ҰЙҒАРЫМ
2025 жылғы 24 қыркүйек №6003-25-00-3к/426 Астана қаласы
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы М.К.С[...],
С[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құжаттарын қарау кезінде,
АНЫҚТАДЫ :
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотының өңдірісіне С[...] қатысты ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулыларын қайта қарау туралы екі адвокаттан екі бөлек өтінішхат түскен. Оларға №6003-25-00-3к/182-3 және №6003-25-00-3к/426 беріліп, бөлек тіркелген.
ҚР ӘҚБтК-нің 829-9 бабының 3-бөлігіне сәйкес - сот іс жүргізуде нақ сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
Сондықтан, сот С[...] қатысты берілген бір әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, бір адамға қатысты екі өтінішхат болуына байланысты олар бір іс жүргізуге біріктіруге жатады деп есептейді. ӘҚБтК-нің 829-9 бабының 3-бөлігін басшылыққа алып, сот
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
С[...] қатысты ӘҚБтК-нің 733-бабы 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулыларын қайта қарау туралы №6003-25-00-3к/182-3 және №6003-25-00-3к/426 өтінішхаттар бір іс жүргізуге біріктірсін. Аталған біріктірілген іс жүргізуге №6003-25-00-3к/426 негізгі нөмірі белгіленсін.
С[...]
Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.