ВС РК - Постановление от 23.05.2024 по делу 6001-23-00-6ап/1083(2) (Административное)

6001-23-00-6ап/1083(2)

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 23 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,

судьялар Ғ.Ө.Әлжанов, Г.К.Нұрбаев болып,

мүдделі тұлғаның өкілі Б[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы Б[...], Р[...], Д[...], М[...], К[...], Н[...], К[...] жауапкерлер Атырау облысы əкіміне, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан əрі - ММ, Басқарма) COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқандары үшін 2021 жылдың тамыз айына 20 айлық еңтөменгі жалақысы көлемінде үстем ақысын толық көлемінде төлеуге тізімжібермеу əрекеттерін заңсыз деп танып, тізім жіберуге міндеттеу, Атырау облысы əкімінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының» 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №8 хаттамалық шешімінің 1.2., 1.3. тармақтарындағы «Атырауқалалық №4 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жəне «АТА[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бөліктерін заңсыз деп тану туралы əкімшілік ісі бойынша,

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы шешіміне жəне Атырау облыстық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 22 ақпандағы қаулысына жауапкерлердің берген кассациялық шағымымен түскен əкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшылар жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Атырау облыстық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.

Жауапкерлер кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған бірінші жəне апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.

Тараптар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан əрі – сот алқасы) отырысына келмеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рəсімдік-процестік кодексінің (бұдан əрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сəйкес əкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Мүдделі тұлға өкілінің пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы (бұдан əрі – сот алқасы) төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК 169-бабына сай кассациялық шағым жасау жəне кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тəртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сəйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сəуірдегі №ҚР ДСМ-28/2020 «COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс шараларға тартылған дансаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мəселелері туралы» бұйрығы (əрі қарай - Бұйрық) қабылданған.

Бұйрыққа 1-қосымшасында COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысына үстемақы мөлшері COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тəуекел топтары бойынша айқындалған. 2020 жылғы 7 сəуірде Атырау облысы əкімінің қаулысымен «Атырау облысында COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерін қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссия құру туралы» комиссия құрылған (əрі қарай - Комиссия).

2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сəуірдегі №ҚР ДСМ-28/2020 Бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 1 топтағы тəуекел тобы бір қызметкерге үстемақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызда республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі жиырма еселенген мөлшерінен (бұдан əрі - ЕТЖМ) жəне 2021 жылғы 1 қазанға дейін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды.

2021 жылғы 8 қыркүйекте №8 Комиссия шешімінің:

1.2-бөлігінде Атырау облысында тамыз айына арналған COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медициналық қызметкерлеріне үстемақы мөлшерімен келісу «№4 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның жəне «АТА[...]» ЖШС-гі медицина қызметкерлерімен жүргізілген.

1.3-бөлігінде 2021 жылдың тамыз айына медицина қызметкерлеріне 50 пайызда кемітілген сомада құжаттар қабылданатыны туралы шешім қабылданған.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының 1-бөлігі 5) тармақшасымен Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабының 3-тармағына сəйкес жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайтындығы қарастырылған.

Ал, кері күш туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабының 2-тармағымен азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар көзделген жағдайда нормативтік құқықтық акті қолдануға жататындығы бекітілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабының 1- тармағына сəйкес əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінəлі деп тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан əрі Еңбек кодексі) 10-бабының 2 жəне 3-тармақтарына сəйкес жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелер жарамсыз деп танылады жəне қолданылмауға тиіс. Жұмысшылардың еңбек жағдайларын біржақты нашарлататын актілер шығару мүмкіндігі қарастырылмаған.

Еңбек кодексінің 46-бабында тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылатын еңбек жағдайларын өзгерту тəртібі реттелген. Онда басқамен қоса жұмыскерді хабардар ету жəне еңбек шартты тоқтату рəсімдері қарастырылған. Алайда, жұмыс беріші Басқармамен ондай рəсімдердің орындалуы сақталмаған.

ӘРПК-нің 13-бабының 1-тамағында əкімшілік рəсімге қатысушының əкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалатындығы көзделген.

ӘРПК-нің 6-бабының 4-тамағымен əкімшілік рəсімдерді жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына жəне елеулі болуына қарай əкімшілік актілерді, əкімшілік əрекеттерді (əрекетсіздікті) заңсыз деп тануға алып келеді.

Бұл ретте, əкімшілік орган тарапынан талап қоюшылардың еңбек жағдайларың өзгеру рəсімі орындалмауы жəне қолданыстағы заңнамада жұмысшылардың еңбек жағдайларын біржақты нашарлататын актілер шығару мүмкіндігі қарастырылмағандықтан, жергілікті соттардың талап қоюды қанағаттандыру туралы тұжырымдары дұрыс.

Сот алқасы, іс бойынша сотта анықталған мəн-жайларға баға бере отырып, дауланып отырған сот актілері күшінде, жауапкердің кассациялық шағымдары қанағаттандырылусыз қалдырылуға жатады деген тұжырымға келді. Осының негізінде төмеңгі сатыдағы соттар əділеттілік өлшемшарттарын басшылықа алып, əкімшілік талапты қанағаттандыру жайлы негіздемелерін толық көрсеткен.

АПК-ның 452 бабының бірінші бөлігіне сəйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сəйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426 бабының екінші бөлігіне сай жаңа дəлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уəждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі. Кассациялық шағым иелерінің келтірген уəждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дəлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды жəне істің мəн-жайларына

сəйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды.

ӘРПК-нің 169-бабын жəне АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы шешімі жəне Атырау облыстық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 22 ақпандағы қаулысы өзгеріссіз, жауапкерлер Атырау облысы əкімімінің жəне «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б.

Судьялар

Әлжанов Ғ.Ө. Нұрбаев Г.К.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.