6001-24-00-6ап/1925
ҚАУЛЫ
2025 жылдың 24 қаңтары Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - судья Ғ.Ө.Әлжанов, судьялар - Ж.Б.Ермагамбетова, Б.Т.Нажмиденов болып,
Ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 15 мамырдағы ұйғарымына, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 маусымдағы ұйғарымына келіп түскен кассациялық шағымы бойынша Қазақстан Республикасы П[...] төрағасы Қ[...], депутаттары Е[...], А[...], Б[...], Р[...], С[...], Қ[...], Ұ[...], Н[...], Ж[...], Қ[...], Е[...], Н[...], Е[...], Д[...], И[...], Т[...], Қазақстан Республикасы П[...] төрағасы Ә[...], депутаттары Ә[...], М[...], Түркістан облысының прокуроры Т[...], Түркістан облысының әкімі С[...] талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
А[...] сотқа Қазақстан Республикасы П[...] мәжілісінің төрағасы Қ[...], депутаттары Е[...], А[...], Б[...], Р[...], С[...], Қ[...], Ұ[...], Н[...], Ж[...], Қ[...], Е[...], Н[...], Е[...], Д[...], И[...], Т[...], Қазақстан Республикасы П[...] сенатының төрағасы Ә[...], депутаттары Ә[...], М[...], Түркістан облысының прокуроры Т[...], Түркістан облысының әкімі С[...] өзінің шағымдары қолдарынан өткен лауазымды адамдардың кінәлілік әрекет жасағандықтарын тану, талап қою арызында көрсетілген құжаттарды кінәлілік әрекеттер жасағандықтарының дәлелдемелері ретінде тану, жекелеген құжаттарды А[...] кінәсінің дәлелдемесі ретінде жарамсыз деп тану, тексеру нәтижелері туралы анықтаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою, сондай-ақ, жауапкерлерге жолданған шағымға олардың жауап беруін міндеттеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 15 мамырдағы ұйғарымымен талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындықтан, қайтарылған.
Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 маусымдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылғандығын көрсете отырып, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, істі қайта қарауға қаулы шығаруды сұраған.
Сот талқылауының орны мен уақыты туралы тиісінше хабарланған тараптар сот отырысына келген жоқ.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігінде әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды делінген.
Әкімшілік іс материалдарын зерттеп, шағымның дәлелдемелерін зерделеп, сот алқасы келесі қорытындыға келеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады.
Аталған іс бойынша мұндай негіздер анықталған жоқ.
ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.
Іс материалдарынан Түркістан облысының прокуратурасы «Арнаулы кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде қолданыстағы заңнамалардың сақталуына тексеру жүргізгендігі және оның нәтижесі бойынша анықтама жасағандығы белгілі болды.
Анықтамада заң бұзушылықтарға жол берген колледж директоры А[...], басқа да жауапты қызметкерлердің қатаң жауапкершіліктерін және кейбір лауазымды тұлғалардың өз қызметіне сәйкестігін қарау үшін Түркістан облысының әкімдігіне ұсыну енгізу қажет екендігі көрсетілген.
Анықтамада көрсетілген мән-жайлармен келіспеген талап қоюшы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Түркістан облысының прокуратурасының заңсыз іс-әрекеті туралы арызын жолдаған.
Сонымен қатар, жауапкерлердің де мекенжайына жүргізілген тексеру бойынша шағымын жолдаған.
Сот алқасы дау айтылып отырған жауапкерлердің әрекеті өздігінен талап қоюшыда жария құқықтар мен міндеттер туындатпайтындығын, оған қандай да бір міндеттер жүктемейтіндігін, қандай да бір құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тыйым салмайтындығын, шектемейтіндігін және бас тартқызбайтындығын, сондай-ақ, оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын әрекет (әрекетсіздік) емес екендігін ескереді.
Жергілікті соттар талап қоюды қайтара отырып, тараптар арасында жария-құқықтық қатынастардың жоқ екендігін, жария-құқықтық қатынастар негізінен құқық субъектілерінің біреуінің нормативтікқұқықтық актілерден пайда болатын өзінің үстемдік өкілеттіктерін өзгеге қатысты жүзеге асыруына байланысты құқық субъектілерінің арасында туындайтындығын дұрыс көрсеткен.
Сот бақылауына тек әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтары мен міндеттерін іске асыратын және белгілі бір құқықтық нәтижеге бағытталған әкімшілік органдардың әрекеттері жатады.
Іс бойынша мән-жайлар жергілікті соттармен дұрыс анықталғандықтан, процестік нормалар дұрыс қолданылғандықтан, сот актілерінің күшін жоюға және оларды өзгертуге негіз жоқ. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 15 мамырдағы ұйғарымы, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 маусымдағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Ғ. Әлжанов Судьялар Ж. Ермагамбетова Б. Нажмиденов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.