6003-25-00-2к/3908
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 27 қаңтар
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,
судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева,
талап қоюшы М.А.Құлмырзаның және үшінші тұлға А.Ө.Тұрсынбайдың өкілі Т.С. Жарылкаповтың, жауапкер Т.Ы.Нақыптың өкілі Б.Б.Ботаевтің, жауапкер М.Ә.Салқымбектің, «Южная строительная компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне (әрі қарай – ЖШС) өкілі Е.П.Иримжановтың, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Б.Б.Дауреновтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Мұсахан Ахметұлы Құлмырзаның жауапкерлер «Корпорация НИМЭКС» ЖШС-не «Южная строительная компания» ЖШС-не Төрехан Ыдырысұлы Нақыпқа, Мұрат Әділұлы Салқымбекке «Жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын ипотекалау туралы» «Корпорация НИМЭКС» ЖШС-гі мен «Ахмет Ата» шаруа қожалықтың мүшесі М.А.Құлмырзаның арасындағы 2004 жылғы 23 қарашадағы №202 келісім-шартын мәжбүрлі тәртібімен кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті саудаға шығарудың нәтижесі туралы 2007 жылғы 25 қаңтардағы №9 хаттамасын, кепілге қойған мүлікті соттан тыс сауда-саттық тәртібімен сатуы бойынша жасалған 2007 жылғы 25 қаңтардағы куәлікті жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі талап қоюшы М.А.Құлмырза мен үшінші тұлға А.Ө.Тұрсынбайдың өкілі Т.С. Жарылкаповтың Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының 2025 жылғы 30 мамырдағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 шілдедегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ :
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының 2025 жылғы 30 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Шымкент қаласы, Абай ауданы, Тұран мөлтек ауданы, №232/1 мекенжайда орналасқан кадастрлық №22-327-018-814 жер учаскесінде тұрғызылған тұрғын үй құрылысы жауапкер Р.О.Тажиметованың есебінен бұзылған. Талап қоюшы Р.О.Тажиметованың жауапкер Ж.А.Тулеушоваға, С.Т.Исахановқа сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы М.А.Құлмырза кассациялық шағымында сот іс үшін
маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Кассациялық сот тараптарды тыңдап келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттар мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
Іс құжаттарына сәйкес, Ордабасы ауданы әкімінің «Ахмет-Ата» шаруа қожалығына жер бөлу туралы 2001 жылғы 20 наурыздағы №407 шешімімен «Төрткөл» аумағында орналасқан «Дихан» ЖШС-не қарасты жер учаскелерінің есебінен жалпы 17,9 гектар, оның ішінде: 12,5 гектар суармалы, 5,4 гектар жайылымдық жерлері қайтарылып алынып, М.Құлмырзаға шаруа қожалығын жүргізу үшін, жер үлестеріне сәйкес 49 жылға жалға бөлініп беріліп, 2004 жылғы 21 желтоқсанда алаңы 10 га Түркістан (бұрынғы - Оңтүстік Қазақстан) облысы, Ордабасы ауданы, есеп квартал, Спатаев атындағы ҰҚ орналасқан жер учаскесіне (кадастрлық №19:293:055:779) (әрі қарай – даулы жер) мемлекеттік сәйкестендіру актісі дайындалған.
2004 жылғы 23 қарашадағы №202 «Жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын ипотекалау туралы» шартына сәйкес, «Ахмет-Ата» шаруа қожалығы атынан М.А.Құлмырза «Корпорация НИМЭКС» ЖШС-не шитті мақтаны беру міндеттемені орындалу мақсатында аталған жер учаскесін кепілге қойған.
М.А.Құлмырза 2004 жылғы 23 қарашадағы №202 Шартқа өзі қол қойғаны соттармен толықтай анықталған және талап қоюшымен расталған.
Шарт 2005 жылғы 9 маусымда «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Ордабасы аудандық филиалында тіркелген.
Шарттың 2.4.5 тармағында кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кепілдегі мүлікті соттан тыс тәртіппен қанағаттандыру мүмкіндігі көрсетілген.
«Корпорация НИМЭКС» ЖШС мен «Южная строительная компания» ЖШС-нің арасында мәжбүрлеп соттан тыс тәртіппен кепілге қойылған мүлікті сату бойынша сауда-саттық өткізуге №1/6/005 шарты жасалған.
«Южная строительная компания» ЖШС-нің өкілі М.Ә.Салқымбек Ахмет-Ата» ШҚ-ның төрағасы М.А.Құлмырза 2006 жылғы 11 тамызда №Ор05-017 міндеттемені орындамағаны туралы және 2006 жылғы 1 қазанда №Ор05-058 сауда-саттық өткізу туралы хабарламаларын жолдаған.
2007 жылғы 25 қаңтардағы №9 мәжбүрлеу тәртібімен кепілге қойылған мүлікті саудаға шығарудың нәтижесі туралы хаттамасына сәйкес, кадастрлық
№19:293:055:779 жылжымайтын мүлікті саудаға шығарудың женімпазы болып Т.Ы.Нақып танылған.
Соның негізінде «Южная строительная компания» ЖШС-мен Т.Ы.Нақыптың атына мүлікті сауда-саттықта сатып алғандығы туралы 2007 жылғы 25 қаңтардағы куәлік рәсімделген. 2007 жылғы 28 тамызда алаңы 10,0 га Түркістан (бұрынғы - Оңтүстік Қазақстан) облысы, Ордабасы ауданы, Төрткөл а/о, 055 квартал, 779 жер учаскесіне (кадастрлық №19:293:055:779) мемлекеттік сәйкестендіру актісі дайындалған. Аталған құжаттардың барлығы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Ордабасы аудандық филиалында тіркелген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (әрі қарай - АК) 179бабының 3-тармақшасына сәйкес талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады. Жергілікті соттар талап қою мерзімінің өтуін назарға алып, М.А.Құлмырзаның талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырғаны заңды. Апелляциялық сот іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге сотпен тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының 2025 жылғы 30 мамырдағы шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы М.А.Құлмырза мен үшінші тұлға А.Ө.Тұрсынбайдың өкілі Т.С.Жарылкаповтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар: В.Е.Тохтарбаева
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.