ВС РК - Постановление от 03.10.2023 по делу 6001-23-00-6ап/1250 (Административное)

6001-23-00-6ап/1250

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 3 қазан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Г.Б.Дуйсенбаев, судьялар – Г.К.Нурбаев, Б.Т.Нажмиденов,

жауапкер С[...] қатысуларымен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында өзінің ашық сот отырысында талап қоюшы Е[...] жауапкер жеке сот орындаушысы С[...] (бұдан әрі – ЖСО, сот орындаушысы) алименттік төлемдерден өндіру бойынша іс-әрекетін заңсыз деп танып, өндірілген 273 568,60 теңге алименттік төлемдерді қайтаруды міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы шешіміне, Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 наурыздағы қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :

Талап қоюшы Е[...] жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылған.

Жеке сот орындаушысы С[...] талап қоюшы Е[...] есеп шотына түскен 273 568,60 теңге алименттік төлемдерді өндіріп алу іс-әрекеттері заңсыз деп танылып, талап қоюшының пайдасына 273 568,60 теңге алименттік төлемдерді қайтару міндеттелген.

Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.

ЖСО С[...] кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған бірінші және апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсете келе, олардың күшін жоюды және іс бойынша жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Сот алқасы сот орындаушысы С[...] кассациялық шағымды қолдаған пікірін тыңдап, іс құжаттарын және шағым уәждерін жанжақты зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Сәтбаев қалалық сотының 24 маусым 2020 жылғы сот бұйрығымен Е[...] пайдасына К[...] 2 маусым 2020 жылы туған баласы Көркемді асырап бағуға барлық табысының ¼ көлемінде алимент өндірілген. Сол соттың 8 қыркүйек 2022 жылғы бұйрығымен Е[...] пайдасына К[...] 18 маусым 2020 жылы туған Санжарды асырап бағуға барлық табысының ¼ көлемінде 6 қыркүйек 2022 жылдан бастап алимент өндіріліп, атқарушылық өндірістер қозғалып, тиісті әрекеттер жасалған.

Сонымен қатар, сот орындаушының өндірісінде 7 тамыз 2022 жылғы атқару жазбасының негізінде «ФФ[...]» ЖШС-нің пайдасына талап қоюшы Е[...] 332 814, 28 тенге көлемінде қарыз өндіру туралы атқарушылық өндіріс қозғалған.

26 қыркүйек 2022 жылғы қаулысымен екінші деңгейдегі банктерден Е[...] есеп шоттарының, ақшалай қаражаттарының бар-жоғы жөніндегі мәліметтерді сұратып, есеп шоттарға тыйым салған.

Аталған қаулының негізінде Е[...] екі баласына өндірілген алимент төлемдерін, яғни 273 568,60 теңгені «ФФ[...]» ЖШС-нің пайдасына аударып, Қазақстан Республикасы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" «ЗӘЗ1Б91ТСАӨАТАҚӘМБСЖЖКТБАААӨБНАТЖКЖТБҚНКООБССЖЗББ3ЖККЖӘЕБКБМЖАОБЯТҚАҚНҮТАӨАФ[...]»» ЖШС-нің пайдасына алименттік төлемдерден өндіріп алуға жол берген деген қортындысы дұрыс.

Аталған мән-жайлар жергілікті соттармен толық анықталған.

Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдағанда сот орындаушысы заң бұзушылықтарға жол беріп, атқарушылық іс жүргізу барысында кәмелет жасына толмаған балалары үшін түскен алимент төлемдерін өндіріп алушы «ФФ[...]» ЖШС-нің пайдасына аударып, Е[...] қарызын алименттік төлемдерден өндіруге жол бергі заң талаптарына қайшы келеді деп тұжырым жасаған.

Сот алқасы жергілікті соттардың талап қоюшы Е[...] талап арызын толық қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымы ӘРПК-нің 8-бабына, яғни әділдік қағидатына сай келеді деп санайды.

Сонымен қатар, Заңның 126-бабының 3-тармағына сай, сот орындаушысы өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қысым жасалуына жол бермеуге міндетті екенін ескерген жөн.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Сот алқасы, іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, дауланып отырған сот актілері күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырылусыз қалдырылуға жатады деген тұжырымдайды. ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы шешімі, Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 наурыздағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын.

Жауапкер жеке сот орындаушысы С[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші:

Г. Дуйсенбаев

Г. Нурбаев

Судьялар:

Б. Нажмиденов

Көшірмесі дұрыс. Судья

Г. Дуйсенбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.