Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 06.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/1477 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 6 мамыр №6003-26-00-2к/1477 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,

талап қоюшы Ш[...], оның өкілі К[...], жауапкер Х[...], оның өкілі С[...], жауапкерлер С[...], С[...], үшінші тұлға Ш[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Ш[...] жауапкерлер С[...], Х[...], С[...], К[...], К[...] мәмілелерді жарамды және жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысына жауапкер Х[...] кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Ш[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының № 2 сотының 2025 жылғы 25 маусымдағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, С[...] пен Ш[...] арасында жасалған Орал қаласы, [...] дала көшесінде орналасқан № [...] үйді жер телімімен (кадастірлік нөмір [...]) сатып алу-сату шарты жарамды деп танылған.

Талап қоюдың басқа бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.

Сот шығындары өндірілген.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен шешім өзгертілген.

С[...] пен Ш[...] арасында жасалған Батыс Қазақстан облысы, [...]нде орналасқан № [...] үйді жер телімімен (кадастірлік нөмір [...]) сатып алу-сату шартын жарамды деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылған шешімінің күші жойылған. Осы бөлігінде іс бойынша талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.

Х[...] пен К[...] арасындағы 2021 жылғы 3 сәуірдегі Батыс Қазақстан облысы, [...]нде орналасқан № [...] үйді жер телімімен (кадастірлік нөмір [...]) сатып алу-сату шартты жарамсыз деп тану жайлы талап қоюы қанағаттандырудан бас тарту бөлігіндегі шешімінің күші жойылған. Осы бөлігінде іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған.

Х[...] пен К[...] арасындағы 2021 жылғы 3 сәуірдегі Батыс Қазақстан облысы, [...]нде орналасқан № [...] үйді жер телімімен (кадастірлік нөмір [...]) сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған.

Талап қоюдың басқа бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.

Х[...] пен К[...] Ш[...] пайдасына үлестік тәртібінде 1 966 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығындары өндірілген.

Жауапкер Х[...] кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сот қаулысын өзгертіп, өзі және К[...] арасындағы сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандыру бөлігінің күшін жоюды, қалған бөлігінде сот актісін күшінде қалдыруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сотпен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

АК-нің 157-бабы 2, 3-тармақтары бойынша мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.

Мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін.

Көрсетілген мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.

АК-нің 157-1-бабы 2,3-тармақтарына сәйкес жарамсыздығына байланысты және жасалған кезінен бастап жарамсыз болған мәмiлелерді қоспағанда, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе немесе мәмiленiң мәнiнен немесе мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз мәмiле заңдық салдарларға алып келмейді.

Егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделмесе, мәміле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы – екінші тарапқа

мәміле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмағанда (оның ішінде, алынғандар мүлікті пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет түрінде болғанда) қайтарылуға жататын мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.

АК-нің 160-бабы 1-тармағына сәйкес оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.

«Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі №6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 20 тармағы бойынша тараптардың белгілі бір әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) болуымен немесе болмауымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен (мысалы, мүліктің берілмеуі және сол сияқты) расталуы мүмкін белгілі бір заңдық салдарлардың туындауына тараптардың мәміле бойынша еркінің болмауы жалған мәмілелердің жарамсыздығына (маңызсыз болуына) әкеп соғады.

АПК-нің 72-бабына сай әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелерді және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімдерде келтіруге тиіс. Іс құжаттарына қарағанда, С[...] пен Ш[...] арасындағы 2021 жылғы 1 сәуірде жасаған жазбаша мәміле бойынша Батыс-Қазақстан облысы, [...] мекенжайында орналасқан жер телімінде үй салу үшін С[...] Ш[...] 22 000 000 теңгені алған. Бұл сома түпкілікті емес екендігі, және аталған жер телімінде С[...] ескі үйді бұзып, орнына жаңа бір қабатты үйді Ш[...], оның ақшасына салып беруге міндеттеме алған. Үйді салу барысында Ш[...] С[...] жалпы 37 350 000 теңге қаражатын берген.

С[...] пен Ш[...] жазбаша мәмілесін орындау мақсатында 2021 жылғы 3 сәуірде К[...] және Х[...] арасында Батыс-Қазақстан облысы, [...] мекенжайында орналасқан тұрғын үйді жер телімімен сатып алу-сату шарты жасалған, мүліктің құны 15 500 000 теңге деп белгіленген.

Талап қоюшы Ш[...] сотқа берген талап қоюында, өзі және С[...] арасында 2021 жылғы 1 сәуірде даулы тұрғын үйді жер телімімен сатып алу-сату мәмілесі жасалды, ал К[...] және Х[...] арасындағы 2021 жылғы 3 сәуірдегі даулы тұрғын үйді жер телімімен сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тануды сұраған.

Талап қоюшы бірінші талап қоюын, араларында мәміле жасалғаны, ақысы толығымен төленгені, жаңа тұрғын үй салынып, пайдалануға қабылданғаны, отбасы мүшелерімен бірге үйге кіріп, үздіксіз тұрып келетіні, ал екінші талап қоюын, жауапкерлер тұрғын үйді жер телімімен сатып алусату шартын тиісті құқықтық салдар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалғанымен негіздеген.

Орал қаласының № 2 сотының 2025 жылғы 25 маусымдағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, С[...] және Ш[...] арасындағы даулы тұрғын үйді сатып алу-сату шартын жарамды деп таныған бөлігі бойынша тараптардың арасында іс жүзінде жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату ниеті болғаны, ол тараптармен орындалғаны туралы тұжырымға келген. Ал, екінші К[...] және Х[...] арасындағы 2021 жылғы 3 сәуірдегі даулы тұрғын үйді жер телімімен сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырған бөлігі бойынша құқықтық негіздер анықталмағанымен түйіндеген.

Апелляциялық сатыдағы сот шешіммен келіспей төмендегі тұжырым жасаған.

С[...] пен Ш[...] араларындағы 2021 жылғы 1 сәуірде жасаған жазбаша мәміле бойынша Батыс-Қазақстан облысы, [...] мекенжайында орналасқан жер телімінде үй салу үшін С[...] Ш[...] 22 000 000 теңгені алған. Бұл сома түпкілікті емес екендігі, және аталған жер телімінде С[...] ескі үйді бұзып, орнына жаңа бір қабатты үйді Ш[...], оның ақшасына салып беруге міндеттеме алған.

Осы мәміле жасалған кезде С[...] жер телімін бірге жұмыс жасап жүрген өзінің досына уақытша рәсімделіп, содан кейін Ш[...] атына рәсімделетінімен сендірген.

Үйді салу барысында Ш[...] С[...] жалпы 37 350 000 теңге қаражатын берген. Бұл мән-жайды тараптар жоққа шығармаған.

С[...] апелляциялық сатыдағы сотта, Х[...] екеуі пайда табу мақсатында жер телімін бірге алып, жаңа үй салып, оны бірге сатып, түскен ақшасын бөліп алуға келіскен. Сол уақытта С[...] қаражаты болмауына байланысты жер телімін алу үшін ақшаны Х[...] берген, бірақ әрі қарай үй құрылысына Х[...] ешқандай ақша бермегенін көрсеткен.

С[...] пен Ш[...] жазбаша мәмілесін орындау мақсатында 2021 жылғы 3 сәуірде К[...] және Х[...] арасында Батыс-Қазақстан облысы, [...] мекенжайында орналасқан тұрғын үйді жер телімімен сатып алу-сату шарты жасалған, мүліктің құны 15 500 000 теңге деп белгіленген.

Көрсетілген мәнжайлар іс құжаттарындағы С[...] жазбаша пікірімен, талап қоюшыға берген қолхатымен расталады.

Бірінші сатыдағы сотта К[...] үйді жер телімімен сату жөнінде С[...] келіскенін, Х[...] тек шарт жасалғанда көргенін, оны танымайтынын көрсеткен.

2022 жылғы жазда С[...] аталған үйдің құрылысын толық аяқтап, 2022 жылғы 1 маусымда талап қоюшы Ш[...] отбасымен бірге жаңа үйге толық көшіп келіп, сол кезден бастап осы мекенжайда ұдайы тұрып келген.

2022 жылдың желтоқсанында Х[...] талап қоюшы Ш[...] сол үйдің иесі ретінде тіркелгенін, С[...] оған берешегі бар екенін хабарлаған. Әрі қарай, С[...] ақшасын қайтармауына байланысты Х[...] сотқа жүгініп, Ш[...] отбасы мүшелерімен бірге үйден шығаруды талап еткен.

Сонымен, аталған мекенжай бойынша ескі үй жер телімімен талап қоюшыға алынғаны, сол жерде талап қоюшыға, оның қаражатына жаңа үй салынғаны толық дәлелденген.

Яғни, 2021 жылғы 3 сәуірде үйді жер телімімен сату сатып алу шарты К[...] және Х[...] арасында жасалса да, негізі ол жерді алу туралы бұрынғы иелерімен талап қоюшының сенімімен С[...] келіскен, және ол жер телімі талап қоюшыға үй салу үшін алынған.

Даулы үйді жер телімімен сатып алған кезде ол жерде 42,8 кв.м. жалпы алаңы ескі бір бөлмелі, тұруға келмейтін үй болғанын, содан кейін талап қоюшының қаражатына сол жерде жаңа 156,1 кв.м. жалпы алаңы үй салынған. Талап қоюшы жер телімін алу үшін, ол жерде үй салу үшін өзінің екі үйін сатып, содан түскен ақшасымен С[...] есептескен.

Жаңа салынған үй [...] жылғы 1 қарашадағы актімен пайдалануға қабылданған, яғни ол кезде 2022 жылдың 1 маусымынан бастап үйде талап қоюшы тұрып жатқан және оның түсініктемесі бойынша Х[...] үйге келіп, алдап, құжаттарды рәсімдеген.

Х[...] жер телімін өзіне үй салу үшін алғаны, сол үйде тұру ниеті болғаны туралы ұстанымын істің мән-жайларына сәйкес болмауына байланысты назарға алынбаған.

Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы сот С[...] 2021 жылғы 1 сәуірде тұрғын үйді жер телімінің иесі болмауына байланысты бірінші сатыдағы сот шешімінің Ш[...] және С[...] арасында жасалған мәмілені жарамды деп тану бөлігінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған.

Сонымен қатар, сот алқасымен бірінші сатыдағы соттың талап қоюшы Ш[...] жауапкерлер К[...] және Х[...] арасындағы 2021 жылғы 3 сәуірдегі даулы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырған бөлігінің күшін жойып, талап қоюды дұрыс қанағаттандырған. Бұл ретте, сот алқасы бірінші сатыдағы сотпен материалдық құқық нормалары елеулi түрде бұзылуы заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққанын анықтап, бұл даулы мән-

жай бойынша даулы мәміле тараптармен тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз жасалғаны туралы заңды және негізді тұжырым жасаған.

Соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықталған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді. АК-нің 179-бабы 2-тармағына сәйкес талап мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша ғана сот қолданады.

Жауапкерлермен талап қою мерзімінің ескіруін қолдану туралы өтінішхат бірінші сатыдағы сотта берілмеген. Сондықтан жауапкер Х[...] талап қою мерзімін қолдану туралы шағым уәжі негізсіз болып саналады.

Кассациялық шағымда көрсетілген басқа уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды.

Шағымның уəждері сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, сот актілер күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 665-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес жауапкер Х[...] кассациялық шағым бергенде 91 983 теңге мемлекеттік баж төлеуі қажет болған. Оның орнына жауапкер тек 1082 теңге төлеген. Осыған байланысты жауапкерден Астана қаласы Сарыарқа аудандық кірістер басқармасына мемлекет пайдасына төленуге тиіс 90 901 теңге мемлекеттік баж өндіріледі.

Одан бөлек, талап қоюшы Ш[...] кассациялық сатыдағы сотта өкілдің көмегіне жұмсалған 500 000 теңгені жауапкер Х[...] өндіру туралы өтінішхаты АПК-нің 113-бабы 1-тармағына сәйкес қанағаттандырылуға жатады, себебі бұл шығындарды дәлелдейтін шарт, төлем түбіртегі ұсынылған, шығын мөлшері даулы мүлік құнының он пайызынан аспайды.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025жылғы 25 қыркүйектегі қаулысы күшінде, жауапкер Х[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Х[...] Астана қаласы Сарыарқа аудандық кірістер басқармасына 90 901 (тоқсан мың тоғыз жүз бір) теңге мемлекеттік баж, Ш[...] пайдасына өкілдің көмегіне жұмсалған 500 000 (бес жүз мың) теңге сот шығыны өндірілсін.

А.Даненова М.Ибрагимова

Судьялар

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.