6003-25-00-2к/5684
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 26 мамыр Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,
судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор А.Е.Кадылбековтың, аудармашы Е.А.Төкештің,
талап қоюшының өкілі А.М.Калиакпаровтың, жауапкер «AS Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Б.А.Омарованың, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өкілі Р.Ж.Суюндиковтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Мекеме) жауапкерлер «AS Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі-ЖШС), «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі-АҚ) жер учаскесіне мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2025 жылғы 26 маусымдағы шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 9 қырқүйектегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ :
Мекеме жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 9 қырқүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2025 жылғы 26 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында төменгі соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген. Іс құжаттарына қарағанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 510-2828 қаулысымен «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на на жапсарлас салынған үй-жайлары, паркингі және бизнес орталығы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін жалпы көлемі 2,1447 гектарды құрайтын, кадастрлық (бағалау) құны 186 329 391 теңге, Нұр-
Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е542 және Е565 көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан (жобалық атауы) жер учаскесіне 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілген.
2021 жылғы 26 тамызда Мекеме (бұдан әрі - жалға беруші) мен «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - жалға алушы) арасында № 42740 жер учаскесін жалдау шарты жасалған, оның шарттары бойынша жалға беруші жалға алушыға өзіне меншік құқығында тиесілі жалпы көлемі 2,1447 гектарды құрайтын жер учаскесін кадастрлық (бағалау) құны 186 329 391 теңге, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е542 және Е565 көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан (жобалық атауы) жер учаскесін кадастрлық нөмірі 21-320-135-4954 жапсарлас салынған үй-жайлары, паркингі және бизнес орталығы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалануға берген.
2022 жылғы 11 наурызда жалға алушы мен «AS Development» ЖШС-нің арасында бірлескен қызмет туралы № 03-6/43 шарт жасалған.
2022 жылғы 28 сәуірде «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «AS Development» ЖШС арасында жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру шарты жасалған, оның талаптары бойынша жалға беруші 2026 жылғы 23 тамызға дейінгі мерзімге Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е669 көшесі, 7 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 21-320-135-4954 қоса салынған үй-жайлары, паркингі және бизнес орталығы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін жалпы көлемі 2,1447 гектарды құрайтын жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын берген, ал жалға алушы қабылдаған.
2022 жылғы 11 мамырда талап қоюшы мен «AS Development» ЖШС арасында № 46384 жер учаскесін жалға алу шарты жасалды, оның шарттары бойынша жалға беруші жалға алушыға өзіне мемлекеттік меншік құқығында тиесілі жалпы көлемі 2,1447 гектарды құрайтын, кадастрлық нөмірі 21320-135-4954, бөлінбейтін жер учаскесін 2026 жылғы 23 тамызға дейін НұрСұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е669 көшесі, 7 учаске мекенжайда орналасқан қоса салынған үй-жайлары, паркингі және бизнес орталығы бар көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалануға (жалға) берген.
Талап қоюшы сотқа жоғарыда көрсетілген шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюында мәмілелердің заңнама талаптарын бұза отырып жасалғандығын, нысанның салынбағанын, келісімнің орындалмағанын, көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмағанымен уәждеген. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 147-бабына сәйкес, орталық уәкілетті орган осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шегінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Аумақтық бөлімшелер жердің пайдаланылуы мен қорғалуына, атап
айтқанда:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 157-бабының 3- тармағына сай, мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген жер заңнамасымен мәмілелерді жарамсыз деп тануды талап етуге тиісті мемлекеттік орган айқындалған.
Мекеме тиісті талап қоюшы бола алмайды, себебі аталған мемлекеттік орган даулы шартты жасасу барысында заңнама талаптарының бұзылуына жол берген. Өзінің жіберген бұзушылықтарына сілтеме жасай отырып, сол бұзушылықтарды даулауға бағытталған талап қоюы құқықты теріс пайдалану деп бағаланады. Мұндай жағдайда талап қою құқығы заңда белгіленген құзыретті мемлекеттік бақылау органына тиесілі.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2025 жылғы 26 маусымдағы шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
А.О.Тогумбетова
Судьялар:
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.