Қ О С Ы М Ш А Қ А У Л Ы
2025 жылғы 17 қараша 6003-25-00-2к/2161(111) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, алқа судьялары Д.Д.Махметова, Н.Б.Ормахановтың құрамында, жауапкер М.К.Бекбауовтың кассациялық сатыда төленген сот шығындарын өндіру туралы өтінішхаты бойынша келіп түскен талап қоюшы Кулсара Аманкуловна Кадирбаеваның жауапкерлер Бекжан Керимбаевич Канлибаевқа, Мурат Касымович Бекбауовқа, нотариус Камшат Жуманалиевна Канлыбаеваға қонақ үй ғимараты мен жер учаскесін сату сатып - алу шартын жарамсыз деп тану, ортақ түрде соманы өндіру туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық ісі бойынша өтінішхатты қарап, А Н Ы Қ Т АДЫ:
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 тамыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, сатып алу-сату шарты (бүркемеленген) жарамсыз деп танылған. Жауапкер М.К.Бекбауовтан талап қоюшы К.А.Кадирбаеваның пайдасына 125 000 000 теңге, 1 251 846 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілген. Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысымен жоғарыда аталған сот шешімі өзгертіліп, шешімнің сату сатып-алу шартын жарамсыз деп танылған бөлігінің күші жойылып, талап қоюдың бұл бөлігінде қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен шешім мен қаулының жауапкер М.К.Бекбауовтан талап қоюшы К.А.Кадирбаеваның пайдасына 125 000 000 теңге мен мемлекеттік баж салығына төленген 1 251 846 теңге сот шығындарын өндіру туралы бөлігінің күші жойылып, талап қоюдың осы бөлігі - қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылды. Аппелляциялық алқа қаулысының қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.
Жауапкер М.К.Бекбауов өз арызында кассациялық сот қаулы шығарған кезде сот шығыстары туралы мәселенi шешпегенін көрсетіп, мемлекеттік баж ретінде төленген 626 923 тенге шығыстарын өндіруді сұрады.
Арызды қараудың орны мен уақыты туралы хабардар болған тараптар іске қатысуға қосылған жоқ, келмеу себептері туралы дәлелді себептерін қуаттайтын құжаттарды тіркей отырып хабарламаған.
Азаматтық процесстің кодекстің (бұдан әрі АПК) 109-бабының 5- бөлігіне сай сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптардың келмеуі сот шығындарын өндіріп алу туралы арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
Іс құжаттары мен ұсынылған дәлелдерді зерделеп, сот алқасы төмендегі түйінге келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі- АПК) 426-бабының 4-бөлігіне сәйкес, осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот қосымша қаулы шығаруға құқылы.
Осы Кодекстің 236-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, іс бойынша шешiм шығарған сот iске қатысатын адамдардың арызы бойынша
немесе өз бастамасы бойынша егер сот шығыстары туралы мәселенi сот шешпесе қосымша қаулы шығару мүмкіндігі қарастырылған.
АПК-нің 109-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі.
Демек, кассациялық сотта соманы өндіру туралы мүліктік талап қоюдан бас тартылғандықтан, осы сатыда жауапкердің төленген 626 923 теңге мемлекеттік баж салығы төлем құжаттарымен дәлелденген шығыстары, аталған АПК-нің талаптарына сәйкес талап қоюшыдан жауапкердің пайдасына өндірілуге жатады. Осыған сәйкес қосымша қаулы шығару туралы арыз қанағаттандыруға жатады.
АПК-нің 236-бабы 1- бөлігінің 3) тармағын 451, 452-бабтарын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Талап қоюшы Кулсара Аманкуловна Кадирбаевадан жауапкер Мурат Касымович Бекбауовтың пайдасына кассациялық сатыда 626 923 (алы жүз жиырма алты мың тоғыз жүз жиырма үш) теңге мемлекеттік баж салығын төлеу шығындары өндірілсін.
Сот актісі ол жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.
Төрағалық етуші Г.С.Джаппарова
Судьялар: Д.Д.Махметова
Н.Б.Ормаханов
⚠️ Текст документа получен на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.