ВС РК - Постановление от 14.12.2022 по делу 6001-22-00-3гп/450 (Гражданское)

№ 6001-22-00-3гп/450

Қ А У Л Ы

2022 жылғы 14 желтоқсан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - алқа төрағасы Н.К. Шәріпов,

судьялар Б.Ж. Тоқтарова, А.Ә. Сапарова,

А.П. Байкенжееваның өкілі - С[...], Т[...] өкілі - С[...], аудармашы Т[...] қатысуымен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] Пайзхановна Байкенжееваның жауапкер Т[...], үшінші тұлға нотариус К[...] алдын ала шарттағы міндеттемелерді, міндеттемені алдын ала шарттағы міндеттемелермен бірге тоқтатылған деп тану, дүкеннен мәжбүрлеп шығару, құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын қайтару туралы талап қоюымен,

талап қоюшы Т[...] жауапкерлер А[...] Пайзхановна Байкенжееваға, нотариус К[...] алдын ала жасалған шарт бойынша сатып алу-сату мәмілесін жарамды деп тану, негізгі сатып алу-сату шартын жасау міндетін жүктеу туралы қарсы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы шешімін, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 шілдедегі қаулысын қайта қарау туралы Т[...] өкілі С[...] келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Б[...] сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгініп, оны жауапкерден қарызға ақша алу үшін оның қойған талаптарына келісіп, алдын ала шартқа және міндеттемеге қол қоюға мәжбүр болғанымен, шын мәнінде алдын ала шарт қарыз ақшаны қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында бүркемелеп жасалған кепіл шарты болып табылатынымен негіздеген.

Т[...] қарсы талап қоюмен жүгініп, онда алдын ала жасалған шарт бойынша сатып алу-сату мәмілесін жарамды деп танып, негізгі сатып алу-сату шартын жасау міндетін жүктеуді сұраған.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы шешімімен А.П.Байкенжееваның талап қоюы қанағаттандырылып, Т[...] жасалған 2018 жылғы 3 қарашадағы алдын ала шарт пен 9 қарашадағы міндеттеме бойынша А.П.Байкенжееваның атынан жазылған міндеттемелер алдын ала шарттағы міндеттемелермен бірге тоқтатылған деп танылған.

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Ж[...] жолы даңғылы, 23/3 ғимарат мекенжайында орналасқан дүкенді Т[...] барлық заттарымен бірге босату міндеті жүктелген.

Даулы дүкеннің және жер учаскесінің құқық белгілейтін құжаттарын

Т[...] А.П.Байкенжееваға қайтару міндеттелген.

Т[...] қарсы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған. Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Ө[...] Т[...] өкілі С[...] жергілікті соттардың қабылдаған сот актілерімен келіспей, тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық және процестік құқық нормаларына қайшы келетінін көрсетіп, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып, А.П. Байкенжееваның талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған .

А.П. Байкенжееваның өкілі - С[...] пікірінде өтінішхаттың негізсіздігіне байланысты оны қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Н[...] Қ[...] пікірінде өтінішхатты қанағаттандыруды және істі оның қатысуынсыз қарауды сұраған.

Т[...] өкілі - С[...] өтінішхатты қолдаған, сот актілерінің күшін жойып, А.П.Байкенжееваның талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды және Т[...] қарсы талап қоюын қанағаттандыру туралы түсініктемелерін, А.П.Байкенжееваның өкілі С[...] қарсылықтарын тыңдап, іс материалдарын зерделеп, өтінішхат және оған келтірілген пікірдің уәждерін талқылап, сот алқасы келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі -АПК) 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Мұндай бұзушылықтар осы іс бойынша орын алған.

Іс материалдарынан көрінгендей, 2018 жылғы 03 қарашада Б[...] және А.В. Т[...] алдын ала шарт жасап, онда Б[...] сатуға, ал Т[...] Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Ж[...] жолы даңғылы, 23/3 ғимарат (бұдан әрі - дүкен) мекенжайында орналасқан дүкенді меншік құқығымен жер учаскесін 10 миллион теңгеге сатып алуға ниеттенген (бұдан әрі - алдын ала шарт).

Жалпы ауданы 403,2 шаршы метр меншік құқығымен жер учаскесі бар дүкен, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы көлемі 0,066 га жер учаскесі А.П. Байкенжееваға сыйға тарту шарты негізінде тиесілі.

Алдын ала шартта тараптар Т[...] осы шартты тіркегеннен кейін 10 миллион теңге төлейтіні, негізгі шарт 2019 жылдың 3 қарашасына дейін жасалуы тиіс екені көрсетілген.

  • Алдын ала шарт нотариуспен куәландырылған және тіркелген,

  • Т[...] барлық соманы төлеген.

  • 2018 жылғы 9 қарашада А.[...]

  • 10 миллион теңге алғаны көрсетілген міндеттемеге қол қойып, 2019 жылдың

  • 1 сәуіріне дейін дүкеннің барлық құқық белгілейтін құжаттарын толық дайындап, тіркеуге, ал алған 10 миллион теңгені қайтармаған жағдайда тиісті құжаттарға қол қойып, жер учаскесімен дүкенді Т[...] сатуға міндеттенген.

    • А.П.Байкенжееваның міндеттемесі нотариалды куәландырылған. А[...] негізгі шартты тараптар жасамаған.
  • Т[...] бұрын, бірнеше жыл бойы жыл сайын жасалған жалға

  • беру шарттары негізінде дүкенді жалға алған, 2018 жылғы 3 қарашадағы шарт жасалғаннан кейін онда жөндеу жұмыстарын жүргізген.

2022 жылғы 17 ақпанда Б[...] талаптарын нақтылауды ескере отырып, жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген, Т[...] қарсы талап қоюын берген. Бірінші сатыдағы сот А.П. Байкенжееваның талап қоюды қанағаттандыруды және Т[...] қарсы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартуын іс жүзінде Б[...] дүкенді сатуға ниеті болмаған, ол Т[...] 10 миллион теңгені қарызға алып, қарызды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында несие берушінің талабы бойынша дүкенге қатысты алдын ала шарт пен міндеттемеге қол қоюға мәжбүр болғанымен уәждеген. Соттың пікірінше, тараптардың негізгі шартты жасамаудағы әрекеттері олардың дүкенді сату туралы мәміле жасасу ниетінің болмағанын көрсетеді. Негізгі шарт алдын ала шартта көзделген мерзім біткенге дейін жасалмағандықтан, ол бойынша міндеттемелер тоқтатылады.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 9 қарашада А.П.Байкенжееваның берген міндеттемесі де тоқтатылған. Ол өз мүлкін бөтеннің заңсыз иелігінен қайтарып алуға және өз құқығының кез келген бұзылуын жоюды талап етуге құқылы.

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіскен.

Сот алқасы соттардың қорытындылары заңға және істің нақты мән-жайына негізделмеген деп есептейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 390-бабының 1-тармағына сәйкес алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi.

Тараптардың арасында жасалған алдын ала шарттың сөзбе-сөз мазмұнынан олардың осы шарт негізінде болашақта жасалатын негізгі шарт бойынша ақшаның барлық бөлігін салу қарастырылғандықтан, мұндай шарт алдын ала жасалған шарт ретінде саралануға жатпайды. Ол АК-нің 406-бабының 1-тармағына сәйкес бастапқыда жасалған негізгі шарт - дүкенді сатып алу-сату шарты ретінде танылуға жатады.

Алдын ала шарт жасасқанға дейін Т[...] жұбайы Т[...] жер учаскесі бар дүкенді сатып алуға нотариалдық куәландырылған келісім берген.

Сонымен қатар, іс бойынша объективті түрде алдын ала шартты тіркегеннен кейін Т[...] дүкеннің құнын толық төлегені анықталған. А.П. Байкенжееваның ақшаны алу фактісі дауланбаған.

Т[...] мүлік құқықты белгілейтін және құқықты куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларымен бірге берілген. Ол дүкенді өз мүлкіндей иеленіп, пайдаланған, оны ұстаудың ауыртпалығын көтерген, онда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. «СКБК[...]» ЖШС-нің қорытындысына сәйкес дүкенде жүргізілген жөндеу жұмыстарының құны 12 751 000 теңгені құрайды. Б[...] дүкендегі жөндеу жұмыстарын жүргізілгенін көрген және білген, бірақ Т[...] осыған қатысты қарсылық білдірмегенін атап өткен жөн.

Бірінші сатыдағы сот А.П.Байкенжееваның міндеттемесі мен алдын ала шартты куәландырған нотариус Қ[...] іске қатысуға тартқан. 2022 жылғы 5 мамырдағы сот отырысының аудио-бейне жазбаларын қарау және тыңдау нотариустың тараптардың дүкенді сатып алу-сату мәмілесін жасау ниетін білдіргенін дәйекті түрде түсіндіргенін көрсетті. А[...] жерді жалға беру шарты мерзімі өтіп кеткендіктен, алдын ала шарт жасалған. Мәміленің қулықпен, іс жүзінде заем шартының жасалғаны туралы сөз болмаған. Алдын ала шарт жасасқан кезде дүкенге салынған ауыртпалықтар мен талаптар болмаған. А[...] 2019 жылдың қараша айында Т[...] оған негізгі шарт жасасу мәселесі бойынша жүгінгенде, ол дүкенге қатысты тыйым салулардың бар екенін анықталған.

Бірінші сатыдағы сот А.П.Байкенжееваның тараптар арасындағы мәміленің қулықпен жасалғанын және іс жүзінде Т[...] оған 10 миллион теңге заем бергенін, сондай-ақ 2018 жылғы 9 қарашадағы міндеттемедегі «ал менің алған 10 миллион теңгені қайтармаған жағдайда...» деген сілтемені назарға алып, негізді деп таныған.

А[...] Байкенжееваның міндеттемесінің шарттарын түсіндіру кезінде алдын ала шарт талаптарының және міндеттеменің өзіне, сондай-ақ тараптардың оларды орындау кезінде жасаған кейінгі әрекеттерінің жиынтығына сүйену қажет.

Осылайша, шартқа сәйкес тараптардың ниеті дүкенді сату бойынша мәміле жасауға бағытталған, сатып алушының жұбайының келісімі алынған, құжаттардағы қателіктерге байланысты тараптар мәмілені жасамаған, сатып алушы өз иелігінде және пайдалануында болған дүкеннің құнын толық төлеген және оның устау ауыртпалығын көтерген. Сонымен қатар, тараптар арасында алдын ала шарт жасалғаннан кейін, бұрын жыл сайын 14 жыл бойы осындай шарт жасасқанымен, дүкенді жалға беру шарты жасалмаған. А.[...] алдын ала шарт жасасқан сәттен бастап жалға алу ақысын төлемегені, дүкенде жөндеу жұмыстарын жүргізгені туралы қандай да бір талаптар қоймаған.

Осындай жағдайда, сот алқасы А.П. Байкенжееваның міндеттемесінің талаптарын келесідей түсіндіру қажет:

  • 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін дүкенге құқықты белгілейтін барлық құжаттарды толығымен дайындау және тіркеу;

  • 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін осы міндеттеме орындалмаған жағдайда алынған 10 миллион теңгені қайтару;

  • ал ақшаны қайтару мүмкін болмаса, дүкенді жерімен бірге сатып, барлық тиісті құжаттарға қол қою.

АПК-нің 72-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелерді және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімдерде келтіруге тиіс. Бұл нормаға қайшы, Б[...] өз дәлелдерін негіздейтін объективті деректер келтірмеген, Т[...] ұсынған дәлелдер мен дәлелдемелер жоққа шығарылмаған. Демек, А.П. Байкенжееваның талап қоюын қанағаттандыруға заңды негіз болмаған.

АПК-нің 449-бабының екінші бөлігіне сай кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде өтiнiшхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.

Өтінішхат даулы сот актілерінің күшін толығымен жою, бірақ тек А.П.Байкенжееваның талап қоюы бойынша жаңа шешім шығару туралы өтініштен тұрады. Кассациялық сатыдағы сотта Т[...] өкілі С[...] қарсы талап қоюды қанағаттандыру туралы да жаңа шешім шығаруды сұрағанын атап өткен жөн.

Аталған норманың ережелерін назарға салып, жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, сот алқасы А.П.Байкенжееваның талап қоюын қанағаттандыру және дүкенді сатып алу-сату мәмілесін жарамды деп тану туралы Т[...] талап қоюынан бас тарту жөніндегі бөлігінде сот актілерінің күші жойылуға жатады деген тұжырымға келді. Қосымша дәлелдемелерді жинау және зерттеу талап етілмейтіндіктен, А.П.Байкенжееваның талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыру және АПК-нің 117-бабына сәйкес 50 000 теңге мемлекеттік бажды мемлекеттің кірісіне өндіру міндетін А.П.Байкенжееваға жүктеу арқылы

Т[...] жоғарыда көрсетілген талабын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылуға жатады.

АПК-нің 109-бабына сәйкес Т[...] 3180 теңге мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығындар өтелуге жатады.

АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І: Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы шешімі, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 шілдедегі қаулысы өзгертілсін.

Осы сот актілерінің А[...] Пайзхановна Байкенжееваның Т[...] қатысты алдын ала шарттағы міндеттемелері тоқтатылған, міндеттемені алдын ала шарттағы міндеттемелермен бірге тоқтатылған деп тану, дүкеннен мәжбүрлеп шығару, құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын қайтару, А[...] Пайзхановна Байкенжееваның пайдасына Т[...] мемлекеттік бажды өндіру бөлігінде күші жойылсын, осы бөлікте А[...] Паизхановна Байкенжееваның талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылсын.

Осы сот актілерінің Т[...] қарсы талап қоюын қанағаттырусыз қалдыру бөлігінде ішінара күші жойылсын.

Талап қоюшы Т[...] жауапкер А[...] Паизхановна Байкенжеевамен алдын ала жасалған шарт бойынша Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Ж[...] даңғылы 23/3 ғимараты мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 403,2 ш.м, 0,066 жер учаскесі бар дүкенді сатып алу-сату шарты жарамды деп танылсын.

Сот актілері қалған бөлігінде күшінде қалдырылсын.

А[...] Пайзхановна Байкенжеевадан мемлекет пайдасына 50 000 (елу мың) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.

Мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін А[...] Пайзхановна Байкенжеевадан Т[...] пайдасына 3 180 (үш мың жүз сексен) теңге өндірілсін. Т[...] өкілі С[...] өтінішхаты қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Н.Шәріпов Судьялар Б.Тоқтарова А.Сапарова

Көшірмесі дұрыс Судья

А.Сапарова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.