6001-21-00-3Г/7749
Қ А У Л Ы
2022 жылғы 14 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы А.Қ.Ескендіров, талап қоюшы К[...] жауапкер Н[...] моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған,
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысын кассациялық тәртіпппен қайта қарау туралы талап қоюшы К[...] өкілі – адвокат К[...] келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
К[...] талаптарын Н[...] кінәсінен жұбайынан айырылып қалғанымен негіздеп, отбасы мен барлық жақын туыстарына уайым, қайғы, ашу, жан азабына салдырып қойғанын көрсетіп, 10 000 000 теңге моральдық зиянның өтемақысын өндіруді сұраған.
Атырау қалалық сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылып, Н[...] К[...] пайдасына 7 000 000 теңге моральдық зиянның өтемі өндірілген.
Талаптың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.
Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, талап қою арызды қанағаттандыру дан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.
Өтінішхатта арыз беруші апелляциялық қаулымен келіспей, соттың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанына сілтеме жасап, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, жаңа сот актісін қабылдауды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.
Іс құжаттарынан анықталғандай, 2020 жылғы 20 тамызда Н[...] Атырау қаласында балқаруында болған «Audi Q5» маркалы, мемлекеттік белгісі [...] автокөлігімен жолда жүру Ережелерін бұзып, алдында бір бағытта келе жатқан С[...] басқаруындағы «Газ 2705 264» маркалы, мемлекеттік белгісі ҒDA/06 автокөлігімен соқтығыс жасаған.
Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан, талап қоюшының жұбайы С[...] келтірілген дене жарақаттардан Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
Атырау қаласының №2 сотының 2021 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Н[...] Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 345-бабының 3-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс бойынша аталған кодекстің 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.
Бірінші сатыдағы сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 917, 934, 951-баптарын және «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №7 нормативтік қаулысында берілген түсіндірмелерді басшылыққа алып, оның іс әрекеттері К[...] жубайының әліміне әкеп соққаның талап қоюшы және отбасы мүшелеріне келтірілген жан арабы дәрежесін ескеріп, ақыл парасаттылық пен әділдік қағидаларын негізге алып жауапкер Н[...] қылмыстық жауаптылықтан босатылуы моральдық зиянның өтемақысы ретінде 7 000 000 теңге ондірген.
Мұндай тұжырымдармен келіспеген апелляциялық сот алқасы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылданған жаңа шешімін келесі уәждермен негіздеген.
Атап айтқанда, АК-нің 930-бабының 3-тармағына сәйкес Н[...] жүйке ауруы және ақыл-ойының кемiстiгi салдарынан өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiне-өзi ие бола алмайтын адам деп танылған.
Іс бойынша К[...] талап арызында Н[...] моральдық зиянның өтемақысын өндіруді талап еткен, соңғының заңды өкіліне болмаса оған жауапты адамдарға оның жасаған іс-әрекетінен келтірілген зиянды, соның ішінде моральдық зиянның өтемақысын өтеу міндетін жүктеу туралы талап қоймаған.
Істің жоғарыда анықталған мән-жайларында АПК-нің 48-бабының 2-бөлігіне және 50-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы еместігі, яғни іс берілген талаптың шегінде қаралуға жататындыгы, тиісті емес жауапкерді ауыстыруға істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жол беріледі.
2020 жылғы 13 қарашадағы № 3803/137 сот-психиатриялық сараптама қорытындысында Н[...] жол-көлік оқиғасын жасаған кезде уақытша псикикалық ауытқушылықта болуына байланысты өз iс-әрекетiнiң мәнiн және қоғамдық қауіптілігін түсiне алмаған күйде болғаны жөнінде тұжырым жасалған.
Сондай-ақ осы сараптама қорытындысында Н[...] созылмалы психикалық аурумен, кемақылдылықпен және психикасының өзге де дерттерімен ауырмайтыны көрсетілген.
АК-нің 930-бабының 3-тармағына сәйкес егер зиянды жүйке ауруы және ақыл-ойының кемiстiгi салдарынан өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiне-өзi ие бола алмайтын адам келтiрсе, сот зиянды өтеу мiндетiн осы адаммен бiрге тұратын еңбекке қабiлеттiлерге: зиян келтiрушiнiң осындай жағдайын бiлген, бiрақ оны әрекетке қабiлетсiз деп тану және оған қорғаншылық жасау туралы мәселе қоймаған жұбайына, атаанасына, кәмелетке толған балаларына жүктеуi мүмкiн.
Өз кезегінде, жоғарыда аталған сараптама қорытындысына сәйкес Н[...] созылмалы психикалық аурумен, кемақылдылықпен және психикасының өзге де дерттерімен ауырмайтындықтан, арыз берушінің апелляциялық сатыдағы соттың АК-нің 930-бабының 3-тармағын дұрыс қолданбағаны жөнінде өтінішхатта келтірген уәждері назарға алынуға жатады.
Осыған байланысты АПК-нің 68-бабымен белгіленген дәлелдемелерді біржақты бағалау қағидаларының бұзылғаны, іс үшін маңызы бар мәнжайлардың толық, жан жақты зерделенбегені туралы арыз берушінің уәждері дау айтылған сот актісін қайта қарау үшін кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін негіздер болып танылады.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшы К[...] өкілі – адвокат К[...] келтірген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі кассациялық сатыдағы сот алқасына берілсін.
Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.
Судья А.Ескендіров
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.