КСАД РК - Постановление от 25.08.2025 по делу 7199-23-00-4к/258 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 25 тамыз іс №7199-23-00-4к/258 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотты құрамында:

төрағалық етуші судья М.А. Туғанбаев,

судьялар М.А. Манабаева, Л.Е. Қаирбаева,

прокурор Б. Саттыбаев, «Стандарт Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бүдан әрі - «Стандарт Цемент» ЖШС, талап қоюшы) өкіліГ.С. Бисембаевтің қатысумен,

ашық сот отырысында Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулысына талап қоюшының кассациялықшағымы бойынша «Стандарт Цемент» ЖШС-нің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бүдан әрі - Басқармасы, жауапкер),

мүдделі тұлға «Capital Build Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бүдан әрі - «Capital Build Company» ЖШС) тарта отырып,

камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп танып, күштерін жою туралы талап қою бойынша түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

«Стандарт Цемент» ЖШС-і сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгініп, оны Басқарманың 2024 жылғы 3 маусымдағы №5903EV300039, №5903EV400027 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалары (бұдан әрі - хабарламалар) заңсыз шығарылғанымен негіздеген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 19 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған. Басқарманың 2024 жылғы 3 маусымдағы №5903EV300039, №5903EV400027 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалары заңсыз деп танылып, күштері жойылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулымен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 19 шілдедегі шешімі күші жойылды, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды. Кассациялық шағымда талапкердің өкілі сот алқасының қаулысының күшін жоюды, бірінше сатыдағы соттын шешімін күшінде қалдыруды сұрады.

Тиісті түрде хабарланған Басқармасының және «Capital Build Company» ЖШС-нің өкілдері белгісіз себептермен кассациялық соттың отырысына келмеді, бұл Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бүдан әрі - ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес осы істі қарауға кедергі болмайды.

Шағымның дәлелдерін толық қолдаған талапкер өкілінің түсініктемесін, прокурордың сот актісінің зандылығы туралы қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымның дәләлдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді. ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кассациялық сатыдағы сотта кассациялық шағымдану тәртібі мен іс жүргізу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377 - V Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бүдан әрі - АІЖК) қағидаларында айқындалады.

АІЖК - нің 438 - бабының бесінші бөлігінде заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік кұқық нормаларын елеулі бұзұшылықтар сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады деп көзделген.

Осы әкімшілік іс бойынша осындай негіздер бар.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жоя отырып, даулы хабарлама «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120 - VI (Салық кодексі) (бүдан әрі - СҚ) кодексінің 48 - бабында көзделген талап қою мерзімі шегінде шығарылғанын көрсетті.

Алайда, апелляциялық сатыдағы соттың бұл тұжырымдарын кассациялық сот мынадай негіздер бойынша материалдық кұқық нормаларына сәйкес келмейді деп санайды.

СҚ 114 - бабы 2 - тармағының 10) тармақшасына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық орғандары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, СҚ 59 - бабаның 7 - тармағында және 66 - бабының 8 - тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жүмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушіге жіберілуге тиіс .

Заң шығарушы хабарлама жіберу үшін анықтаған он жұмыс күнінің аралығы салық заңнамасын бұзу туралы хабарламаның зандылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету үшін маңызды. Хабарламаның заңды және негізделген деп танылуы үшін салық органы оны камералдық бақылау процесінде бұзушылық анықталған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс.

Құқытық норманы сөзбе - сөз түсіндіруден (СҚ 114-бабы 2- тармағының 10) тармақшасы) хабарлама беру үшін он жұмыс күні мерзімі сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап емес, салық есептілігі бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап есептеледі.

Салық органының деректерді салыстыру бойынша іс-әрекеттер жасауы сот актісінің заңды күшіне енуімен байланысты емес және хабарлама беру үшін сөзсіз негіз болып табылмайды.

Мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс - қимыл рәсімі камералдық бақылау жүргізілгенге дейін олардың іс - әрекеттерін реттейді. Барлық көзделген ішкі әкімшілк рәсімдер орындалғаннан кейін ғана камералдық бақылау жүргізуге және хабарлама шығаруға негіз болады.

Хабарламаны беру мерзімі камералдық бақылаудың алдындағы ішкі рәсімдердің хронологиясына сүйене отырып есептеледі.

Осылайша, хабарлама авторы камерладық бақылау шеңберінде бұзушылықты анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлануы керек.

СҚ-нің 94, 96 және 114 - баптарына сәйкес салық төлеушінің салық есептілігін ұсынған күні, заңды күшіне енген сот шешімін, сондай - ақ салық төлеуші қызметінің басқа да кұжаттары мен мәліметтерін алған күні маңызды мән - жайлар болып табылады.

Жауапкер сотта бұл күнді дәлелдеуге тиіс, өйткені олай болмаған жағдайда сот сотқа ұсынылған және / немесе салық органынан талап етілген ішкі немесе басқа да кұжаттар негізінде хабарлама қоюға негіз болып табылатын мән - жайдың туындау күні туралы фактіні растау болып табылатын күнді дербес белгілейді. Бұл хабарлама жіберуге негіз болған фактіні анықтауда дәлдік пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін маңызды.

СҚ 114-бабы 2- тармағының 10) тармақшасының ережелерін қолдану рәсімдік бөлімнен туындайтын сипатталған мән - жайлар мен талаптарды нақтылау және сақтау кезінде барынша дұрыс болып табылады. Оларды дұрыс қолдану салықтық әкімшілендірудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде салық төлеуші мен салық органы арасында сенімді қарым - қатынас орнатуға ықпал етеді.

Жауапкер ішкі әкімшілік рәсімнің хронологиясы шеңберінде хабарламаның заңдылығы мен негізделген растайтын дәлелдер мен дауысыз дәлелдемелерді ұсынбаған.

ӘРПК - нің 129 - бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес дауласу туралы талап бойынша дәлелдеу ауыртпалығын ауыр әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтереді. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 4 наурыздағы шешімімен «Capital Build Company» ЖШС мен «Стандарт Цемент» ЖШС арасындағы жалпы 51 884 643 теңгеге, қосылған құн салығы 6 226 157 теңгеге жасалған 2019 жылғы 15 шілдедегі №9/07-19 және 2019 жылғы 15 тамыздағы №9/08-19 шарттар жарамсыз деп танылған.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 15 мамырдағы қаулысына сәйкес аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған, тиісінше сол күні заңды күшіне енген.

Ал, Басқарма шешім заңды күшіне 2024 жылғы 15 мамырда енгеніне қарамай, даулы хабарламаларды 2024 жылғы 3 маусымда рәсімдеген, яғни он жұмыс күннен кешіктіріп.

Басқарманың өкілі заңды күшіне енген сот шешімі жайлы Астана қаласының Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан тиісті хабарлама түскен соң білгендері жайлы уәж келтірді.

Кассациялық сот бұл уәжді негізсіз және өз-өзіне қайшы келеді деп санайды, себебі сілтеме жасап отырған Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының хабарламасы электронды түрде 2024 жылғы 4 маусымда жолданған.

Ал, Басқарма хабарламаларды 2024 жылғы 3 маусымда рәсімдеп жолдап қойған, яғни хабарламаларды рәсімдеуге ол хабарлама бастама болмаған. Салық заңнамасында бұл бұзушылық түрі бойынша хабарламаларды рәсімдеу үшін салық органдарының арасында бір-бірін ресми ақпараттандыру тәртібі қарастырылмаған.

Кассациялық сот салық органдарына заңды күшіне енген сот шешімі жайлы 2024 жылғы 15 мамырда белгілі болған, сондықтан 2024 жылғы 3 маусымдағы хабарламалар заң талаптары бұзыла отырып рәсімделген деген тұжырымға келеді.

Апелляциялық саттыдағы соттардың салық органының ескіру мерзімі шегінде (СҚ 48-бабы) СҚ 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында белгіленген мерзімді есепке алмай хабарлама жіберу құқығы туралы қорытындыларын кассациялық сот қате деп санайды.

Себебі, «ескіру мерзімі» және «хабарлама жіберу мерзімі» бірдей емес және түрлі СҚ нормаларымен реттеледі. Хабарлама ескіру мерзімі шегінде шығарылуы мүмкін (СҚ-нің 48-бабы), бірақ оны беру мерзімін сақтай отырып (СҚ-нің 114-бабы).

ӘРПК-нің 15-1- бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік рәсімдер қолдануға жататын барлық құқық көздерін, оның ішінде құқықтық қағидаттарды, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын айқындау негізінде құқық нормаларын нақты (дара) қатынастарға қолдану жолымен, сондай-ақ осыған ұқсас мәселелер бойынша қолданылған әкімшілік рәсімдер және бұрын қабылданған әкімшілік актілер ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жалғы 15 қаңтардағы «Сот актілеріне қайта қарау жөніндегі сот төрелігіне қол жеткізу құқығы және Жоғарғы Соттың өкілеттіктері туралы» нормативтік қаулысымен соттардың құқық нормаларын түсіндіруге және қолдануға бірынғай тәсілдермен сипатталатын сот практикасының біркелкілігіне Жоғарғы Соттың сот практикасы мәселелерін түсіндіретін нормативтік қаулылар қабылдауы арқылы ғана қол жеткізілмейтіні түсіндірілді, сонымен қатар заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау нәтижесінде. Бұл ретте Жоғарғы Соттың сот актілерін қайта қарау жөніндегі олардың заңдылығын, негізділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметі сот практикасын қалыптастыру үшін айкындаушы мәнге ие.

Осыған ұксас мәселелер бойынша (СҚ 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын қолдану) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мындай сот актілерін шағарған анықталды: 6001-24-00-6ап/2776, 6001-23-006ап/3552, 6001-23-00-6ап/1399, 6001-23-00-6ап/1399, 6001-23-00-6ап/1517, 6001-23-00-6ап/1025, 6001-24-00-6ап/1612 (2), 6001-24-00-6ап/3548 (2-4), 6001-24-00-6ап/3177, 6001-245-00-6ап/2089.

ӘРПК-нің 5 - бабына сәйкес әкімшілік рәсімдердің міндеттері: біркелкі әкімшілік практиканы қалыптастыру болып табылады.

Баяндалғанды ескере отырып, кассациялық сот төмен соттардың сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық ұстанымы құқықтың бірдей нормаларың қолдануды талап ететін дауларды шешу кезінде тәжірибелік мәнге ие болады

Жауапкер әкімшілік актіні шығару кезінде рәсімдік сипаттағы елеулі бұзушылықтарға жол бергендіктен, кассациялық сот бірінші сатыдағы соттың даулы хабарламаның күшін жою туралы тұжырымдарды негізді деп санайды.

Кассациялық сот рәсімдік негіз бойынша хабарламаның күшін жою жауапкердің салықтық ден қоюдың өзге де шараларын қолдануына, оның ішінде СҚ-нің 145 - бабында белгіленген тәртіппен салықтық тексеру жүргізіге кедергі болып табылмайтынын атап өтеді.

СҚ- нің 140 - бабы 4 - тармағының ережелері камералдық бақылау туралы хабарлама жіберу және салық төлеушіге салықтық тексеру тағайындалғанға дейін СҚ-нің 5-тармағында белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік беру қажеттілігін ғана көрсетеді.

Осы іс бойынша апелляциялық алқа даулы құқықтық қатынастарға материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберді, бұл бірінші сатыдағы соттын шешімінің күшіне енуімен апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жоюға әкеп соғады.

Талапкердің кассациялық шағымы қаулыда баяндалған негіздер бойынша қанағаттандырылуға тиіс.

Осы іс бойынша шығыстар АІЖК-нің 107 - бабының, СҚ-нің 108 - бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес шешілуге жатады.

Кассациялық шағым беру кезінде талапкер төлеген 9230 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж тиісті бюджеттен қайтарылуға жатады.

ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігін және АПК-нің 451-бабының 2) тармақша 2-бөлігін басшылыққа алып, кассацилық сот,

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулысының күші жойылсын.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 19 шілдедегі шешімі күшінде қалдырылсын.

«Стандарт Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 9 230 (тоғыз мың екі жүз отыз) теңге мөлшерінде төленген мемлекеттік баж қайтарылсын.

Талапкер өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші судья М.А. Туғанбаев

Судьялар М.А. Манабаева

Л.Е. Қаирбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.