ВС РК - Постановление от 29.07.2024 по делу 6001-24-00-3Г/3949 (Гражданское)

6001-24-00-3Г/3949

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 29-шілде Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Р.Ералиева,

талап қоюшы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Азаматтарға арналған үкімет) жауапкер «Инженерные Сет ТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) 2022 жылғы 9-желтоқсандағы өтініш негізінде жүргізілген мемлекеттік тіркеу барысындағы қателіктерге түзету енгізу, 2022 жылғы 9-желтоқсандағы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде жүргізілген құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы мемлекеттік тіркеу жазбасының күшін жою, 2023 жылғы 26-қаңтарда кепіл шарты негізінде жүргізілген құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы ауыртпалықтың мемлекеттік тіркеу жазбасының күшін жою, 2023 жылғы 29-мамырдағы кепіл шартына қосымша келісім негізінде жүргізілген құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы ауыртпалықтың мемлекеттік тіркеу жазбасының күшін жою туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3-сәуірдегі шешіміне, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5-маусымдағы қаулысына талап қоюшының өкілі А.К.Амировтың келтірген өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

Азаматтарға арналған үкімет жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі-МАЭС) 2024 жылғы 3-сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5-маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арызданушы істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын, нақтыланбағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды толықтай қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және

процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабының 1-тармағының талабына сай, құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жоюды тіркеуші орган соттың заңды күшіне енген актілерінің негізінде жүзеге асырады.

Тіркеуші органның құзыреті көзделген Заңның 18-2 бабында құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы ауыртпалықтың мемлекеттік тіркеу жазбасының күшін жою туралы сотқа жүгіну құзыреті белгіленбеген. Сот актілеріне қарағанда, талап қоюшының жауапкерге қандай түзетулер енгізуді міндеттеу қажет екендігін нақты көрсетпегенін, яғни тіркеуші органның жауапкерге кемшілікті қалай жоюды, қатені түзету үшін қандай құжат ұсынуды талап еткені нақтыланбаған.

Бұл ретте, жергілікті соттар, Азаматтарға арналған үкіметтің талап қоюын қанағаттандырудан бас тартуын құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбалардың күшін жоюдың тәртібін белгілейтін уәкілетті органның заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жоюдан бас тартқан жағдайда, осы бас тартудан құқығы бұзылған тұлға Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен көрсетілген әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы деген түйінге келген.

Өтінішхатта төмендегі мән-жайлар көрсетілген:

  • жергілікті соттар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Мәмілелер жарамсыздығын және олардың жарамсыздығының салдарын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 7-шілдедегі № 6 нормативтік қаулысын басшылыққа алып, шешім қабылдаған. Алайда аталған нормативтік қаулы тек мәмілелерді жарамсыз деп тану және сол тектес талаптарға қатысты қолданылуы тиіс; - ал, Азаматтарға арналған үкіметтің қойып тұрған талап қоюы басқа ол мемлекеттік тіркеу барысында жіберілген қателерді түзеу туралы шешім қабылдау және тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою. Яғни, талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануды сұрамаған; - Заңның 1-бабының 27-тармақшасына сәйкес, Азаматтарға арналған үкімет жылжымайтын мүлікті орналасқан жері бойынша тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган болып табылады; - Заңның 32-бабының 3-тармағында тіркеу барысында жіберілген қателерді түзету тіркелетін құқықтың (құқық ауыртпалығының және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілерінің) тиесілілігіне, сипатына немесе мазмұнына әсер ететін жағдайда және мүдделі тұлғалар осындай түзетулерді енгізу қажеттігі туралы хабардар етілгенімен бір ай ішінде

жауап бермеген немесе түзетулерді енгізуге келісім беруден бас тартқан жағдайда тіркеуші органның түзетулерді енгізу туралы шешім шығару үшін сотқа жүгіну құзыреті көзделген; - анықталғандай, талап қоюшының Атырау облысы бойынша филиалының Қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті тұлғасы А.Байменованың 2023 жылғы 15-наурызда жүргізген тексеруі кезінде 2022 жылғы 9-желтоқсанда жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу барасында қателіктер орын алғаны анықталған; - Серіктестікке тиесілі Атырау облысы, Жылыой ауданы, в/п «Тенгиз мекенжайында орналасқан көлемі 3856,1 ш.м. болатын жатақхана-асхана 1892,8 ш.м. болатын кеңсе, 26,9 ш.м. болатын қазандық, 22,7 ш.м. болатын бақылау-өткізу пункті (КПП) және 2709,8 ш.м. болатын балкан құрылысын тіркеу барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-1 бабында (бұдан әрі-Құрылыс туралы заң) айқындалған объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібі сақталмай заңсыз тіркелген;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30-қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының» 80-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен енгізілген объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.

Құрылыс туралы заңның 75-1 бабының 1-3 тармақтарына сай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден объектінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде: 1) объектінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне-объектінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін;

  1. объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-

құрылыстық бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары, сәйкестік туралы декларация және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.

Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік сәулетқұрылыстық бақылау органдарына және тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

Сәйкессіздік болмаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді. Бұзушылықтар анықталған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық шараларын қолданады. Бұзушылықтар болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

  • пайдалануға қабылдау актісі негізінде мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органының және сәулет, қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің келісімдемелері талап етіледі;

  • алайда, бұл тіркеу барысында аталған талап сақталмаған. Сондықтан жоғарыда аталған заң нормаларына сәйкес мемлекеттік тіркеуден бас

тартылуы қажет еді;

  • тіркеуді жүргізген маман А.Темиров өзінің түсініктемесінде болған заңбұзушылықпен келісіп, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органымен келісім болмағанын аңғармай қалғанын көрсеткен;

  • аталған кемшілікке жол бергені және өз міндеттемелеріне немқұрайлы қарағаны үшін А.Темировке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

  • 2022 жылғы 9-желтоқсанда тіркеу барысында жіберілген қателерді түзету мемлекеттік тіркеу объектілерінің тиесілігіне, сипатына әсер ететінін ескере отырып, мүдделі тұлғаларға, яғни Серіктестікке және кепіл ұстаушы «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына түзету енгізу қажеттігі туралы хабарлама 2023 жылғы 1-қарашада жолданған;

  • хабарлама жеткізілген күннен бастап бір ай мерзім өтуіне қарамастан Серіктестіктен және «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамынан ешқандай жауап хат келмеген.

Сол себепті талап қоюшы жоғарыда аталған Заңның 32-бабының

3-тармағына сілтеме жасап, сотқа жүгінген.

Алайда жергілікті соттар Азаматтарға арналған үкіметтің талап қоюын заңсыз қанағаттандырусыз қалдырған.

Жоғарыдағылардың негізінде, жергілікті соттардың тұжырымы іс құжаттарымен сәйкес келмейді.

Судья, өтінішхат берушінің өкілі А.К.Амировтың келтірген уәждері сот актілерін қайта қарауға негіз болатынын басшылыққа алып, азаматтық істі алқа отырысында қарау үшін беру қажет деп санайды.

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілі А.К.Амировтың Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3-сәуірдегі шешімін, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5-маусымдағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына берілсін.

Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.

Судья Б. Ералиева Көшірмесі дұрыс: Судья Б. Ералиева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.