№6001-23-00-6ап/3146
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 25 қаңтар Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өмірәлиев талап қоюшының өкілі А[...], жауапкердің өкілі И[...], мүдделі тұлғалардың өкілдері:
«АAL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – ЖШС) өкілі Д[...],
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қазынашылық комитеті) өкілдері Б[...], С[...] қатысуыларымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «К[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) «АОМСАБ[...]» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) мемлекетік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы жарамсыз деп тану, мемлекеттік сатып алудың нәтижесін қайта қарауға жіберу, келісім шартты жарамсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 24 тамыздағы шешімі мен Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі қаулысына мүдделі тұлға «АAL[...]» ЖШС-нің келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 24 тамыздағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылған.
Мемлекеттік сатып алудың №9910181 қорытындылар хаттамасы жарамсыз деп танылып, №61282655 лоты бойынша мемлекеттік сатып алудың нәтижесін қайта қарау туралы міндет жүктелген.
Тапсырыс беруші «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «АAL[...]» ЖШС- мен 2023 жылғы 5 шілдеде жасалған №230081/00 келісім шарт жарамсыз деп танылған. Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Мүдделі тұлға кассациялық шағымында іс бойынша соттар материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, бірінші сатыдағы соттың шешімі мен апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жойып істі жаңадан қарауға апелляциялық сот алқасына жолдауды сұраған.
Сот алқасы сот отырысына қатысқан тараптардың пікірлерін тыңдап, кассациялық шағымның уәждерімен іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілген.
Іс материалдарымен анықталғандай, «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі –тапсырыс беруші) тапсырысы бойынша 2023 жылғы 12 мамырда Басқарма біріңғай ұйымдастырушы ретінде «goszakup.gov.kz» веб-порталында № 9910181-1 лоты бойынша «Ақтөбе қаласының Баянауыл-1 тұрғын алқабын газбен жабдықтау желілерін салуға арналған құрылыс-монтаж жұмыстары» жобасын рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жариялаған.
Талап қоюшы аталған конкурсқа қатысып, 2023 жылғы 29 маусымдағы № 9729525 санды мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес екінші жеңімпаз ретінде, ал «AAL[...]» ЖШС-гі бірінші жеңімпаз ретінде айқындалған.
Серіктестік мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамамен келіспей уәкілетті органға шағым берген.
2023 жылғы 5 шілдеде мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамасының негізінде тапсырыс беруші мен жеңімпаз арасында № 230081/00 санды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалып, аумақтық қазынашылық органында тіркелген.
«Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-нің (бұдан әрі - Департамент) 2023 жылғы 18 шілдеде жолдаған № 0610-56 аудиторлық есебіне сәйкес, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған «AAL[...]» ЖШС-гі 2013 жылғы ұсынылған жұмыс тәжірибесіне әсер ететін құжаттар бойынша – «А[...]» шаруа қожалығын газдандыру Мұғалжар ауданы «Кемербұлақ» мал шаруашылығына қатысты біліктілігі туралы мәліметтерде конкурстық баға ұсынысына дұрыс емес ақпарат ұсынылғаны анықталып, Басқарманың атына 2023 жылғы 24 шілдеде анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау, оның ішінде бұзушылықтарға жол беруге ықпал ететін себептермен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау (өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаппен сотқа жүгіну) және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, нұсқаманың орындалуы туралы 2023 жылғы 22 тамызға дейінгі мерзімде хабарлау туралы нұсқама жолдаған.
Бірақ, талап қоюшы бұл нұсқаманың орындалу туралы нәтижесін алғанға дейін сотқа осы талап қоюмен жүгінген.
Жергілікті соттар, талап қоюды қанағаттандырып, «АAL[...]» ЖШС-сі мемлекеттік сатып алу конкурсына жұмыс тәжірибесіне қатысты жалған мәліметтер ұсыну және құқықтарымен теріс пайдалану арқылы жеңімпаз болғандығын анықтаған.
Сот алқасы бұл тұжырымды негізсіз деп санайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 274- тармағына сәйкес, құрылыс саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жөніндегі жұмыстар) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде «Расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды вебпортал автоматты түрде есептейді және Заңның 47-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды.
Яғни, жоғарыда көрсетілген нормасына сәйкес «Расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды веб-портал автоматты түрде есептейді.
Іс материалдарынан анықталғандай, «А[...]» шаруа қожалығын газдандыру Мұғалжар ауданы «Кемербұлақ» мал шаруашылығына қатысты «AAL[...]» ЖШС-нің 2013 жылғы ұсынылған жұмыс тәжірибесі электрондық депозитарийде «Расталды» мәртебесімен орналасқан, қазіргі уақытта тізімнен шығарылмаған.
Алайда, Департаментпен аудиторлық тексеріс жүргізу барысында, сонымен қатар соттармен «AAL[...]» ЖШС-пен ұсынылған жұмыс тәжірибесі электрондық депозитарийде орналасқаны жайлы зерттеу жүргізілмеген.
Сот алқасының мәжілісінде уәкілетті орган - Қазынашылық комитетінің өкілдері Департаменттің «AAL[...]» ЖШС-нің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде "Расталды" «МБМБТТММҚЖЖНБОҰҚҚМСҚҚ2ТСЕКТМСАЖАБСТҚЖБАЕКЕЖМЕМАБОӨКҚӨШБЖПӘБПАAL[...]»» ЖШС-мен конкурстық өтінімінде депозитариймен расталған 10 жылдағы жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер ұсынылған, бірақ шартты жеңілдік мөлшерінің шектеулеріне байланысты балдарды есептеу кезінде тек 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Осыған байланысты, талап қоюшының 2013 жылғы даулы жұмыс тәжірибесі конкурс қорытындысына әсер етпейді, өйткені аталған тәжірибе қабылданбаған жағдайда да, жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдік өзгеріссіз 5% деп қалады.
Талап қоюшының конкурстық баға ұсынысына 0,3% теріс мәндер әсер еткенін ескере отырып, «AAL[...]» ЖШС-де мұндай өлшемшарт болмауына байланысты, оған 9% шартты жеңілдік беріле отырып, конкурстың жеңімпазы болып, ал талап қоюшы 8,7% шартты жеңілдікпен екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып негізді танылған. Бұндай жағдайда, жергілікті соттармен материалдық құқық нормаларының бұзылуы істің дұрыс шешілмеуіне әкеліп, АПК-нің 427бабының бірінші бөлігі 3), 4) тармақшаларына сәйкес сот актілерінің күшін жою үшін негіз болып табылады.
Іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып сот алқасы дауланып отырған бірінші сатыдағы шешімі мен апелляциялық сот алқасы қаулының күшін жойып, талап қоюшының талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылуға жатады деп санайды. ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 24 тамыздағы шешімі мен Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі қаулысының күші жойылсын.
Іс бойынша жаңа шешім қабылдансын.
Талап қоюшы «К[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «АОМСАБ[...]» мемлекеттік мекемесіне мемлекетік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы жарамсыз деп тану, мемлекеттік сатып алудың нәтижесін қайта қарауға жіберу, келісім шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Мүдделі тұлға «АAL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов
Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.