№6001-22-00-6ап/1559 №6001-22-00-6ап/1559 (2)
ҚАУЛЫ
2023 жылғы 28 ақпан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өмірәлиев, талап қоюшының өкілі М[...],
жауапкерлердің өкілдері Б[...], А[...], мүдделі тұлғаның өкілі Қ[...] қатысуыларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы С[...] жауапкерлер Түркістан қаласының әкіміне, «Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы әкімнің қаулысының және оның қосымшасының бөлігін заңсыз деп тану, оның және оның қосымшасына өзгеріс енгізуді міндеттеу және өтемақыны төлеуді туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 29 маусымдағы ұйғарымына талап қоюшы С[...] және оның өкілі М[...] келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 24 наурыздағы ұйғарымымен талап қою бойынша талап қою мерзімі қалпына келтірілген. Осы сотының 2022 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1890 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының және оның қосымшасының О[...] қатысты бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Түркістан қаласының әкіміне Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1890 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына және оның қосымшасына «О[...]» деген жазбаның орнына «С[...]» деп өзгеріс енгізу міндеттелген.
Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 29 маусымдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы шешімінің күші жойылып, талап қоюшы С[...] талап қоюы кері қайтарылған.
Талап қоюшымен талап қоюшының өкілі кассациялық шағымдарында іс бойынша апелляциялық сот алқасының ұйғарымымен келіспейтінін көрсетіп, оның күшін жойып, талап қоюды толығымен қанағаттандыруды сұраған.
Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымды қолдаған, жауапкерлер өкілдерінің шағымдармен келіспеген пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге апелляциялық сот алқасымен жол берілген.
Іс материалдарын анықталғандай, бірінші сатыдағы соттың 2022 жылғы 24 наурыздағы ұйғарымымен талап қоюшы С[...] сотқа талап қоюмен жүгінудің өткізіп алған мерзімі қалпына келтірілген. Апелляциялық сот алқасы бұл процессуалдық шешімімен келіспей, 2019 жылғы 26 желтоқсандағы даулы қаулы туралы талап қоюшыға Түркістан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2020 жылы 27 тамызда қабылданған қаулысымен белгілі болғанын көрсеткен. Бірақ талап қоюшымен әкімшілік актіні даулау туралы және оған өзгерістер енгізу міндеттеу туралы талап қою сотқа тек 2022 жылы 19 қаңтарда берілген.
С[...] АПК-нің 126-бабында көрсетілген талап қою мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алғанын, соттың заңды бұзған жағдайын немесе талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндігін шектейтін сот актісінің болғанын растайтын дәлелдер ұсынбаған, сондай-ақ сотқа уақытылы шағым беруге немесе сотқа жүгінуге оған кедергі болған өзге де мән-жайлар туралы сотқа дәлелдер келтірмеді деп көрсеткен.
Апеляциялық сот алқасының бұл тұжырымы негізсіз болып табылады. ӘРПК-нің 143-бабының бірінші бөлігі 2) тармақшасына сай алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді. Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады.
ӘРПК-нің бірінші бабының 3- бөлігіне сәйкес егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады.
АПК-нің 126-бабының жетінші бөлігіне сәйкес процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
Яғни, қолданыстағы процессуалдық заңнамасының жоғарыда аталған нормаларының талаптарынан бірінші сатыдағы соттың талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы шешімін жоғары сатыдағы сотпен қайта қарауға болмайтындығы анықталады.
Сонымен қатар, АПК-нің 424-бабында апелляциялық сатыдағы сот істі қысқарту немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдар шығара отырып, бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жоя алатын негіздердің толық тізбесі көзделген.
Көрсетілген нормалармен, сондай-ақ ӘРПК-нің нормаларымен апелляциялық сатысынан процестік мерзімін өткізіп алуына байланысты талап қоюды кері қайтару көзделмеген.
Алайда, апелляциялық сот алқасы талап қоюды кері қайтарып, процессуалдық заңының нормаларын бұзып, өз құзыретінің шегінен тыс шыққан.
ӘРПК-нің 16-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мәнжайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.
Апелляциялық сатыдағы сот әкімшілік іс жүргізудің көрсетілген қағидатын іске асырмады. Іс бойынша тараптардың дәлелдерін жан-жақты тексерусіз, іс бойынша шындықты анықтау үшін қажетті дәлелдемелерді талап етпестен нақты қарамаған.
АПК-нің 413-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.
Апелляциялық сатыдағы сот жол берген бұзушылықтарды кассациялық іс жүргізу шеңберінде жоюға болмайтынын назарға ала отырып, шағымданатын сот актісінің істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа қарауға жібере отырып, күші жоюға жатады.
Апелляциялық сот алқасы істі қараудың толықтығы мен объективтілігін, процесуалдық құқығы нормаларының, әкімшілік сот ісін жүргізудің ӘРПК-нің 7, 8, 13, 16-баптарында белгіленген негізгі қағидаттарының толық орындалуын қамтамасыз етпегендіктен, осы іс бойынша шағым беріліп отырған сот актісінің күші жоюға, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа құрамда қарауға жіберілуге жатады. ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 29 маусымдағы ұйғарымының күші жойылсын.
Іс Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына басқа құрамда жаңадан қарауға жолдансын.
Талап қоюшы С[...] және оның өкілі М[...] кассациялық шағымдары ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.