6001-21-00-3г/6971
ҚАУЛЫ
2022 жылғы 10 қаңтар Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ж.М. Қашқынбаева талап қоюшы «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) жауапкер «ГС[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы шешімін және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 18 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы Серіктестіктің келтірген өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Мекеме сотқа жүгініп, Серіктестікті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тануды сұраған. Талап қою талабының негізі ретінде жауапкердің конкурстарға жіберген құжаттарында өзінің жұмыс тәжірибесі, біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынғандығын көрсеткен.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған.
Серіктестік мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылған.
Сот шығыстарын бөлу туралы мәселе шешілген.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта Серіктестік іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, дауланған сот актілерінің күшін жойып, талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Іс материалдарын және өтінішхат құжаттарын зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беру керек деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан,
материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.
Іс құжаттарына қарағанда, 2020 жылғы 10 тамызда №4734828-1 «Атырау облысы, Индербор кенті, Көктем шағын ауданында 80 пәтерлі бес қабатты он тұрғын үйдің құрылысы. Сыртқы желілерсіз және жетілдірусіз 7.1 позициялы тұрғын үй құрылысы» мемлекеттік сатып алуға ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған.
Хаттамаға сәйкес, конкурсқа қатысу үшін «УС[...]» ЖШС, «ГС[...]» ЖШС, «Е[...]» ЖШС өтінімдер берген.
Серіктестік конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес нысандар қосымша растайтын құжаттармен көрсетілген біліктілік талаптарын растау үшін, 2014 жылы «Алматы қаласы, [...] орналасқан жеке тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысы», 2013 жылы «Алматы облысы, [...] бес қабатты тұрғын үй құрылысы», 2011 жылы «Оңтүстік Қазақстан облысы, [...] бес қабатты тұрғын үй құрылысы» объектілері бойынша объектіні қабылдау актілерін, орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін ұсынған.
Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім беруші Серіктестіктің конкурстық өтінімдерін қарау барысында, жұмыс тәжірибесі бөлігінде біліктілік талаптары бойынша ұсынылған конкурстық құжаттамасында анық емес ақпарат беру фактілері анықталған. Нақтырақ айтқанда, біліктілік талаптары бойынша конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес нысандар (объект) қосымша растайтын құжаттармен көрсетілген (объектіні пайдалануға қабылдау актісі және орындалған жұмыстарды қабылдау актісі). Яғни, актіде көрсетілген тапсырыс берушіге жолданған сұраныс хатқа сәйкес, әлеуетті өнім беруші Серіктестік көрсетілетін нысан бойынша жұмыстар атқармағандығы анықталған.
Жергілікті соттың талап арызды қанағаттандыруға жауапкердің біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпарат бермеу фактісі дәлелденгені, жауапкермен анық емес ақпарат бергендігі негіз болған.
Өтініш беруші Мекеме Серіктестіктің біліктілік талаптары, жұмыс тәжірибесі бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактілері негізінде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану бойынша дәлелдер ұсынылды, олардың дәлелдерін негізсіз деп санайды, өйткені «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары: 1) құқық қабілеттілігінің заңды (тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы; 2) қаржылық орнықты болуы және тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы. Әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылығы оларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен санаттау жолымен айқындалады; 3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы; 4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы; 5) жұмыс тәжірибесінің болуы (әлеуетті өнім берушіде лицензияның және (немесе) рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып танылатын жағдайларды қоспағанда).
Біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру бөлігінде мәлімделген талаптарға қатысты Заңның 9-бабына сәйкес және конкурстық құжаттаманың 1-2 қосымшасының 5-тармағының негізінде осы конкурста жұмыс тәжірибесі біліктілік талап болып табылмайтыны, өйткені сатып алынатын жұмыстарды орындауға құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия талап етіледі, тиісінше жұмыс тәжірибесі бөлігінде біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат белгілеу жөніндегі дәлелдерді негізсіз және заңсыз деп санайды.
Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат ұсыну бөлігінде мәлімделген талаптарға қатысты Заңның 27-бабына сәйкес Серіктестік конкурсқа қатысушы болмаған, өйткені қорытындылар хаттамасында қабылданбады және тиісінше жұмыс тәжірибесі бойынша ұсынылған құжаттар баға ұсынысына келесі негіздер бойынша әсер етпеген: Заңның 27-бабы 8-тармағының 1-тармақшасына сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің қайтадан ұсыну мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде: 1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды. Сонымен қатар, Заңның 27-бабы 10-тармағының нормаларына сәйкес « Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы ең төмен шартты бағадан кейінгі келесі баға негізінде айқындалады.
Серіктестік конкурстың қатысушысы болмаған, өйткені ол қорытындылар хаттамасында қабылданбаған және жұмыс тәжірибесі бойынша ұсынылған құжаттар оның баға ұсынысына әсер етпеген, өйткені қорытындылар хаттамасында ол конкурсқа қатысушы болып табылмаған деп санайды.
Өтінішхат иесі соттар сот актілерін қабылдаған кезде қолдануға жататын заңды қолданбағанын, сондай-ақ іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтамағанын және нақтыламағанын; бірінші сатыдағы сот белгілеген іс үшін маңызы бар мән-жайларды дәлелдейтін дәлелдердің болмауына; бірінші сатыдағы сот тұжырымдарының істің мән-жайларына сәйкес келмеуіне жол берген деп санайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты іс материалдарын зерделей келе мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының дұрыс қолданылмағанын айғақтайды деп есептейді. Соттардың тұжырымдары істің барлық мәнжайларына сәйкес келмейді деп санайды.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы шешіміне және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 18 мамырдағы қаулысына келтірілген өтінішхат іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.
Судья Ж.Қашқынбаева Көшірмесі дұрыс Судья Ж.Қашқынбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.