ВС РК - Постановление от 16.09.2024 по делу 6001-24-00-3Г/4226(2) (Гражданское)

№ 6001-24-00-3г/4226(2)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 16-қыркүйек Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы М.Т. Балкен талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мемлекеттік кірістер басқармасы) жауапкерлер «Chemical Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ЖШС), «ОралНефтеГазСтрой» ЖШС-не келісім шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен қозғалған электрондық форматтағы азаматтық ісі бойынша қабылданған Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 12наурыздағы шешімін, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2024 жылғы 19-маусымдағы қаулысын қайта қарау туралы «Chemical Solutions» ЖШС-нің өтінішхатын электрондық істі сұрау арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгініп, онда салықтық міндеттемелерді азайту және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында жауапкерлердің арасында формальды түрде жасалған мәмілені жарамсыз деп тануды сұраған. Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2024 жылғы 19-маусымдағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 12-наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерлердің арасында 2017 жылғы 10-ақпанда жасалған келісімшарт жарамсыз деп танылған.

Өтінішхат иесі апелляциялық сатының сот актісімен келіспейтіндігін, соттың тұжырымы істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттардың тарапынан мұндай заң бұзушылықтарға жол берілгені туралы өтінішхат иесінің уәждері кассациялық сатының сот отырысында зерттеліп қаралуға негіз бар.

Электрондық іс құжаттарынан анықталғандай, мемлекеттік кірістер басқармасымен электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйелерін (бұдан әрі - ЭШФ) пайдалана отырып, салық төлеушілердің қызметіне

талдау барысында жауапкерлердің арасында өздерінің жалғандығына байланысты тәуекелдері бар өзара есеп айырысуларды анықтаған.

Мемлекеттік кірістер басқармасы талап қоюда, жауапкерлердің арасында құрылыс жұмыстарына 299 730 871 теңгеге 2017 жылғы 10ақпанда жасалған келісім-шарт бойынша күмән тудыратын есептердің бар екені туралы негіздер келтірген.

Сонымен қатар, талап қоюда өндіріс беруші «ОралНефтеГазСтрой» ЖШС 2021 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациясының тапсырмағанын, сондай-ақ, 327 372 теңге салық төленгені көрсетілген. Осылайша, мемлекеттік кірістер басқармасы жауапкерлер арасындағы өзара есеп айырысу мен мәмілені жарамсыз деген уәждермен, міндеттемелерді орындау үшін еңбек және материалдық ресурстардың жетіспеушілігін ескере отырып, жасалған мәмілені жүзеге асыру мүмкін еместігін көрсеткен.

Азаматтық істі қарау барысында жергілікті соттар талап қоюшының уәждерімен келісе отырып, «ОралНефтеГазСтрой» ЖШС-нің көрсеткен қызметі бойынша салықтарды есептеп төлемегенін, ал, «Chemical Solutions» ЖШС сатып алушының қосымша құн салығы сомасын есепке жатқызудың заңсыздығын көрсеткен. Дауды қарау кезінде жергілікті соттар талап қоюда көрсетілген мән-жайлар бойынша дәлелдемелерге негіздеген.

Өтінішхат иесі соттың мұндай тұжырымдарымен келесі негіздермен келіспей, талап қоюшының уәждерін теріске шығару үшін шартты орындауда жауапкермен келтірген нақты дәлелдемелер ді зерделемегенін, олардың істі бір жақты қарағанын уәждеген.

Арызданушы кассациялық өтінішхатта, талап қоюшының талабы 2021-2022 жылдар аралығындағы мән-жайларға негізделгенін, алайда, даулы мәмілелер бойынша жұмыстардың 2018-2019 жылдарда орындалғаны туралы уәждерді келтірген.

Сонымен бірге, талап қою жүйедегі деректерді тиісті түрде зерттемей, мерзімінен бұрын берілген деген уәждерін көрсете отырып, 2021-2022 жылдар аралығында «ОралНефтеГазСтрой» ЖШС қызметкерлерінің болмағанын, салық төлемегені туралы сотқа қате мәлімет бергенін көрсеткен. Өйткені, жұмыстар 2018-2019 жылдар арасында атқарылғаны туралы актілермен расталатынын көрсетіп, ол бойынша дәлелдемелерді ұсынды.

Бұдан бөлек, «Chemical Solutions» ЖШС тапсырыс беруші ретінде шарт бойынша орындаушы және оның қосалқы мердігерлерін бақылауға құқығының жоқ екенін, олардың іс-әрекеттері үшін, оның ішінде салық жауапкершілігі бойынша жауапты емес екенін көрсеткен.

«ОралНефтеГазСтрой» ЖШС-нің салық төлегені туралы ақпарат бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілерінде де көрсетілгенін және бұл уәждермен «Chemical Solutions» ЖШС-нің келісетінін көрсеткен. Бұл ретте, салық төлеуден жалтару мақсатының болмағанын, керісінше құн салығын артығымен төлеп, бюджет алдында берешегінің жоқ екеніне назар аударуды сұрайды. Ал, 2021 жылда көрсетілген жұмыскерлер санының 2017-2018 жылдар арасында орындалған жұмыстарға қатысы жоқ деп есептейді.

Бұл ретте, қызметті алушы «Chemical Solutions» ЖШС болғандықтан, орындалған қызметтер мен тауарлар үшін қосымша құн салығын төлегенін көрсеткен.

Қазіргі таңда «Chemical Solutions» ЖШС-нің басқа да құқықтық қатынастарға қатысып жатқандықтан, жасалған шартты жарамсыз деп тану оны адал салық төлеушісі ретіндегі жағдайын төмендетеді деп септейді. Сонымен қатар, даулы шартты орындау бойынша басқа да өндіріс субъектілерімен келісімшарттардың бар екенін, ал даулы шартты орындамау серіктестіңтің банкроттығына алып келетінін көрсеткен.

Істі қарау барысында жауапкерлермен даулы шарт бойынша құрылыс объектілерін тапсыру-қабылдау туралы дәлелдемелердің берілгенін және бұл мән-жайлар арызданушының пікірінше жалған мәмілелер туралы талапты жоққа шығарады. Осылайша арызданушы өтінішхаттың негізінде, өзінің жер қойнауын пайдалану саласында iрi ұйымдарға жұмыс iстейтiн кәсiпорын болғандықтан, оның пікірінше заңсыз әрекеттерді жасау ниеті болмаған. Жоғарыда аталған мән-жайлар сот отырысы барысында зерттеліп, толығымен дәлелденгенімен, бірақ оған дұрыс баға берілмегенін өтінішхатта келтірілген.

Іс материалдарын алдын ала зерделеу, арызданушының өтінішхатында келтірген уәждері және жоғарыда көрсетілген түйіндер дау айтылған сот актісін қайта қарау үшін кассациялық сатының сот мәжілісінде қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді. АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 12-наурыздағы шешімін, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2024 жылғы 19-маусымдағы қаулысын қайта қарау туралы «Chemical Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішхаты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья М.Т.Балкен Көшірмесі дұрыс Судья М.Т.Балкен

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.