Қ А У Л Ы
2025 жылғы 2 қыркүйек №6003-25-00-2к/421 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья С.К.Нурабай, судьялар С.С.Кененбаев, Л.Б.Мамырбаева,
талап қоюшының өкілдері С.Кабылованың, Н.Н.Боранбаевтың, Н.А.Нуржановтың, Н.Б.Шетеновтың, жауапкер Ж.Ю.Юлдашевтың жəне оның өкілдері Ф.Розакуловтың, С.А.Амиртаевтың қатысуларымен ашық сот отырысында талап қоюшы Хамид Абдикаримович Юсуповтың жауапкер Жантура Юлдашевич Юлдашевке зиян келтірген тұлғаға кері талап қою бойынша ақшаны өндіру туралы азаматтық істі жауапкер Ж.Ю.Юлдашевтің өкілдері Ф.Розакулов пен С.А.Амиртаевтың Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2025 жылғы 3 сəуірдегі шешіміне жəне Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы Х.А.Юсупов жауапкер Ж.Ю.Юлдашевқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2025 жылғы 3 сəуірдегі шешімімен талап қоюшы Х.А. Юсуповтың талап қоюы қанағаттандырылған. Жауапкер Ж.Ю. Юлдашевтан талап қоюшы Х.А.Юсуповтың пайдасына өтелген зиянды кері талап қою сомасы 34 149 524 теңге жəне төленген мемлекеттік баж салығы мен өкілдің көмегіне төленген шығын өндірілген. Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкердің өкілдері Ф.Розакуловтың, С.А.Амиртаевтың кассациялық шағымында бірінші жəне апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
Кассациялық сот шағымды қолдаған жауапкер мен оның өкілдерін, шағымға қарсылық білдірген талап қоюшының өкілдерін тыңдап, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сəйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Сайрам аудандық сотының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы үкімімен Ж.Ю.Юлдашев пен Х.А.Юсупов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан əрі – ҚК) 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағымен кінəлі деп танылып, мемлекетке 151 060 000 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтіргені жəне мемлекетке осы сомадан 120 000 000 теңге қайтарылғаны анықталған.
Сайрам аудандық сотының 2023 жылғы 16 ақпандағы шешімімен талап қоюшы Сайрам ауданының прокурорының талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерлер Ж.Ю.Юлдашев пен Х.А.Юсуповтан ортақ түрде қылмыспен келтірілген материалдық шығын 31 021 047 теңге Сайрам аудандық бюджетінің пайдасына өндірілген.
Мемлекеттік сот орындаушы Е.Киргизовтың 2024 жылғы 20 мамырдағы қаулысына сəйкес, Ж.Ю.Юлдашев пен Х.А.Юсупов ортақ түрде 31 021 047 теңгені əр қайсысы 15 510 524 теңгені төлегеніне байланысты атқарушылық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған. Мемлекетке қайтарылған 120 000 000 теңгенің жауапкер Х.А.Юсупов 90 000 000 теңге, ал Ж.Ю.Юлдашев 21 700 963 теңге төлеген (90 000 000 + 21 700 963 = 111 700 963), əрқайсысының үлесі 55 850 476 теңге болып табылады. Сондықтан Ж.А.Юлдашев оған 34 149 524 теңге қайтару қажет дегені дұрыс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан əрі-АК) 933бабының 2-тармағына сəйкес кінəнің дəрежесін айқындау мүмкін болмаған жағдайда үлестер тең деп танылады.
Бірінші сатыдағы сот аталған мəн-жайларды негізге алып жауапкерден 34 149 524 теңге өндіруі заңды.
Жауапкердің дау АПК-нің 277-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сəйкес қысқартылуға жатады деген уəжі келесі себептермен негізсіз.
2024 жылғы 2 тамыздағы шешімімен тараптардың арасында регрестік тəртіп бойынша ақшаны өндіру туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылған. Түркістан облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 қазандағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Дау осы тараптардың арасында жəне талабы бірдей болғанмен, талаптың негізі басқа болып табылады. Өйткені шешімде талап қоюшы Х.А.Юсупов АК-нің 289-бабына сілтеме жасап, регрестік тəртіп бойынша ақшаны өндіру туралы талап қойған.
Дауланып отырған сот актілерінде талап қоюшының талабы АК-нің 933-бабының 2-тармағының негізінде қанағаттандырылған.
АК-нің 289-бап міндеттемелік құқықтан туындаған мəселені айқындайды, ал 933-бап бірлесіп келтірілген зиянды өтеген зиян келтіруші,
осы зиян келтіруші кінəсінің дəрежесіне сəйкес мөлшерде талап ету құқығын қарастырады.
Демек 2024 жылғы 2 тамыздағы шешім тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы болса да негіздері бөлек болып табылады.
Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мəн-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты жəне объективті зерттелген, тараптар ұсынған дəлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2025 жылғы 3 сəуірдегі шешімі мен Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы қаулысы күшінде, жауапкер Ж.Ю.Юлдашевтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші С.Нурабай
Судьялар С.Кененбаев
Л.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.