КСАД РК - Постановление от 22.09.2025 по делу 6003-25-00-4к/658 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 22 қыркүйек 6003-25-00-4к/658 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші – судья Е.Б.Төлеев, судьялар – Р.М.Айнақұлова, Н.М.Кабдрахманова,

ашық сот отырысында талап қоюшы Гулмухамед Хамидович Байжановтың жауапкер Түркістан облысы атқарушылық округының жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы Нурбол Ногайбаевич Манашовқа қойған тыйымнан босатуды міндеттеу туралы әкімшілік ісін тарап қоюшының Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен қарап

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы өзіне қатысты атқарушылық парағы бойынша берешегін толығымен қайтарғанымен тыйымдардың алынбағанын көрсетіп, жоғарыдағы талаптармен сотқа жүгінген.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімімен талап қоюдан бас тартылған.

Сот қаулыларымен келіспей, талап қоюшы кассациялық шағымында, қарызын өтегеніне қарамастан банктік есеп шоттарына шектеу қойылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, жаңа шешім шығаруды сұраған.

Соттың отырысына қатысушылар келмеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Кассациялық шағым уәждерімен іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот төмендегі тұжырымға келеді.

ӘРПК 169 бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады. АПК 438 бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Жеке сот орындаушысы Нурбол Ногайбаевич Манашовтың (әрі қарай – ЖСО) өндірісінде Жетісай аудандық сотының 2021 жылғы 29 қазандағы шешімі негізінде берілген Муратов Умар Ачиловичтың пайдасына төрт борышкерден, оның ішінде Гулмухамед Хамидович Байжановтан ортақ үлестік түрде 639 000 теңге өндіру туралы 2022 жылғы 16 наурыздағы №514421-00-2/959-1 атқару парағы бойынша № 269/22-51-4071 атқарушылық іс болған.

Талап қоюшы сотқа жүгініп, сот шешімі бойынша тиісті төлемдер мен сот орындаушының қызметақысын төлегенін көрсетіп, ЖСО Н.Н.Манашовты № 269/22-51-4071 атқарушылық өндіріс бойынша өзіне қатысты салынған тыйым шектеулерден босатуды міндеттеуді сұранған.

ЖСО 23 маусым 2022 жылғы қаулысымен борышкер Гулмухамед Хамидович Байжановтың Қазахсқан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылған. Істі қарау барысында ЖСО өндірісіндегі № 269/22-51-4071 атқарушылық іс жүргізу бойынша Г.Х.Байжановқа қатысты қойылған шектеулер алынып тасталғаны, ол бойынша іс жүргізу тоқтатылғаны анықталған.

Сонымен қатар, № 269/22-51-4071 атқарушылық іс жүргізу толығымен орындалып, ЖСО Н.Н.Манашовтың 2023 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған, ал 2024 жылғы 21 қазандағы қаулысымен Г.Х.Байжанов пен басқа да тұлғаларға қатысты шектеулер алынып тасталған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысында бірінші саты сотының атауы қате жазылған.

Алайда АПК 427 бабының үшінші бөлігіне сәйкес мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Осы ретте кассациялық сот бірінші және апелляциялық саты соттарының қаулыларының күшін жоюға негіздер жоқ деген тұжарымға келеді.

ӘРПК 155 бабының төртінші бөлігіне сәйкес сот, егер талап қоюды қарау кезінде даулы әрекет (әрекетсіздік) жасалғанын, шешім құзыретіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімі, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысы өз күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші:

Е. Төлеев

Р. Айнақұлова Н. Кабдрахманова

Судьялар:

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.