ВС РК - Постановление от 18.02.2021 по делу 6001-21-00-6кп/9 (Об административном правонарушении)

6кп-9-21

Қ А У Л Ы

2021 жылғы 18 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья А.Д.Рахметулин,

судьялар М.Т. Балкен, Ж.Б. Ермағамбетова, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры

Т[...],

республикалық мемлекеттік мекемесінің « «ТОБІМД[...]»» (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі С[...],

әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға - С[...] оның қорғаушысы С[...] қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында бейнеконференц байланыс арқылы,

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сотының 2019 жылғы 01 шілдедегі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 18 ақпандағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен,

С[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 207бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сотының 2019 жылғы 01 шілдедегі қаулысымен С[...] ӘҚБтК-нің 207бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 378 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгертіліп, 4 923 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуында соттар қабылдаған қаулылар қайта қарауға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатындығы туралы көрсетілген. Алқа, С[...] мен қорғаушысының ұсынуды қолдаған, уәкілетті органың өкілі мен прокурордың ұсынуға қарсы болған пікірлерін тыңдап, іс құжаттарды зерттеп, ұсынудың уәждерін талқылап, сот қаулыларының күші жойылуға жатады деп есептейді.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес Түркістан облысының білім басқармасының «№ 11 колледж» МКҚК-ның директоры С[...] «№ 11 колледжіне азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алу» 39 лот бойынша ашық конкурсын өткізу кезінде өнімдерді жеткізу кезіндегі техникалық ерекшелікте: автокөлік құралдарына, оларға арналған құжаттарға, тамақ өнімдеріне санитариялық-ветеринариялық қызметтердің қорытындыларына қойылатын талаптарды көрсеткен үшін ӘҚБтК-нің 207-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бірақ сот қаулысы заңға сәйкес келмейді, себебі сот істі қараған кезде заң бұзушылықтарды жібергені анықталды.

ӘҚБтК-нің 829-10-бабының 1 және 2 - бөліктері бойынша сот істі қарауға кіріскенде өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның түсініктемелерін, іс жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсіндірмесін және сарапшылық қортындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалуының, істі толық көлемде тексереді, бұл ретте ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерделеуге құқылы.

Жергілікті соттар осы көрсетілген заң талаптарын сақтамай, конкурстық құжаттаманың ажырамас қосымшасы болып табылатын техникалық ерекшелікті зерттемеген. Істе техникалық ерекшелігі жоқ, дәлелдемелер ретінде ол тіркелмеген. Осы құжатты заңға сәйкес келетінің жөнінде тексеріп, баға беру қажет еді, себебі С[...] кінәсі іс бойынша техникалық ерекшелікке байланысты.

Соттардың тұжырымдары тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға, аудиторлық есептің көшірмесіне және кінәні мойындауға негізделген.

Соттардың қаулылары Жоғарғы Соттың № 5 нормативтік қаулысының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша соттың қаулысы» 11- тармақта көрсетілген талаптарына сәйкес келмейді.

Сонымен бірге апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде бір қатар кемшіліктер жіберген.

  • Бірінші сатыдағы сотының қаулысы заң күшіне 2019 жылғы

  • 12 шілдеде енген. Прокурор алты ай өткенен кейін 2020 жылғы 16 қаңтарда апелляциялық өтінішхатты келтірген.

ӘҚБтК-нің 832-бабының 2-бөлігі бойынша шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімін өткізіп алу оларды қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін сот мерзімдері мен олардың мәнін шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді.

Облыстық сот мерзімінің өткізіп алған жөнінде мән-жайларды тексермеген, қаулыда көрсетпеген.

Және апелляциялық сот отырысына қорғаушы қатыспаған, онының орнына қорғаушының көмекшісі Ж[...] қатысқан. Істе тек қорғаушы С[...] қорғау туралы хабарламасы тіркелген.

Сондықтан, ӘҚБтК-нің 20-бабына сәйкес С[...] білікті заң көмегін алуға құқысы бұзылған.

Мұндай жағдайда, ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген негіздер бойынша кассациялық тәртіппен жергілікті соттардың қабылданған қаулыларының күші жойылуға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 840-бабының 1) және 3) тармақтарын, 851-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы,

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 207-бабының 5-бөлігі бойынша С[...] қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сотының 2019 жылғы 01 шілдедегі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 18 ақпандағы қаулыларының күшін жойып, істі жана сот қарауына Түркістан облыстық сотына жіберілсін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші А. Рахметулин

Судьялар

М. Балкен Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.