Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 04.03.2026 по делу 6003-25-00-2к/5475 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 4 наурыз №6003-25-00-2к/5475 (3) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова судьялар Қ.Айтжанов, А.Токсанбаев, талап қоюшы Б[...], жауапкер өкілі К[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Б[...] жауапкерлер А[...], Д[...], С[...], С[...], Б[...], С[...], жеке нотариус У[...], жеке нотариус У[...] сатып алу - сату келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 14 наурыздағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулысына жауапкер Б[...] кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Б[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 14 наурыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.

Талап қоюшы Б[...] меншік құқығымен тиесілі кадастрлық №[...] жалпы алаңы 0,045 га жер телімі бөлігінде А[...] мен Д[...] арасында жасалған 2011 жылғы 28 желтоқсандағы тізілімде №27993, сенімхат негізінде әрекет етуші А[...] мен С[...] арасында жасалған 2015 жылғы 3 сәуірдегі тізілімде №2464, С[...] пен Б[...] арасында жасалған 2019 жылғы 26 қазандағы тізілімде №3725 куәландырылған қонақ үйі және оған тиесілі жер телімін сатып алу – сату туралы келісім шарттары жарамсыз деп танылып, күші жойылған.

Сот шешімімен сот шығындары шешілген.

Талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер Б[...] кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруды сұрайды.

Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

Жауапкер Б[...] заңда көзделген алты айлық мерзім шегінде 2025 жылғы 18 желтоқсанда сот актілеріне кассациялық шағым берген. Б[...] Шағым мемлекеттік баж дұрыс төленбегеніне байланысты сотпен 2025 жылғы 24 желтоқсанда қайтарылған. Осыдан кейін, жауапкер кемшілікті түзетіп, кассациялық шағымды сотқа 2025 жылғы 29 желтоқсанда беріп, шағым беру мерзімін қалпына келтіруді сұраған.

әрі – АПК) 436-бабы 1-бөлігіне сәйкес апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға кассациялық шағым, наразылық берілуі мүмкін.

АПК-нің 126-бабы 2-бөлігіне сәйкес егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.

Сот. жауапкермен бастапқыда кассациялық шағым сотқа алты айлық мерзім шегінде берілгенін, ол шағым мемлекеттік баж дұрыс төленбегеніне байланысты қайтарылғанын ескеріп, кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтіру туралы өтінішхат қанағаттандыруға жатады деп табады.

АПК-нің 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сотпен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Сарыағаш ауданы Көктерек поселкесі әкімінің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы №27 шешімімен Б[...] кафе, қонақ үй құрылысы үшін Сарыағаш ауданы, Көктерек кенті, Келес көшесінде орналасқан 0,045 га жер телімі жеке меншікке беріліп, 2001 жылғы 5 мамырда кадастрлық №19296-100-031 сәйкестендіру актісі рәсімделген. Б[...] жер теліміне меншік құқығы 2002 жылғы 20 қарашада тіркелген.

Сарыағаш ауданы, Көктерек поселкесі әкімінің 2002 жылғы 13 шілдедегі №31 шешімімен А.А[...] кентінен «Ай-Ғасыр» 25 орындық қонақ үйі орналасқан 1328 шаршы метр жер теліміне жеке меншікке сатып беріліп, 2002 жылғы 6 қыркүйекте кадастрлық №[...] сәйкестендіру актісі рәсімделген. А[...] жер теліміне меншік құқығы 2002 жылғы 18 желтоқсанда тіркелген.

«Ай-Ғасыр» қонақ үйі мен оған тиесілі жер телімі Сарыағаш ауданы, Көктерек кенті, Келес көшесі, №3 А мекен-жайында орналасқан.

Сарыағаш аудандық сотының 2003 жылғы 25 маусымдағы шешімімен Б[...] жауапкер А[...] «Ай-Ғасыр» қонақ үйіне меншік үлесін, үлестің құнын, қонақ үйдің құрылысына кеткен шығынға қатысу үлесін анықтау, Сарыағаш ауданы Көктерек поселкесі әкімінің 2002 жылғы 13 шілдедегі №31 А[...] 25 орындық қонақ үй салуға 1328 шаршы метр жер беру туралы шешімін заңсыз деп тану, А[...] «Ай-Ғасыр» қонақ үйіне меншік құқығын жою туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сарыағаш аудандық сотының 2004 жылғы 31 тамыздағы шешімімен талап қоюшы Сарыағаш аудандық прокуратурасының талап қоюы қанағаттандырылып, Көктерек поселкесі әкімінің Б[...] жер телімін беру туралы 1999 жылғы 30 желтоқсандағы №32, 2000 жылғы 5 мамырдағы №27 шешімдері, Сарыағаш аудандық жер комитетінің Б[...] атына ресімдеген мемлекеттік актілері, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркеуі заңсыз деп танылған.

Шешімдер заңды күшіне енуіне байланысты орындалған.

Сарыағаш аудандық сотының 2013 жылғы 30 қазандағы үкімімен Көктерек кенті әкімі лауазымын атқарған Ш[...] Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 307-бабы 3- бөлігімен, инженер А[...] пен техник Х[...] ҚК-нің 325-бабы 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, сотталған.

Сот үкімімен Сарыағаш ауданы Көктерек поселкесі әкімінің 2002 жылғы 13 шілдедедегі №31 шешімін шығару барысында Ш[...], А[...] және Х[...] тарапынан заңсыздыққа жол беріліп, яғни А.Б[...] поселкесі әкімінің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы №27 шешімі негізінде меншік құқығымен кадастрлық №[...] жер телімі берілгеніне, «Ай-Ғасыр» қонақ үйі сол жер телімінде орналасқанына қарамастан, беттестіре отырып, сондай-ақ жер телімінің координаттарын өзгерту арқылы А[...] жер телімі берілгені анықталған.

Сот үкімі заңды күшіне енгеніне орай, Сарыағаш аудандық сотының 2003 жылғы 25 маусымдағы шешімі және 2004 жылғы 31 тамыздағы шешімі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша бұзылып, бір өндіріске біріктіріліп қайта қаралған.

Нәтижесінде, Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының 2018 жылғы 31 мамырдағы шешімімен Б[...] талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, А[...] 1 328 шаршы метр жер беру туралы №31 шешім мен оның негізінде рәсімделген мемлекеттік акті жарамсыз деп танылған. Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған

Сондай-ақ, осы сот шешімімен талап қоюшы Сарыағаш ауданы прокуратурасының талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Заңды күшіне енген Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысымен аталған сот шешімі өзгертіліп, Сарыағаш ауданы Көктерек поселкесі әкімінің А[...] жер беру туралы 2002 жылғы 13 шілдедегі №31 шешімінің А[...] 0,0878 га жер теліміне қатысты бөлігін жарамсыз деп тану туралы Б[...] талап қоюының бөлігін қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Демек, бұл мән-жайлардан талап қоюшының кадастрлық №[...] жалпы алаңы 0,045 га жер теліміне меншік құқығы қалпына келтірілгені анықталған.

Сонымен қатар, Б[...] арызы негізінде А[...] қатысты №08515403100355 қылмыстық ісі қозғалғанына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Тергеу басқармасының аға тергеушісі О[...] 2009 жылғы 19 мамырдағы қаулысы негізінде А[...] атына меншік құқығымен тіркелген «Ай-Ғасыр» қонақ үйі мен оған тиесілі жер теліміне (кадастрлық №[...]) тыйым салынған.

Алайда, жылжымайтын мүлікке қатысты тыйым заңсыз босатылғаны, нәтижесінде 2011 жылғы 28 желтоқсанда мүлік үшінші тұлға - Д[...] сатылып, Б[...] құқығы бұзылғаны анықталып, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 16 ақпандағы үкімімен Сарыағаш ауданы Әділет басқармасының бастығы лауазымын атқарған Т[...] ҚК-нің 370-бабы 1-бөлігімен сотталған. Үкім заңды күшіне енген. Жергілікті соттар АПК-нің 76-бабы 2, 3-бөліктерінің талаптарына сәйкес жоғарыда атап өткен заңды күшіне енген сот актілерінде көрсетілген және анықталған мән-жайлар, олардың құқықтық бағасына қатысты сот тұжырымы осы азаматтық істі қарау барысында қайта дәлелдеуді қажет етпейді деген дұрыс түйін жасаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 188бабы 1, 5-тармақтарына сәйкес меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.

АК-нің 157-бабы 2,3-тармақтарының талаптарына сай мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.Мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін.

АК-нің 160-бабы 1-тармағына сәйкес, оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.

Сотқа талап қоюымен жүгіне отырып, Б[...] жылжымайтын мүлікке қатысты сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп тануды сұраған.

2011 жылғы 28 желтоқсанда А[...] мен Д[...] арасында даулы жылжымайтын мүлікті, яғни қонақ үй ғимараты мен жалпы алаңы 1 328 шаршы метр жер телімін сатып алу-сату келісім шарты жеке нотариус У[...] куәландырылып, мемлекеттік тіркеуден өткен. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 9 қазандағы қаулысы орындала отырып, А[...] жер беру туралы Көктерек поселкесі әкімінің 2002 жылғы 13 шілдедегі №31 шешімінің 43,8 шаршы метр жеріне қатысты бөлігі жарамсыз деп танылғанына орай, жер телімінің көлемі 0,12842 га болып өзгерген.

Сенімхат негізінде Д[...] атынан әрекет еткен А[...] сатушы ретінде қатысқан және жұбайы С[...] келісімімен сатып алушы ретінде әрекет еткен С[...] арасында даулы мүлікті, яғни қонақ үй ғимараты мен 0,12842 га жер телімін сатып алу - сату келісім шарты 2015 жылғы 3 сәуірде жеке нотариус У[...] куәландырылып, меншік құқығы тіркелген.

С[...] сатушы ретінде және жұбайы С[...] келісімімен сатып алушы ретінде Б[...] арасында даулы мүлікті сатып алу - сату келісім шарты 2019 жылғы 26 қазанда жеке нотариус У[...] куәландырылып, меншік құқығы тіркелген.

Сарыағаш аудандық жер кадастры бөлімінің 2025 жылғы 27 ақпандағы қорытындысына сәйкес Б[...] тиесілі кадастрлық №[...] жалпы алаңы 0,045 га жер телімі Көктерек ауылдық округі, Көктерек [...] мекен-жайында орналасқан. С[...] тиесілі кадастрлық №[...] жалпы алаңы 0,1328 га жер телімі Көктерек ауылдық округі, Көктерек [...] мекен-жайында орналасқан. Кадастрлық №[...] жалпы алаңы 0,045 га жер телімі кадастрлық №[...] жалпы алаңы 0,1328 га жер телімдерімен беттеседі. «Ай-Ғасыр» қонақ үйі ғимараты кадастрлық №[...] және №[...] жер телімінде де орналасқан.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда жауапкер С[...] талап қоюды мойындайтынын, А[...] даулы мүлікті уақытша өз атына, кейіннен Б[...] атына ресімдеу туралы ұсынысына келіскенін, іс жүзінде мәмілелер орындалмағанын, олар бойынша ақша-қаражат төленбегенін және Б[...] арада осы мүлікке қатысты дау бар екені өзіне мәлім бола тұра жасалғанын көрсеткен.

Дәлелдеме қатарында ұсынылған және преюдициялық күші бар сот актілерімен бекітілгендей, Б[...] кадастрлық №[...] жалпы алаңы 0,045 га жер теліміне қатысты меншік құқығы жойылмаған, заңнамада белгіленген негіздермен тоқтатылмаған, керісінше оның бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.

Бірінші сатыдағы сот, А[...] өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанынан, оның аясында даулы мүлікке тыйым салынғанынан, Б[...] азаматтық талап қоюлары негізінде тарап бола отыра, оның құқықтары қалпына келтірілгені белгілі бола тұра, Б[...] тиесілі

жер телімін иелігінде сақтап қалу мақсатында өзінің атынан Д[...], Д[...] атынан сенімхат арқылы әрекет ете отырып, С[...], С[...] өзінің туысқаны Б[...] сатып алу-сату мәмілелері арқылы рәсімдеген, яғни құқықтық салдар тудыру мақсатынсыз жалған мәмілелер жасалған деп негізді тұжырымға келген.

Сонымен қатар, соттар Б[...] меншік құқығымен тиесілі кадастрлық №[...] жалпы алаңы 0,045 га жер телімі оның еркінен тыс иелігінен шыққанын, сондай-ақ іс бойынша анықталған мән-жайлар негізінде, Д[...], С[...], Б[...] және олардың жұбайлары С[...] мен С[...] адал сатып алушы деп тануға құқықтық негіз жоқ деген дұрыс қорытынды жасаған.

Жауапкер Б[...] талап қою мерзімі ескіргені туралы уәжі негізсіз, себебі даулы жер телімі талап қоюшы Б[...] иелігінен шықпаған. Даулы жер теліміне Б[...] меншік құқығы жауапкер А[...] бұрын тіркелген. Мұндай жағдайда, АК-нің 187-бабы 4) тармағына сәйкес талап қою мерзімі қолданылмайды.

Б[...] дау бойынша талап қоюшының даулы 0,045 га жер теліміне құқықтары бар екені жергілікті атқару органының шешімі және сот актісімен анықталған. Сондықтан жауапкердің талап қоюшымен әкімнің шешімі негізінде жасалған шарт дауланбағаны туралы уәжі даулы мәмілелердің бір бөлігін жарамсыз деп тану талабын қанағаттандыру жайлы сот актілерінің заңдылығына әсер етпейді.

Соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықталған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары істің мәнжайларына сәйкес келеді.

Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды.

Шағымның уəждері сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.

Сондықтан, сот актілер күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Жауапкер Б[...] кассациялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхаты қанағаттандырылып, Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 14 наурыздағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулысына кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 14 наурыздағы шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулысы күшінде, жауапкер Б[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья А.Даненова

Судья Қ.Айтжанов А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.