6001-23-00-6ап/1878
Қ А У Л Ы
2024 жылғы 12 шілде Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,
судьялар Б.Т.Нажмиденов, Г.К.Нұрбаев болып,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы А[...] жауапкер «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығару әрекетін заңсыз, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығару туралы хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша,
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 9 наурыздағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 маусымдағы қаулысына жауапкердің берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 9 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің А[...] тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығару әрекеті заңсыз деп танылған.
«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 19 қазандағы А[...] тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығару бөлігі заңсыз деп танылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.
Жауапкер кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған шығарылған бірінші және апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.
Тараптар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Іс құжаттарын зерттеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) төмендегідей тұжырымға келеді. ӘРПК 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
А[...] халықтың әлеуметтік жағдай төмен азаматтар тобындағы толық емес отбасы санаты бойынша, яғни талап қоюшы тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың есебіне 2012 жылы 25 қазанда №53 кезегі бойынша тұрған.
2022 жылдың 19 қазандаға жауапкердің хаттамалық шешімі бойынша А[...] тұрғын үй кезегіне толық емес отбасы ретінде жанұя құрамы 5 адам болып тіркелген. Қазіргі таңда тіркеуде өзі және 1992 жылы туылған ұлы. 2022 жылғы 15 шілдеде өткізілген тексерудің нәтижелеріне сәйкес отбасының жанұя мүшелеріне шаққандағы кіріс көзі соңғы 12 айдағы күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициентінен асып тұр деген негізбен талап қоюшы кезектен шығарылған.
2022 жылғы 9 желтоқсанда жауапкер, талап қоюшының қызы К[...] иелігінде Түркістан қаласы, Жаңа қала 11 көшесі, №[...] үй, №[...] пәтері №41, 2022 жылғы 14 қаңтардағы сатып алу-сату шарты негізінде тіркеліп, №484 2022 жылғы 1 ақпандағы сатып алу-сату шарты негізінде меншіктен шығарылған. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 73-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және тұрғын үй комиссиясының 2022 жылғы 19 қазандағы хаттамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен талап қоюшы шығарылғандығы жөнінде оған хабарлама жолдаған.
Сот алқасы, жергілікті соттардың жауапкердің 2022 жылғы 19 қазандағы талап қоюшы А[...] тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығару туралы хаттамалық шешімі заңсыз деген тұжырымымен толық келіседі.
Заңның 73-бабы 1-тармағының 4)тармақшасына сай азаматтар жер учаскесiн алған және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтаған немесе тұрғын үй сатып алған жағдайларда, оларды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж адамдар есебiнен шығару жүзеге асырылады.
Жергілікті соттармен талап қоюшының атына тіркелген тұрғын үй жайы жоқ екендігі, талап қоюшының қызы К[...] 2014 жылы тұрмысқа шыққанын, жолдасының әкесі дүние-мүлкін өзінің атына тіркегенін, анасы А[...] өз отбасымен бөлек тұратынын анықталған.
Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайды.
Жоғарыда көрсетілгендей А[...] халықтың әлеуметтік жағдай төмен азаматтар тобындағы толық емес отбасы санаты бойынша, тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың есебіне тұрған.
Алайда талап қоюшы Заңның жоғарыдағы нормасы негізінде есептен шығаруға жатпайды.
Осының негізінде төмеңгі сатыдағы соттар әділеттілік өлшемшарттарын басшылықа алып, әкімшілік талапты қанағаттандыру жайлы негіздемелерін толық көрсеткен.
АПК-ның 452 бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426 бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән-жайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 9 наурыздағы шешімі және Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз, жауапкер «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Дуйсенбаев Г.Б.
Судьялар
Нажмиденов Б.Т. Нұрбаев Г.К.
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.