6001-21-00-6ап/40
ҚАУЛЫ
2022 жылғы 3 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – судья С.Ү.Баймаханов, судьялар Е.Ж.Өмірәлиев, Ж.Б.Ермағамбетова болып, талап қоюшы У[...],
жауапкерлер:
жеке сот орындаушылар И[...], Ә[...] және оның өкілі – А[...],
мүдделі тұлғалар:
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АҚ) өкілі И[...],
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АҚ «Атырау ӘКК») өкілі Т[...], «Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - РММ) өкілі А[...],
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының өкілі Г[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейне-конференцбайланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында талап қоюшы У[...] жауапкерлер жеке сот орындаушылары Ә[...], И[...], Ш[...], Н[...] жеке сот орындаушылардың әрекеттерін заңсыз деп тану, заңсыз ұсталған зейнетақыны қайтару, атқару парақтары бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысы мен ұйғарымына талап қоюшының, жауапкерлер И[...], Ә[...] келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы У[...] сотқа талап қою арызын жолдап, онда Атырау облысының атқару аумағының жеке сот орындаушылары (әрі қарайЖСО) Ә[...] және И[...] әрекеттерін заңсыз деп тануды, Ә[...] 2021 жылғы шілде айына тағайындалған және өндіруге жатпайтын 75 481 теңге зейнетақыны, И[...] 21 жылғы қаңтар мен маусым айлары аралығында лицензия қолданысы тоқтатып тұру кезеңінде ұсталған 279 687 теңге зейнетақыны қайтаруды, ЖСО Ә[...], И[...], Ш[...], Н[...] атқару парақтары бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 13 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған. Сонымен қатар, осы іс бойынша жеке ұйғарым шығарылып, ЖСО Ә[...] және И[...] тараптарынан жіберілген заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында «Атырау облысының Әділет Департаменті» мемлекеттік мекемесі басшысына мәлімет үшін хабарлаған. Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген. ЖСО Ә[...] және И[...] әрекеттері заңсыз деп танылып, талап қоюшының апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылып, шешімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың жеке ұйғарымы өзгерісіз қалдырылып, ЖСО Ә[...], И[...] жеке шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылған. Талап қоюшы У[...] кассациялық шағымында сот шешімін және сот алқасының қаулысын өзгертіп, ЖСО Ә[...], И[...], Ш[...] атқару парақтары бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуды сұрайды. Жауапкерлер ЖСО Ә[...] мен И[...] кассациялық шағымдарында жеке ұйғарымның, сот алқасының қаулысы мен ұйғарымның күшін жойып, 2021 жылғы 13 тамыздағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұрайды.
Талап қоюшының, жауапкерлердің кассациялық шағымдарында қолдаған уәждерін, мүдделі тұлғалардың пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты апелляциялық сатыдағы сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген тұжырымға келеді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің (әрі қарай - ӘРПК) 169-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық шағым Қазақстан – Республикасы Азаматтық процесстік кодексінің (әрі қарай АПК) ережелерімен белгіленеді.
АПК-нің 427-бабының 1-бөлімі 1) тармағына сәйкес, апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге материалдық, процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданбауы негіз болып табылады.
Істі қарау барысында апелляциялық сатыдағы сот мұндай бұзушылықтарға жол бермеген.
Іс материалдарына сәйкес Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 28 қарашадағы шешімімен «Атырау ӘКК» АҚ-ның пайдасына У[...] және басқалардан үлестік тәртіпте кепіл шарты бойынша 64 363 571 теңге қарыз, мемлекет пайдасына 1 930 907 теңге мемлекеттік баж салығы үлестік тәртіпте өндірілген.
Көрсетілген сот актісінің негізінде:
- үлестік тәртіпте борышкерлерден, соның ішінде У[...] «Атырау ӘКК» АҚ-ның пайдасына 64 363 571 теңгені өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалған.
2020 жылғы 14 тамыздан бастап атқару парағы ЖСО И[...], 2021 жылғы 21 қаңтар мен 19 сәуір аралығындағы кезеңде ЖСО С[...] өндірісінде болып, кейін ЖСО С[...] оны өндіріп алушының өтініші ойынша қайтарып, 2021 жылғы 25 мамырдан бастап қайтадан орындауға ұсынылып ЖСО Ә[...] өндірісіне түскен.
- У[...] бюджет кірісіне 71 515 теңге соманы өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалған. 2020 жылғы 19 маусымынан бастап атқару парағы ЖСО Ш[...] өндірісінде болған. Алайда, У[...] атқару парағы орындалмаған.
И[...] іс-әрекеттерінің заңсыздығы туралы талап қою талаптарына қатысты.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (әрі қарай - Заң) 143-бабының 4-тармағы бойынша, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №28 бұйрығына сәйкес, И[...] жеке сот орындаушысының қызметімен айналасуға берілген мемлекеттік лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылған.
ЖСО И[...] лицензия қолданысы тоқтатылып тұрған кезде оның депозиттік есеп шотына У[...] 2021 жылғы қаңтар мен мамыр айлары аралығындағы 279 687 теңге зейнетақысы түскен.
2021 жылғы 19 мамырда И[...] «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына хат жолдап, У[...] жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу туралы қаулысын орындаусыз кері қайтаруды сұраған.
ЖСО И[...] өндірісінде атқару парағы болмаған кезде, ЖСО өзінің депозиттік шотынан заңсыз ұсталған 279 687 теңге мөлшерінде зейнетақыны талап қоюшыға қайтармау әрекетін апелляциялық сатыдағы сот заңсыз деп дұрыс қорытындыға келген.
Көрсетілген сома ЖСО И[...] 2021 жылғы 27 шілде мен 13 тамыз аралығында У[...] шотына сотқа талап арыз берілгеннен кейін қайтарылған.
ЖСО Ә[...] іс-әрекеттерінің заңсыздығы туралы талаптарға қатысты.
«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабына сай зейнетақы тағайындау кезiндегi қателiктер салдарынан зейнетақының артық төленген сомаларын алушының өтiнiшi негiзiнде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табыстарынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жүргізілуі мүмкiн. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргізіледі. Зейнетақының 50 пайыздан астамын ұстап қалуға болмайды.
Апелляциялық сатыдағы сот ЖСО Ә[...] Заңның 95-бабының 1-тармағының, 98-бабының 13) тармақшасының 126-бабының 1-бөлігінің 3) тармақшасының, «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының талаптарын бұзып, борышкер У[...] есеп шоттары бойынша қажеттi ақпараттар мен анықтамаларды алмай, оның есеп шотынан 2021 жылғы 2 шілдеде 111 967 теңге зейнетақыны, 2021 жылғы 3 шілдеде БЖЗҚ төлемі 75 481,19 теңгені толық көлемде заңсыз ұстаған деген дұрыс қорытындыға келген.
Сот талқылауы барысында ЖСО Ә[...] қарыздың 111 967 теңге зейнетақысының 50 пайызын құрайтын 51 984 теңге соманы ұстап, негізсіз ұстаған зейнетақыны У[...] есеп шотына кері қайтарған.
Апелляциялық сатыдағы сот ЖСО Ә[...] және И[...] жоғарыда көрсетілген заңсыз ұсталған зейнетақы қайтарылғандықтан, талап қоюдың бұл бөлігін қанағаттандыруға құқықтық негіздер жоқ деп дұрыс санаған.
ЖСО Ә[...] мен И[...] кассациялық шағымдарындағы Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес жасаған ісәрекеттері және борышкердің банктегі шотты зейнетақы алу үшін тағайындалғандығы туралы хабарламауы туралы дәлелдері назарға алынбайды.
Осылайша, талап қоюшының зейнетақысын толық мөлшерде ұстап қалу фактісі ЖСО И[...] 2020 жылғы 28 қазандағы қаулысымен және ЖСО Ә[...] 2021 жылғы 16 маусымдағы инкассалық өкімдерімен расталады, бұл заңның жоғарыда аталған талаптарына қайшы келеді.
«МННС[...]» ЖШС-нің мәжбүрлеп таратылуына байланысты атқарушылық іс жүргізуді тоқтату бөлігіндегі талаптарға қатысты.
Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негіздерінің толық тізбесі Заңның 47-бабында көзделген.
Заңның 47-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберіледі.
Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 27 қарашадағы шешімімен «МННС[...]» ЖШС-гі мәжбүрлеп жабылған.
Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 28 қарашадағы шешіміне және атқару парақтарына сәйкес У[...] жеке тұлға ретінде борышкер болғандықтан, «МННС[...]» ЖШС-нің мәжбүрлеп таратылуына байланысты ЖСО Ә[...], И[...], Ш[...] орындауындағы атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуын жоққа шығарады.
Осыған байланысты талап қоюшының кассациялық шағымының дәлелдері қанағаттандырылуға жатпайды.
Апелляциялық сатығы сот істің мән-жайын дұрыс анықтағандықтан, материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары дұрыс қолданылғандықтан, апелляциялық сот алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі ұйғарымын күшін жою үшін негіздер таппайды, талап қоюшы мен жауапкерлердің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.
ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігіне және АПК-нің 451-бабының 2- бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Атырау облысының Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысы мен ұйғарымы күшінде, талап қоюшы У[...] және жауапкерлер жеке сот орындаушылар Ә[...], И[...] кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ж. Ермағамбетова
Көшірмесі дұрыс Судья
Ж. Ермағамбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.