6001-22-00-3г/3063
көшірме
2022 жылғы 25 шілде
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Ж.Әлмағамбетова талап қоюшы «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ) жауапкер «S[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – «S[...]» ЖШС, Серіктестік) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы шешімін және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 наурыздағы қаулысын қайта қарау туралы жауапкердің өкілі Б[...] келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,
«Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ сотқа жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен жүгінген.
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы өтінішхатында жергілікті соттардың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің сот шығыстарын өндіріп алудан бас тарту бөлігінде күшін жойып, аталған бөлігінде өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын өндіру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Өтінішхатта келтірілген уәждер және басқа да мән-жайлар сот актісін кассациялық сатыдағы сотқа қайта қарау үшін негіздердің бар екендігін көрсетеді.
Электрондық іс материалдарына сәйкес «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ және «S[...]» ЖШС арасында 2021 жылғы
17 қыркүйектегі № 148/иац-21 жалпы сомасы 6 900 000 теңгеге қызметкерлерге медициналық қызмет ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалған (бұдан әрі – Шарт).
2021 жылғы 25 қазандағы Серіктестіктің жауабына сай республиканың барлық өңірлерінде жауапкердің медициналық орталықтар жүйесінің жоқ екені туралы талап қоюшыға хабардар еткен.
Аталған жауаптың негізінде талап қоюшы сотқа мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талаппен жүгініп, онда жауапкер шарттың техникалық ерекшелігіне сәйкес келмейтінін, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше орындалмағанын көрсеткен.
Бірінші сатыдағы сот талап қою арызын қанағаттандырудан бас тарта отырып, жауапкер қазіргі уақытта талап қоюшының қызметкерлеріне медициналық қызметтерді шарт талаптарына сәйкес көрсететінін, ұсынған тізімге сай барлық қызметкерлер Нұр-Сұлтан қаласында тұратынын, Шарт қол қойғаннан бастап күшіне енгенін және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.
Апелляциялық сатыдағы сот алқасымен істі қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың шешімін заңды және негізді деп таныған.
АПК-нің 449-бабының 2-бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде өтiнiшхаттың шегiнен шығуға және шағым жасалған сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
АПК-нің 109-бабының 1-бөлігіне сай сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі.
Процеске қатысқан жауапкердің өкілі Б[...] АПК-нің 113-бабына сәйкес сот талқылауы барысында және шешім шығарылғанға дейін сот шығындарын төлеуге кеткен шығындарды өтеу туралы өтінішхатпен жүгінген.
«Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ мен Б[...] арасында жасалған заң көмегін көрсету туралы шарттың көшірмесін және екінші деңгейлі банктен төлем жасау туралы төлем тапсырмасын ұсынған.
Заң консультанттар палатасында Б[...] 2017 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.
Заң консультанты жауапкермен еңбек қатынасында болмағанын, төлем жеке кәсіпкер Б[...] ретінде тіркелген екінші деңгейлі банктің есеп айырысу шотына жүргізілгенін, ол төлем тапсырмасымен расталған.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттармен өкілдің шығыстарын өндіру туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы үшін қандай да бір негіздер көрсетілмеген.
Жергілікті соттардың ұйғарымдарында өкілдің шығыстарын өндіруді қанағаттандырудан бас тартқан кезде қолданған заң нормалары көрсетілмеген.
Судья өтінішхатта көрсетілген уәждердің іс үшін маңызы бар екендігін және даулы сот актілерін қайта қарауға негіз болатынын ескере отырып, оны іспен бірге алқа отырысында қарауға беру қажет деп санайды.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы шешімін және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 наурыздағы қаулысын қайта қарау туралы жауапкердің өкілі Б[...] келтірген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іс бойынша қатысқан тұлғаларға жолдансын.
Судья Г.Ж.Әлмағамбетова
Көшірмесі дұрыс
Г.Ж.Әлмағамбетова
Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.