурс қорытындыларының хаттамаларын заңсыз деп дұрыс танығанымен, даулы құқықтық қатынастарына материалдық құқық нормаларын қате қолдана отырып, 2025 жылғы 28 қаңтардағы қорытынды хаттаманы күшінде қалдыру туралы дұрыс емес шешімге келген.
Сәйкесінше, сот алқасының шағымдалған қаулысы өзгертілуге, қаулының 2025 жылғы 28 қаңтардағы қорытынды хаттаманы күшінде қалдыру бөлігі күші жойылуға, талап қоюдың бұл бөлігі қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдануға жатады. Жауапкердің тапсырысы және ұйымдастыруымен «Сөйлеу құлақтандыру жабдығын қосымша жарықтандыру» мемлекеттік сатып алу туралы конкурс қорытындылары қайта қаралуға жатады.
Қаулының қалған бөлігі күшінде қалдырылуға жатады.
ӘРПК–нің 169-бабының 1-бөлігін, АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Осы іс бойынша Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 шілдедегі қаулысы өзгертілсін.
2025 жылғы 28 қаңтардағы №14022444 хаттамасының қорытындысын күшінде қалдырылсын деп танылған бөлігінің күші жойылып, талаптың бұл бөлігін қанағаттырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдансын.
Жауапкер «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы және ұйымдастыруымен «Сөйлеу құлақтандыру жабдығын қосымша жарықтандыру» мемлекеттік сатып алу туралы конкурс қорытындылары қайта қаралсын.
Қаулының басқа бөлігі күшінде қалдырылсын.
Жауапкер және мүдделі тұлға «ТКПС-Казахстан» ЖШС-нің өкілінің кассациялық шағымдары ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Д .Әбдіғалиев
Судьялар
Г. Ыдырысова М. Қасымов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.