КСАД РК - Постановление от 06.08.2025 по делу 6003-25-00-4к/109 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 6 тамыз 6003-25-00-4к/109 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының құрамында:

төрағалық етуші – судья Е.Б.Төлеев,

судьялар – Р.М.Айнакулова, Н.М.Кабдрахманова

сот ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Ақ жол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер жеке сот орындаушысы Бердибек Кондыбаевич Токбаевқа 2024 жылғы 25 қарашадағы атқару өндірісін қозғау туралы қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою және қызмет ақысын өндіру әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қарашадағы шешіміне, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Талап қоюшы «Ақ жол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) жоғарыда аталған жеке сот орындаушысы Б.К.Токбаевқа (бұдан әрі – сот орындаушысы) талап қоюымен сотқа жүгінген.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Сот орындаушысының 2024 жылғы 25 қарашадағы серіктестікке қатысты атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылған. Сот орындаушысының серіктестіктен қызмет ақы өндіріп алу әрекеті заңсыз деп танылған.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Кассациялық шағымында жауапкер соттар құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Талап қоюшы мен мүдделі тұлға «ЭКО Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кассациялық сотқа өтініш жолдап, істі өздерінің қатысуынсыз қарауды сұрады.

Тиісті түрде хабарланған жауапкердің өкілінің кассациялық саты сотының отырысына келмеуі ӘРПК-нің 115-бабының бірінші бөлігіне сай істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот кассациялық шағымның уәждері мен іс құжаттарын жанжақты зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Соттармен анықталғаны, жеке нотариустың серіктестіктен «ЭКО Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына 7576846 теңге өндіру туралы 2024 жылғы 1 қарашадағы атқарушылық жазбасы негізінде сот орындаушысы 2024 жылғы 25 қарашада атқару өндірісін қозғап, ол жөнінде талап қоюшыға хабарлама жолдап, қарыз сомасы мен өзінің қызмет ақысы үшін 757684,60 теңгені талап еткен.

Сот орындаушысының 2024 жылғы 25, 26 қарашадағы қаулыларымен серіктестікке әрекеттер жасауына, автокөліктерімен жылжымайтын мүліктеріне, банктік шоттарындағы ақшаларына тыйым салынған. Осылайша, 2024 жылғы 27 қарашада «ЭКО Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 7576846 теңге аударылған.

Серіктестік 2024 жылғы 29 қарашада жауапкердің банктік шотына оның қызмет ақысы үшін 757684,60 теңгені аударып, сол күні атқарушылық іс жүргізуді тоқтату жөнінде қаулы қабылданған.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-1 - тармағана сәйкес осы баптың 1- тармағының 4)-тармақшасында көзделген құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін делінген.

Заңның 11-бабы 2-тармағының 5-тармақшасына сай аталған мерзімдер атқару құжаты берiлгеннен кейiнгi күннен бастап есептеледi.

Осы белгіленген мерзiм өтпесе, Заңның 38-бабы 1-тармағының 10тармақшасында сәйкес сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңының 92-6- бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге оның көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.

Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.

Осы Заңның 92-7 бабына сәйкес атқарушылық жазбаның көшірмесін борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.

Соттар анықтағандай, жеке нотариустың 2024 жылғы 1 қарашадағы атқарушылық жазбасы талап қоюшыға танысу үшін 2024 жылғы 5 қарашада жолданған. Талап қоюшының оған қарсылық беру мерзімі 2024 жылғы 19 қарашада аяқталады. Демек, бұл атқарушылық жазбаны 2024 жылғы 27 қарашадан кейін ғана жеке сот орындаушысына орындау үшін жіберуге болатын.

Алайда атқарушылық жазба орындау үшін 2024 жылғы 25 қарашада жолданған және сот орындаушысы Заңмен көзделген мерзімдерді тексермей, сол күні атқарушылық іс жүргізу өндірісін қозғаған.

Мұндай жағдайда жауапкердің атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысын және өзінің қызмет ақысын өндіруін соттар дұрыс заңсыз деп таныған. Жоғарыда келтірілген мән-жайларға байланысты сот орындаушысының атқарушылық жазбасының күшіне ену мерзімдері заңнамада карастырылмағаны, сондықтан заңбұшылық орын алмағаны туралы уәждері негізсіз саналады.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп табады. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандыруға жатпайды.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1)тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қарашадағы шешімі, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші:

Е. Төлеев

Судьялар:

Р. Айнакулова

Н. Кабдрахманова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.