Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 19.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/222(3) (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 19 мамыр № 6003-26-00-2к/222(3) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші С.Қ.Нұрабай,судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.С.Алпысова, прокурор Р.Б.Казмуханбетовтың, талап қоюшылардың өкілі М.Д.Джанабаевтің, жауапкердың өкілі С.Н.Нурановтің қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшылар Абай Кенесович Ахметовтың, Салиха Абаханованың, Амангелды Онласбековтың, Шакаризада Байгараеваның, Роза Орынбасаровна Пернебекованың, Амангельды Тиркешовтың жауапкерлер Шымкент қаласының әкіміне, «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, үшінші тұлғалар: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Шымкент қаласының жер қатынастары» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесін өтеусіз жалға беру туралы үлгілік шартын заңсыз деп танып, мемлекеттік тіркеуінің күшін жою туралы 2025 жылғы 24 желтоқсандағы Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қаулысына талап қоюшылардың өкілінің берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Талап қоюшылар жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 7 қазандағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, 2024 жылғы 20 маусымдағы №001/2433 жер учаскесін өтеусіз жалға беру туралы үлгілік шарт заңсыз деп танылған, ал мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертіліп, үлгілік шартты заңсыз деп тану туралы бөлігінің күші жойылып, осы бөлікте талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.

Кассациялық шағымда талап қоюшылардың өкілі апелляциялық саты сотының материалдық және процестік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, апелляциялық қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Іс материалдарын зерттеп, кассациялық шағым уәждерін талқылап, тараптардың түсініктерін тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Апелляциялық сот алқасымен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс материалдарынан анықталғандай, талап қоюшыларға Жаңаталап ауылдық Кеңесі төрағасының 1993 жылғы 23 сәуірдегі №44 қаулысымен 0,08 га көлеміндегі жер учаскелері бөлінген.

Кейіннен Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы қаулыларымен талап қоюшыларға аталған жер учаскелеріне үш жыл мерзімге уақытша жер пайдалану құқықтары беріліп, сәйкестендіру құжаттары рәсімделген.

Соттармен талап қоюшылардың жер учаскелеріне меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өтпегені, сондай-ақ уақытша жер пайдалану мерзімі 2019 жылы аяқталғаны анықталған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 118-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтар мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер пайдалану құқығы учаске берілген мерзімнің өтуіне байланысты тоқтатылады.

Апелляциялық саты соты талап қоюшылар даулы жер учаскесіне құқықтарының мемлекеттік тіркеуден өтпегенін, ал олардың уақытша жер пайдалану құқықтарының мерзімі аяқталғанын дұрыс анықтаған.

Сондай-ақ апелляциялық сот Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 қарашадағы қаулысының осы дау бойынша преюдициялық мәні жоқ екенін негізді түрде көрсеткен. Өйткені, аталған іс бойынша өзге құқықтық қатынастар мен өзге әкімшілік актілер дауланған.

Іс материалдарына сәйкес, «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің даулы жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығы 2024 жылғы 19 қыркүйекте мемлекеттік тіркеуден өткен.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының талаптарына сәйкес тіркелген құқықтар тіркелмеген құқықтарға қарағанда басымдыққа ие болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қазандағы №916 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес даулы жер телімі қоғамдық іскерлік нысандар аумағында орналасқан.

Кассациялық шағым уәждері апелляциялық соттың қорытындыларын теріске шығармайды және сот актісінің күшін жоюға негіз болмайды.

Апелляциялық саты соты іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық және жан-жақты зерттеген, материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданған.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

2025 жылғы 24 желтоқсандағы Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшылардың өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: С.Қ.Нұрабай

В.Е.Тохтарбаева

Судьялар:

Л.С.Алпысова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.