Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 01.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/4823 (Гражданское)

6003-25-00-2к/4823

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 1 сәуір

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор Н.А.Молдахановтың, жауапкер Н.Б.Кожагельдиновтың қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Нурлан Баймуханбетович Кожагельдиновқа, Шаруан Назарбековна Кожагельдиноваға өтемақы төлеу арқылы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, онда жауапкерлердің меншігіндегі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін ақшалай өтемақы төлей отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығаруды сұраған.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 18 ақпандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Н.Б. Кожагелдиновқа және Ш.Н. Кожагельдиноваға 18 188 758 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы төлей отырып, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Мичуринец» бағбандық серіктестігі, Малая көшесі, №174 учаске, кадастрлық №21-318-094-378, жалпы ауданы 0,0821 га жер учаскесі және онда орналасқан құрылысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертіліп, өтемақы сомасы 18 188 758 теңгеден 45 208 490 теңгеге ұлғайтылған. Талап қоюшы кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мәнжайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын, сарапшының қорытындысымен келіспейтінін көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерізсіз, төленетін өтемақыны 18 188 758 теңге мөлшерінде айқындауды сұраған. Кассациялық сот тараптарды, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп

соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» 2021 жылғы 13 сәуірдегі №510-1252, 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №510-2588 қаулыларына сәйкес Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Хусейн бен Талал көшесі, №38 (жобалық атауы) көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі мекен-жайында орналасқан, жалпы ауданы 3 учаске -2,9257 га, 4 учаске -4,6998 га жер учаскелері мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолмын Хусейн бен Талал көшесін жобалау жұмыстарын жүргізу үшін иеліктен шығаруға жатады.

Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Мичуринец» бағбандық серіктестігі, Малая көшесі, №174 учаске, кадастрлық №21-318-094-378, жалпы ауданы 0,0821 га жер учаскесі және онда орналасқан құрылыстың меншік иесі Н.Б. Кожагелдинов және Ш.Н. Кожагельдинова болып табылады.

Уәкілетті органмен жауапкерлерге өтемақы төлеу арқылы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама табысталып, 18 188 758 теңге ақшалай өтемақы ұсынылған. Алайда, жауапкерлер талап қоюшының бағалаған нарықтық құнымен келіспеген.

Бірінші сатыдағы сотпен мүліктің құнын анықтау мақсатында сот сараптамасы тағайындаған, бірақта сараптама тағайындау туралы сот ұйғарымын орындау үшін тиісті шаралар қабылдамаған.

Сот алқасы апелляциялық шағымның дәлелдерін тексеру мақсатында сот сараптамасын тағайынған. «Прогресс Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сарапшылары жүргізген сот сараптамасының 2025 жылғы 5 мамырдағы № С.64-04.25 сараптама қорытындысына сәйкес, жауапкерлердің Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Мичуринец бағбандық серіктестігі, Малая көшесі 174, орналасқан жалпы ауданы 0,0821 га, кадастрлық №21-318-094-378 барлық тіркелен және тіркелмеген ғимараттармен, жеміс және басқа да ағаштармен жер учаскесінің нарықтық құны 45 208 490 теңге құрайтыны анықтаған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының (бұдан әрі –Заң) 1-бабының 25) тармақшасының талаптарына сәйкес мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару – жер учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында

белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу болып табылады.

Заңның 67-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі» туралы Заңның 14бабына сәйкес, бағалаушының дереккөзiн көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын өзі дербес қолдануға құқығы бар. Сот алқасы сарапшының қорытындысын назарға алған. Қорытынды иеліктен шығарылатын жер учаскесінің шынайы нарықтық құнын айқындайтын анық дәлелдеме деп танылған. Бұл сараптама заңдылық пен әділдік өлшемдеріне сәйкес келеді. Сарапшымен сараптама салыстырмалы тәсілімен жүргізіліп, зерттеу кезінде аналогтар пайдаланылған. Алқа бұл әдіс Объектінің нарықтық құнын анықтау кезінде ең сенімді әдіс болып табылатынын назарға алған. Аталған қорытынды ғылыми негізделген, бағалау тәртібі, стандарты мен әдістемесін көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, Астана қаласындағы нарықта қалыптасқан жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты құнын талдау және зерделеу негізінде құрастырылған.

Сарапшының бағалау тәсілдері мен әдістері сот құрылыс-тауартану сараптамасын жүргізу кезінде жылжымайтын мүліктің құнын айқындау әдістемесінің талаптарына сәйкес келеді, оны теріске шығаратын дәлелдемелер талап қоюшымен ұсынылмаған.

Істің мұндай тұрғысында, сот алқасының мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алынатын жер учаскесі мен мүлік үшін өтемақыны 45 208 490 теңге мөлшерінде анықтауы заңды.

Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

Судьялар: А.О.Тогумбетова

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.