№6001-25-00-6ап/227
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 17 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,
судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып
жауапкерледің өкілдері Д.Орманбектің, Ж.Үсеновтың,
мүдделі тұлға «Досаханова Самал» жеке кәсіпкерінің (бұдан әрі – ЖК «Досаханова») өкілі Б. Сералиевтың қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Нурмаханова Н» атауымен әрекет етуші жеке кәсіпкер Нурсулу Китабалаевна Нурмаханованың (бұдан әріЖК «Нурмаханова») жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Департамент), «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Басқарма) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, конкурс қорытындылары туралы хаттамалардың күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қазандағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 қарашадағы қаулысына мүдделі тұлға «Досаханова» ЖК-нің өкілі Б.К.Сералиевтың келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
ЖК «Нурмаханова» жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Департаменттің 2024 жылғы 19, 31 шілдедегі №431010000-КпОПО-32301207, №431010000-КпОПО-31-302745 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалары заңсыз деп танылып, күші жойылған;
Басқарманың 2024 жылғы 27 маусымдағы, 24 шілдедегі №12467024ОК1, 2024 жылғы 10 шілдедегі, 26 тамыздағы №12491620-ОК1 қорытындылар туралы хаттамалары заңсыз деп танылып, күші жойылған;
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досаханова Самал» ЖК арасында жасалған 2024 жылғы 9 тамыздағы №102 қызмет көрсету туралы шарты жарамсыз деп танылған;
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Беркенова» ЖК арасында жасалған 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №43 қызмет көрсету туралы шарты жарамсыз деп танылған.
Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Мүдделі тұлға кассациялық шағымында іс бойынша соттар шешім қабылдағанда материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
2025 жылғы 10 сәуірінде мүдделі тұлға «Досаханова» ЖК-нің өкілі Б.К.Сералиевтен кассациялық шағымды кері қайтару туралы өтініш түсті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 435-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өтiнiшхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы.
АПК-нің 442-бабының бірінші бөлігі 4) тармақшасына сәйкес өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса, өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қайтарылуға жатады.
Осыған орай кассациялық шағым оны берген тұлғаға қайтарылуға жатады.
АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінің 4) тармақшасын басшылыққа алып, судья
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қазандағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 қарашадағы қаулысына мүдделі тұлға «Досаханова» ЖК-нің өкілі Б.К.Сералиевтың кассациялық шағымы кері қайтарылсын.
Жеке кәсіпкер Самал Досахановамен кассациялық шағым берген кезде төленген 3324 (үш мың үш жүз жиырма төрт) теңге баж салығы қайтарылсын.
Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.
Төрағалық етуші Судьялар
Көшірмесі дұрыс.
С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.