6001-23-00-3гп/346
2023 жылғы 29 тамыз Астана қаласы
ҰЙҒАРЫМ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
- төрағалық етуші – алқа төрағасы Н.К. Шәріпов,
судьялар Е.Ж. Айтжанов, Г.Қ.Жүсіпбекова,
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент бөлімінің аға прокуроры К[...],
талап қоюшы С[...] және оның өкілі – С[...], жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» ММ-нің өкілі Ж[...],
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ-нің өкілі С[...],
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің өкілі Ж[...], «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-нің өкілі Н[...], «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» РММ-нің өкілі А[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында бейнеконференцбайланысы арқылы өткізілген ашық сот отырысында талап қоюшы С[...] жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» РММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» ММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ-ге, «Алматы облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге, «Астана қаласы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге, «Түркістан облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге, «Атырау облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» РММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-ге моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қоюы бойынша қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған,
Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы шешімін, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі қаулысын қайта қарау туралы талап қоюшы С[...] өкілі – С[...] келтірген өтінішхатын электронды іс материалдарын зерделеу арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы шешімімен талап қоюы ішінара қанағаттандырылған.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-нен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» РММ-нен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нен әрқайсысынан С[...] пайдасына 200 000 теңгеден моральдық зиянның өтемі және 1 532 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгертілген, шешімінің қанағаттандырылған бөлігінің күші жойылып, осы бөлігінде талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхат иесі соттардың жоғарыда көрсетілген сот актілерінде іс үшін маңызы бар сот белгілеген мән-жайлардың дәлелденбеуіне, сондай-ақ сот тұжырымдарының осындай мән-жайларға сәйкес келмеуіне және материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмауына байланысты заңсыз және негізсіз деп санайды. Осыған орай, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертіп, апелляциялық сатыдағы сот қаулысын күшін жоюды сұраған.
Өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының уәждерін тексеріп және қажеттілікке байланысты прокурормен қосымша құжаттарды ұсыну үшін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
азаматтық істер жөніндегі сот алқасы өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Атап айтқанда, өтініш берушінің тіркеу нөмірін (СТН) анықтауға; Медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы мәселені түсіндіруге; «Е-лицензиялау порталы» («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ немесе «Ұлттық инфокоммуникация сату Зерде» АҚ) үшін лицензиялар тізіліміне жазбалар енгізу тәртібін нақтылауға;
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 450баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы
Ұ Й Ғ А Р Д Ы:
Азаматтық істің қаралуы кейінге қалдырылсын.
Істің қаралу уақыты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына және тараптарға қосымша хабарлансын.
Төрағалық етуші: Н.К.Шәріпов
Судьялар Е.Ж.Айтжанов
Г.Қ.Жүсіпбекова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.