ВС РК - Определение от 06.11.2023 по делу 6001-23-00-3Г/5436 (Гражданское)

6001-23-00-3г/5436

ҰЙҒАРЫМ

2023 жылғы 6 қараша Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің жауапкерлер Н[...], И[...], И[...], «Сайрам ауданының әкімдігі» ММне, «Шымкент қаласының әкімдігі» ММ-не, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрлысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-не, үшінші жақ «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ, жеке нотариус К[...], Ш[...] қатыстырып, мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімін, сатып алу-сату шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімін және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] өкілі М[...] өтінішхатын алдын ала қарап ,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-сі сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген.

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен біірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Арызданушы өтінішхатында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қаңағаттандырусыз қалдыруды туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.

Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.

Судья Ш.Иманиязова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.