ВС РК - Постановление от 30.11.2021 по делу 6001-21-00-3гп/462 (Гражданское)

6001-21-00-3гп-462

Қ А У Л Ы

2021 жылғы 30 қараша Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқаның төрағасының м.а. Б.Ж.Тоқтарова, судьялар Б.Р.Ералиева, А.Ә.Сапарова,

талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері С[...], Т[...], С[...], жауапкерлер «БҚ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы және басшысы Т[...], «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілі К[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында «TrueConf» мобильді бейнеконференцбайланысы арқылы талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме, С[...] органы) жауапкерлер «БҚ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік, «БҚ[...]» ЖШС), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 84 мемлекеттік тіркеуден өту туралы бұйрықты (бұдан әрі – Бұйрық) жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған электрондық азаматтық іс бойынша қабылданған

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 наурыздағы қаулысын қайта қарау туралы Мекеменің келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық ісін қарап, А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы: С[...] органы Серіктестікке, Қоғамға 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 84 мемлекеттік тіркеуден өту туралы бұйрықты жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 13 қаңтардағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылып, дауланған бұйрық жарамсыз деп танылған.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Ө[...] органы істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Сот алқасы іс бойынша талап қоюшы С[...] органының өкілдері С[...], Т[...], С[...] өтінішхатты қолдаған түсініктерін, жауапкерлер Серіктестіктің құрылтайшысы және басшысы Т[...] өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған түсінігін, Қоғамның өкілі К[...] өтінішхатты қарауды алқаның құзыретіне қалдыруды сұраған түсінігін тыңдап, өтінішхат уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы осы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.

Сот алқасы бұл іс бойынша мұндай негіздер жоқ деп санайды.

Іс құжаттарына қарағанда, Серіктестік Қызылорда қалалық Әділет басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 84 бұйрығымен тіркеуден өткен. Құрылтайшысы және басшысы Т[...], мекенжайы: Қызылорда қаласы, [...].

Тексеру барысында Серіктестік аталған мекенжайда орналаспағаны анықталған.

Серіктестіктің басшысы Т[...] салық заңнамасын бұзуына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылып, рақымшылық заңымен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Бірінші сатыдағы сот талап арызын қанағаттандыру туралы тұжырымын Серіктестіктің басшысы Т[...] бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуын нақты іс жүзінде жүзеге асырмағынымен және тіркеуші органға ұсынған мекенжайда орналаспағанымен негіздеген.

Бұл тұжырыммен келіспеген апелляциялық сатыдағы сот талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімін, даулы Бұйрықты жарамсыз деп тануға негіз болатын заңда көзделген мән-жайлардың анықталмағанымен және ондай негіздердің келтірілмегенімен уәждеген.

А[...] апелляциялық сот алқасының бұл тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есептейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АҚ) 49-бабы 2 тармағының 2) тармақшасымен соттың шешімі бойынша заңды тұлға оны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты, оны тіркеу жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4 «С[...] заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысында (бұдан әрі - Нормативтік қаулы) мемлекеттік кірістер органы заңды тұлғаны құру кезінде жойылмайтын сипаттағы жіберілген заңнаманы бұзушылықтарға байланысты оның тіркеуін жарамсыз деп тану негізі бойынша заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талаптар қоюға құқылы екені, мұндай істер қарау кезінде соттар іс үшін маңызы бар нақты мән-жайларға негіздей отырып, заңды тұлғаны құру кезінде жіберілген заңнаманы өрескел бұзушылық және оның жойылмайтын сипаты фактісін анықтауға тиіс екені келтірілген.

Аталған Нормативтік қаулының 12-тармағында соттар мұндай істер бойынша заңды тұлғаның мекенжайының анықтығымен байланысты мәселелерді зерттеуі қажет екені және тіркеу кезінде заңды тұлғаның мекенжайы туралы анық емес мәліметтерді қасақана ұсынуы осы заңды тұлғамен қандай да бір байланысты, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мүмкіндігін болғызбайтын жағдайда ғана талап қою қанағаттандырылуы мүмкін екені көрсетілген. Анық емес мәліметтерді ұсыну ретінде: заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органының көрсетілген мекенжай бойынша орналаспауы, жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері теріс, хат-хабар ұйымның жоқтығы туралы белгімен қайтарылуы; ұсынылған құжаттарда көрсетілген мекенжай іс жүзінде болмауы не үй-жайларды жалға алуға қатысты жалған құжаттардың ұсынылуы деп түсіндірілген.

Істегі «Қызылорда облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің сотқа берген жауабына сай (2020 жылғы 25 желтоқсандағы 4360-20-5-29/12705 санды хатына) Серіктестік «электронды үкімет» веб-порталында электронды хабарлама беру арқылы 2017 жылы 12 мамырда 1685-е-1933-01-ЖШС санды нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткендігін, хабарламаға мәліметтер толық енгізілгенін (заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы, құрылтайшысы, басшысы, жарғылық капиталының мөлшері, атқаратын қызмет түрлері), сондықтан мемлекеттік тіркелуі заңды екені хабарланған.

Алқа отырысында жауапкер Т[...] өзінің Серіктестіктің құрылтайшысы, әрі басшысы екенін, Серіктестікті өзінің әлі күнге дейін тұратын мекенжайы бойынша, яғни [...] тіркегенін көрсетті.

Т[...] аталған мекенжайда Серіктестіктің құрылтайшысы, әрі басшысы ретінде тіркеліп тұрғаны жауапкермен жоққа шығарылмаған.

2020 жылғы 12 қазандағы салықтық зерттеу актісінен Серіктестіктің [...] орналаспағандығы көрсетілген, бірақ ол актіде бұл жөнінде кімнен сауал алынғаны жазылмаған.

Қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының заңдарының талабына сай, Серіктестікті оның құрылтайшысы мен басшысының тұратын мекенжайына тіркеуге болмайтыны жөнінде ешқандай да тыйымдар жоқ.

Демек, апелляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы соттың Серіктестік тіркеуші органға мекенжайы туралы анық емес мәлімет берген және ол заңды тұлғаны құру кезінде жіберілген заңнаманы өрескел бұзушылыққа жатады, Т[...] Серіктестік бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуын нақты іс жүзінде асырмаған деген уәждерімен заңды келіспеген, себебі Т[...] Серіктестіктің мекенжайы ретінде өзінің тұратын үйін көрсеткен және ол сол жерде әлі күнге дейін тұрып жатқанын айтқан, ал Т[...] қылмыстық жауапкершілікке тартылуы, ол Серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жіберген заң бұзушылықтары екенін дұрыс айқындаған.

Сонымен қатар, С[...] органы сотқа Серіктестіктің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 84 мемлекеттік тіркеуден өту туралы бұйрығын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінген.

Бірақ «С[...] және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі- С[...] кодексі) 19-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, салық органы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі- АҚ) 49-бабы 2 тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша соттарға заңды тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқылы екендігі көрсетілген.

А[...] органы аталған заңның талабын бұзып, Серіктестіктің мемлекеттік тіркеуден өту туралы бұйрығын жарамсыз деп тануды сұраған.

Сондықтан апелляциялық сатыдағы сот, салық органы бұйрықты жарамсыз деп тану жайлы емес, заңды тұлғаны тарату туралы талап қою керек еді деген пікірге дұрыс, әрі заңды келген.

Сол себепті сот алқасы, апелляциялық сатыдағы соттың жоғарыда келтірген қорытындысын, іс үшін маңызы бар мән-жайларға негізделген деп санайды.

Демек алқа, жоғарыда көрсетілген жайларға байланысты, АПК-нің 427-бабында көзделген, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жоятын не оны өзгертетін негіздер және өтінішхатты қанағаттандыруға жататын жайттар жоқ деп есептейді.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот

алқасының 2021 жылғы 19 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Б.Ж.Тоқтарова

Судьялар

Б.Р.Ералиева

А.Ә.Сапарова

Көшірмесі дұрыс Судья

Б.Р.Ералиева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.