КСАД РК - Постановление от 11.06.2026 по делу 6003-26-00-4к/305 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 11 маусым № 6003-26-00-4к/305 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья Ә.Ж. Назарова, судьялар - М.А. Қасымов, Д.Н. Нұрлыбаева прокурор К[...], талап қоюшының өкілі А[...], жауапкерлердің өкілі Н[...], А[...], Т[...], мүдделі тұлға «ZS[...]» ЖШС-ның өкілі А[...] қатысуымен

ашық сот отырысында «БА[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - ЖШС) «ЖҚҚБ[...]» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Құрылыс бөлімі, ұйымдастырушы), «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «Э[...]» АҚ) мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға міндеттеу туралы талап қоюы бойынша Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 6 қаңтардағы қаулысына мүдделі тұлға «ZS[...]» ЖШС-ның кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

«БА[...]» ЖШС жауапкерлерге жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 20 қарашадағы шешімімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану және күшін жою, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 6 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Конкурс қорытындылары туралы 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №15306746-OK1 хаттама заңсыз деп танылған және күші жойылған.

«ZS[...]» ЖШС мен «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің арасында жасалған құрылысқа байланысты емес жұмыстарды орындауға арналған 2025 жылғы 29

қыркүйектегі №51 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жарамсыз деп танылған.

Кассациялық шағымында «ZS[...]» ЖШС апелляциялық сатыдағы соттың сот актісімен келіспей, іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалмауына және материалдық құқық нормалары бұзылуына байланысты оның күшін жоюды сұрайды.

Мүдделі тұлғалар «PF[...]» ЖШС, «DS[...]» ЖШС, «А[...]» ЖШС, СФ «Ы[...]» ЖШС, «С4[...]» ЖШС, «BSG[...]» ЖШС, «У[...]» ЖШС және «НЖ[...]» ЖШС сот отырысына келген жоқ.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот процеске қатысушылардың түсініктемелерін, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдыру қажет деп санаған прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдары мен шағымның уәждерін зерделеп, мынадай тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс материалдары бойынша Құрылыс департаменті Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Тенге ауылындағы Д.Т[...] 0-1,102 шқ., М[...] 0- 1,226 шқ., Т[...] 0-1,409 шқ., А[...] 0-0,842 шқ., №1 0-2,403 шқ., К[...] 0-0,76 шқ., Ботакөз 0-0,613 шқ., Желтоксан 0-0,619шқ., Т[...] 0-0,797 шқ., Б[...] 0-0,711 шқ. көшелерін орташа жөндеу №15306746-1 ашық конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізген.

Конкурстың тапсырыс берушісі «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Конкурсқа әлеуетті өнім берушілер: «БА[...]» ЖШС, «P[...]»ЖШС, «DS[...]» ЖШС, «А[...]» ЖШС, СФ «Ы[...]» ЖШС, «С4[...]» ЖШС, «BSG[...]» ЖШС, «У[...]» ЖШС, «ZS[...]» ЖШС, «НЖ[...]» ЖШС қатысқан.

2025 жылғы 18 қыркүйекте №15306746-ОК1 конкурс қорытындылары туралы хаттамамен «БА[...]» ЖШС конкурс жеңімпазы болып танылған, ал «А[...]» ЖШС екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ретінде айқындалған (бұдан әрі - 1- хаттама).

«ZS[...]» ЖШС-ның Ұйымдастырушыға сотқа дейінгі тәртіппен берген шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Содан кейін «ZS[...]» ЖШС «Э[...]» АҚ-ға жүгінген.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушілерге демпингтік шектен (5%) төмен баға ұсыныстарын ұсынуға мүмкіндік беретін техникалық қатені анықтаған.

2025 жылғы 25 қыркүйекте аталған кемшілік қорытындылар туралы хаттаманы қайта қалыптастыру арқылы жойылған. Осыған сәйкес «ZS[...]» ЖШС жеңімпаз деп танылған, ал «PF[...]» ЖШС екінші орын алған (бұдан әрі -2 хаттама).

Талап қоюшы конкурс қорытындыларымен келіспей, осы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, «БА[...]» ЖШС демпингтік баға ұсынуына байланысты конкурсқа қатысуға құқығы болмағанына қарамастан, веб-порталдағы техникалық ақаулар салдарынан конкурсқа қатысуға жіберілген деген тұжырымға келген.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде конкурстық комиссия мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылмаған ұйымдастырушының шешімі болмаған жағдайда конкурс нәтижелерін қайтадан қалыптастыру заңсыз болып табылатынын назарға алған.

Соттардың тұжырымдарының іс бойынша анықталған мән-жайларға және қолданылған материалдық әрі процестік құқық нормаларына сәйкестігін тексере отырып, кассациялық сот мынадай мән-жайларды ескереді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 7) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі - веб-портал) - мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол мемлекеттiк сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынады.

Заңның 13-бабына сәйкес әлеуетті өнім беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын шекті мәннен төмен болып табылатын баға демпингтік баға деп танылады.

Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингтік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізген кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, демпингтік бағалар ұсынуға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес демпингтік баға - осы Қағидаларда айқындалатын шекті мәннен төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші ұсынған баға.

Ереженің 85-бабында егер әлеуетті өнім берушінің құрылыс-монтаждау жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан екі пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылатыны белгіленген.

Дауланып отырған мемлекеттік сатып алу бойынша бөлінген қаражат мөлшері (қосылған құн салығын қоспағанда) 637 995 114 теңге болғаны анықталды.

Тиісінше, демпингтік болып танылмайтын шекті баға 5% немесе 606 095 358 теңгені құрайды.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес талап қоюшы «БА[...]» ЖШС 567 815 651 теңге, яғни 11% мөлшеріндегі бағаны ұсынған.

Осылайша, талап қоюшы ұсынған баға демпингтік баға болған, бұл Заңның және Қағидалардың 83-тармағының талаптары сақталмағанын білдіреді.

Кассациялық сот дауланып отырған «Э[...]» АҚ қалыптастырған конкурс қорытындылары туралы 2-хаттаманы, сондай-ақ оның негізінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз деп тану әкімшілік дауды өздігінен түпкілікті шешуге әкеп соқпағанын атап көрсетеді.

Аталған хаттаманың күшін жою салдарынан конкурс нәтижелеріне қатысты құқықтық белгісіздік сақталады, өйткені 1- хаттама формалды түрде әлі де қолданылуын жалғастыруда, осы хаттама бойынша 567 815 651 теңге мөлшеріндегі бағаны ұсынған «БА[...]» ЖШС жеңімпаз деп танылған.

Дегенмен, осы баға ұсынысы мемлекеттік сатып алуға бөлінген сомаға қатысты демпингтік сипатта екені анық белгіленген және ол мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағалануға тиіс еді. Осылайша, 2-хаттаманы және мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз деп танып, сот арқылы қорғауды шектеу жария-құқықтық

қатынастардағы заңдылықты толық қалпына келтіруді қамтамасыз етпейді және барлық жіберілген бұзушылықтарды жоймайды.

ӘРПК-нің 7-бабында бекітілген заңдылық қағидатына сәйкес сот заң талаптарына сай келетін және әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінің құқықтық салдары сақталуын болдырмайтын шешімнің қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.

Әділдік қағидатына (ӘРПК-нің 8-бабы) және мөлшерлестік қағидатына (ӘРПК-нің 10-бабы) сәйкес сот арқылы қорғау әкімшілік рәсімге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің ақылға қонымды балансы сақталуын қамтамасыз етуі тиіс және рәсімдік бұзушылықтардың салдарынан бір конкурс қатысушысына артықшылық берілуіне жол бермеуі қажет.

Сонымен қатар, сенім құқығын қорғау қағидаты мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың конкурс заңда белгіленген тәртіпке сәйкес өткізілетініне және барлық конкурстық өтінімдерді тиісті түрде бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздың объективті айқындалатынына үміт артуға құқылы екенін білдіреді.

Құқықтарды тиімді қорғау қағидатына сәйкес сот бұзушылықты іс жүзінде жоюға және әкімшілік дауды түпкілікті шешуге ықпал ететін қорғау тәсілін таңдауға міндетті.

Мұндай жағдайларда кассациялық сот осы қаулыда атап көрсетілген құқықтық бағалауды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстың қорытындыларын қайта қарау міндетін жүктей отырып, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын өзгерту қажет деп есептейді.

Кассациялық сатыдағы соттың пiкiрiнше, әкiмшiлiк органға конкурс қорытындыларын қайта қарау мiндетін жүктеу мынадай мән-жайларға байланысты мәлiмделген талаптардың шегiнен шығу болып табылмайды.

Конкурс нәтижелерінің, сондай-ақ оны өткізу барысында қабылданған және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей ықпал ететін әкімшілік шешімдердің заңдылығын тексеру осы әкімшілік даудың мәні болған.

Конкурс хаттамасы мен оның негізінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз деп тану анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған. Сонымен қатар, мұндай тану конкурсқа қатысушылардың бұзылған құқықтарын түпкілікті қалпына келтіруге ықпал етпейді және әкімшілік рәсімнің одан әрі қозғалысы туралы мәселені шешпейді.

Конкурс қорытындыларын қайта қарау міндетін жүктеу конкурстық комиссияның өкілеттігін алмастырмайды және конкурс жеңімпазын алдын ала

айқындамайды. Бұл тек уәкілетті органға заңда көзделген рәсімді сот берген құқықтық баға мен заңнама талаптарын сақтай отырып, қайтадан жүзеге асыру міндетін жүктейді.

Демек, көрсетілген міндет даулы әкімшілік актіні заңсыз деп танудың туынды құқықтық салдары болып табылады және сот шешімін нақты орындауға бағытталған.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот ӘРПК-нің 169-бабын, АПКнің 451-бабының екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Осы іс бойынша Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 6 қаңтардағы қаулысы өзгертілсін. Қаулының қарар бөлігі толықтырылсын.

«ЖҚҚБ[...]» мемлекеттік № 15306746-OK1 конкурс қорытындыларын қайта қарау міндеті жүктелсін.

Мүдделі тұлға «ZS[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші:

Ә.Ж. Назарова

Судьялар:

М.А. Қасымов

Д.Н. Нұрлыбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.