Қ А У Л Ы
2025 жылғы 24 желтоқсан 6003-25-00-2к/2702 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Б.Бастаубаев,
судьялар М.Н.Ибрагимова, А.А.Даненова,
талап қоюшының өкілі С.Т.Дүйсенбиев, жауапкердің өкілі С.Куракбаевтың бейнеконференцбайланысы арқылы қатысуымен ашық сот отырысында талап қоюшы Шолпан Турматовна Абдурахманованың жауапкер Кентау қаласы әкімдігі мемлекеттік мекемесіне, талап қоюшы тарапынан даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Кентау қаласы әкімдігінің Хантағы ауыл әкіміне қойған пәтерге иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тану туралы талап қоюы бойынша қабылданған Түркістан облысының Кентау қалалық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 мамырдағы қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымын қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Ш.Абдурахманова сотқа жоғарыда аталған талап қоюымен жүгінген. Түркістан облысының Кентау қалалық сотының 2025 жылғы 13 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында бірінші жəне апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілерімен келіспей, істі қараған кезде іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалмағанын көрсетіп, осы сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.
Кассациялық сот шағым уәждерін тексеріп, талап қоюшының өкілі С.Т.Дүйсенбиевтің шағымды қолдаған, жауапкердің өкілі С.Куракбаевтың шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы түсініктерін тыңдап, төмендегі негіздерге байланысты жергілікті соттардың сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деп санайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
АПК-нің 449-бабының 1-бөлігіне сәйкес, істi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша кассациялық шағымның дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексередi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 240бабының 1-тармағына сәйкес мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады деп белгіленген.
Аталған баптың мағынасынан мүлiктiң меншiк иесi болып мән-жайлар жиынтығы, атап айтқанда, жеті жыл бойы адал, ашық және жылжымайтын мүлікті өз меншігі ретінде үздіксіз иелену жатады.
Сондай-ақ, мұндай құқықты тану негіздерінің бірі болып даулы мүлікті заңды түрде сатып алу туралы дәлелдемелердің болуы да танылады. Меншік құқығын тану туралы талап қоюлар азаматтық айналымға енгізілген затқа қатысты ғана қойылуы мүмкін. Ал жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер құқықтық кадастрда болса, азаматтық айналымға енгізілген болып есептеледі.
Іс құжаттарына қарағанда, Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Рысқұлбеков көшесі, №16 үй, №6 пәтерге (әрі қарай - пәтер) Аскар Сланбекович Тулеевтің меншік құқығы тіркелген.
28 тамызда қайтыс болған.
Ш.Абдурахманова талап қоюында 2000 жылы даулы пәтерді заңды иесі А.Тулеевтен 9 000 теңгеге сатып алып, ақшасын қолма-қол бергенін, 2014 жылы пәтерге күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, көрші орналасқан өзінің пәтеріне қосып алғанын, сол кезден пәтерді адал, ашық және ұдайы иеленіп келетінін көрсетіп, даулы пәтерге иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тануды сұраған.
Мүлікке меншік құқығы сатып алу-сату шартын жасасу, сыйға тарту немесе өзге де мүлікті иеленушінің иеліктен шығаруы туралы дәлелдер болған ерекше жағдайларда ғана танылады. Алайда, талап қоюшы жылжымайтын мүлікті бұрынғы меншік иесінен сатып алғанын көрсете отырып, иелену мерзіміне байланысты меншік құқығын тануды сұрап отыр.
Талап қоюшы тарапынан А.С.Тулеевпен сатып алу-сату шартын жасасу арқылы мүлікке билік еткені туралы дәлелдемелер, сонымен қатар, мүлік иесінің оларға билік ету үшін қандай да бір әрекет жасағаны туралы ешқандай дәлелдер ұсынылмаған.
АПК-нің 72-бабына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс.
Бұл ретте, меншік құқығын тану туралы талап құқықтық кадастрда көрсетілгендей А.С.Тулеевтің жеке меншік құқығымен тиесілі азаматтық айналымдағы мүлікке қатысты қойылған.
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сəуірдегі №3 «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» нормативтік қаулысының 10тармағына сəйкес, иелену мерзімінің ескіруі негізі бойынша тұрғын үйге меншік құқығын алу туралы талаптарды қараған кезде, АК-нің 240-бабының 1- тармағында көрсетілген мəн-жайлар жиынтығын, яғни тұрғын үйді өзінің жеке жылжымайтын мүлкіндей жеті жыл бойы адал, ашық жəне ұдайы иеленгенін ескеру қажет. Иеленудің адалдығын тұлғаның тұрғын үйді заңды жолмен иеленуі, яғни заңмен, өзге құқықтық актілермен тікелей танылған немесе оларға қайшы келмейтін, бірақ құқықтық ресімделмеген (мысалы, тұрғын үй иесінің сатып алу-сату, жалға беру шарттарының заңда көзделген нысандарын сақтамай беруі жəне тағыда басқа) əрекеттер мен оқиғалардың нəтижесінде тұрғын үйдің осы иеленушіде болуы білдіріледі. Талап қоюшы даулы үйді сатып алғаны немесе басқа заңда көрсетілген жолымен алғандығы туралы дəлелдемелерді сотқа ұсынбаған. АК-нің 1083-бабының 1,2-тармақтарында егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса (осы Кодекстiң 1045-бабы), не олардың бəрi мұрадан бас тартса (осы Кодекстiң 1074-бабы), мұра иесiз қалған мүлік деп танылатыны, иесiз қалған мүлік мұраның ашылған жерi бойынша коммуналдық меншiкке ауысатыны көзделген.
Жергілікті соттар көрсетілген мән-жайларға дұрыс құқықтық баға беріп, талап қоюшының даулы мүлік үшінші тұлғалармен ауызша келісімін, не болмаса қолхат негізінде оның иелігіне өткені туралы уәждерін негізге алынбайтынын, заңмен көзделген иелену мерзіміне байланысты меншік құқығын алуға негіздердің жоқтығын ескеріп, дау айтылған мүлікке меншік құқығын тану туралы талап қоюы негізсіз деп танып, талап қоюды дұрыс қанағаттандырусыз қалдырған.
Осылайша, жергілікті соттар істің мән-жайын толық анықтап, құқықтық баға беріп, заң нормаларын дұрыс қолданып, негізді сот актілерін қабылдаған. Іс нәтижесіне әсер еткен материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуын, өтінішхатта көрсетілген уәждер растамайды. Талап қоюшының кассациялық шағымдағы уәждері сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан талап қоюшының шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 мамырдағы қаулысы күшінде, талап қоюшы Шолпан
Турматовна Абдурахманованың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья Судьялар
Ғ.Бастаубаев М.Ибрагимова А. Даненова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.