ВС РК - Определение от 14.04.2021 по делу 6001-21-00-3гп/98 (Гражданское)

6001-21-00-3гп/98

2021 жылғы 14 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья М.Т.Таймерденов,

судьялар А.ҚК.Ескендиров, Б.Ж.Токтарова,

талап қоюшы С[...] өкілі – адвокат Н[...], «ФФ[...]» ЖШС-нің өкілі О[...], жеке сот орындаушы И[...] қатысуымен мобильді бейнеконференцбайланысы арқылы Қазақсан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырсында талап қоюшы С[...] жауапкерлер «ФФ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік), жеке сот орындаушы И[...] атқарушылық жазба бойынша ақша сомасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша қабылданған Көкшетау қалалық сотының 2020 жылғы 27 шілдедегі және Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 1 қазандағы ұйғарымдарын қайта қарау туралы С[...] өтінішхаты бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

С[...] сотқа жоғарыда аталған талап қою арызымен жүгініп, уәждерін Серіктестіктің пайдасына 440 946 теңге өндіру туралы атқарушылық жазбаның күші сот шешімімен жойылғанымен негіздеп, өзінің пайдасына серіктестіктен 95 765 теңгені, жеке сот орындаушы (бұдан әрі – ЖСО) И[...] 23 939 теңгені өндіруді сұраған. Көкшетау қалалық сотының 2020 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымымен талап қою арызы қабылдаудан бас тартылған.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 01 қазандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арызданушы жергілікті соттардың талап бойынша қабылдаған шешімдерімен келіспей, бірінші сатыдағы сот талап арызын қабылдаудан бас тарта отырып, қандай кемшілік орын алғанын және кемшілік болған жағдайда оны жою тәртібін мүлдем көрсетпегенін алға тартып, дауланған сот актілерінің күшін жоюды, талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдауды сұраған.

Сот алқасы арызданушы С[...] өкілі – адвокат Н[...] өтінішхатты қолдаған пікірін, серіктестік өкілі О[...] пен ЖСО И[...] талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы

түсініктерін тыңдап, іс құжаттары мен өтінішхат уәждерін зерделеп, төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Алайда, мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, Ақмола облысы Көкшетау қаласының жеке нотариусы Р[...] 2019 жылғы 2 қазандағы № 7664 атқару жазбасымен С[...] серіктестіктің пайдасына 434 438 теңге қарыз сомасы өндірілген.

2019 жылғы 29 қазанда ЖСО И[...] С[...] аталған соманы өндіріп алу туралы қаулы қабылдаған.

ЖСО И[...] атқару өндірісін жүргізу барысында С[...] серіктестіктің пайдасына 95 765 теңге, өз қызметтері үшін 23 939 теңге өндірген.

2020 жылғы 29 қаңтардағы Көкшетау қалалық сотының шешімімен С[...] шағымымен жоғарыда аталған атқарушылық жазбаның күші жойылған.

2020 жылғы 26 маусымдағы Қызылорда қалалық сотының ұйғарымымен С[...] жауапкерлерден жоғарыда көрсетілген сомаларды өндіріп алу туралы талап арызы АПК-нің 151-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтындығы негізімен қабылдаудан бас тартылған.

Бұл ретте атқарушылық жазбаның негізінде берешек өндіріліп, атқарушылық іс жүргізу қозғалатындықтан, атқарушылық жазба сот актісіне теңестірілетінін қорытындылап, сот өз тұжырымын АПК-нің 247-бабының ережелерін аналогия бойынша қолдану мүмкіндігімен негіздеген.

Аталған жағдайда С[...] сот шешімін (атқарушылық жазбаны) бұру туралы арызбен сотқа жүгіну құқығына ие екендігіне нұсқаған.

Осы нұсқауға сүйеніп, С[...] Көкшетау қалалық сотына атқарушылық жазбаның орындалуын бұру туралы арызбен жүгініп, сұрау бөлігінде Серіктестіктен 95 765 теңге және ЖСО И[...] 23 939 теңге өндіріп беруді талап еткен.

Көкшетау қалалық сотын қолдаған Ақмола облыстық соты АПК-нің 151-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды деген тұжырым жасап, талап қою арызын қабылдаудан бас тартқан. АПК-нің 247-бабының 1-бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген, толық немесе бір бөлігінде орындалған бірінші сатыдағы сот шешiмiнің күш жойылған және сот талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған жағдайда талап қоюшыдан күшi жойылған шешiм бойынша ол алғанның барлығы өндiрiп алынады (шешiмнiң орындалуын бұру). Жоғарыда айтылғандардан келіп шығатыны, сот шешімін орындауды бұру, кейіннен күші жойылған шешімнің орындалуымен жауапкердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді білдіреді. Аталған заң нормасының мәтінінде оны қолданудың және жүзеге асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттары көрсетілген, яғни талаптары толық болып табылады және кеңінен түсіндірілуге жатпайды.

Қарастырылып отырған жағдайда сотпен арыз берушіге қатысты шешім шығарылмаған және ол кейіннен орындалмаған, сондай-ақ күші жойылмаған, яғни осы талап қою арызы бойынша С[...] соманы өндіру туралы сот шешімі және оның күшін жою туралы жаңа сот актісі қабылданбаған, ал сот шешімін бұруға осы екі шарт болған жағдайда ғана жол беріледі.

Өз кезегінде, қолданыстағы заңнамада атқарушылық жазбаның орындалуын бұруды реттейтін нормалар көзделмегендіктен, ондай талаптың азаматтық тәртіпте қаралуы қисынсыз болып табылады. Мұндай жағдайда кассациялық сот алқасы жергілікті соттардың тұжырымдарын заңды және негізді, ал өтінішхат уәждерін негізсіз деп санайды.

Іс бойынша қабылданған сот актілері өзгеріссіз, ал С[...] өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Көкшетау қалалық сотының 2020 жылғы 27 шілдедегі және Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 1 қазандағы ұйғарымдары күшінде, С[...] өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Төрағалық етуші М.Таймерденов Судьялар А.Ескендиров Б.Токтарова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.