Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 23.10.2025 по делу 6003-25-00-2к/4107 (Гражданское)

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2025 жылғы 23 қазан Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық соттың төрағасы міндетін атқарушы, судья Ж.К.Рустембеков, осы соттың судьясы А.К.Есдаулетовтың азаматтық істі қараудан өздігінен бас тартуын қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

А.Б.Аптихановтың жауапкер «Қызылорда облысының полиция Департаменті» ММ-не тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты өзіне қатысты бөлігінде заңсыз деп танып, күшін жою, бұрынғы лауазымына қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақытына жалақы өндіру туралы талап қою бойынша Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 сәуірдегі қаулысына берген кассациялық шағымы, судья А.К.Есдаулетовтың өндірісіне түскен.

Судья А.К.Есдаулетов апелляциялық саты сотында істі қарауға қатысқан.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 37-бабының 2-бөлігінің талабы бойынша, апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық сатылардағы соттарда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісінің күші жойылған жағдайда істі апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.

Сондықтан процестік заңмен тікелей шектеу болғандықтан өздігінен бас тарту қанағаттандырылуға жатады.

АПК-тің 41, 42, 268, 269-баптарын басшылыққа алып,

Ұ Й Ғ А Р Д Ы:

Судья А.К.Есдаулетовтың азаматтық істі қараудан өздігінен бас тартуы қабылдансын.

№6003-25-00-2к/4107 азаматтық ісі осы соттың басқа судьясының қарауына берілсін.

Төраға м.а. судья: Ж.К.Рустембеков

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.