Қ А У Л Ы
2025 жылғы 17 желтоқсан №6003-25-00-2к/3528 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев,
судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы Ө[...], оның кілі Т[...], жауапкер М[...], үшінші тұлға өкілі А[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Ө[...] жауапкерлер Ж[...], М[...], И[...] , үшінші тұлғалар: K[...]" «АҚК[...]»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 3 шілдедегі шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Ө[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 3 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған. Талап қоюшы кассациялық шағымда, жергілікті соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 158бабы 4-тармағына сәйкес егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемені орындаудан немесе үшiншi тұлға не мемлекет алдындағы жауаптылықтан жалтару ниетiмен жасасқан жағдайда, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi тұлға (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. АПК-нің 72-бабына сай әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
2023 жылғы 14 қазанда «R-Finance» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-і мен жауапкер Ж[...] арасында микрокредит беру туралы шарт жасалып, ол бойынша жауапкер Ж[...] 9 650 000 теңге несие 12 айға 55,54% жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен берілген.
Сол күні «R-Finance» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-і мен жауапкер Ж[...] арасында кепіл шарты жасалып, аталған микрокредит беру туралы шарты бойынша Ж[...] өз міндеттемесін тиісті түрде орындауды қамтамасыз ету мақсатында өзінің 2021 жылы шығарылған «Тoyota Camry» қара түсті, кузов №[...] VIN код [...] автокөлігін кепілге қойған.
2024 жылғы қаңтарда Ж[...] және Т[...] талап қоюшы Ө[...] үш айға 9 000 000 теңге және 6 000 000 теңге қарыз ақша алғаны туралы қолхат жазған.
2024 жылғы 5 қыркүйекте Ө[...] сотқа Ж[...] және Т[...] қарызды өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
2024 жылғы 19 қыркүйекте жасалған жазбаша үлгідегі келісім негізінде Ж[...] өзінің 2021 жылы шығарылған «Тoyota Camry» автокөлігін жауапкер М[...] сатқан. Автокөліктің құны ретінде 12 177 696 теңге «R-Finance» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-не аударылып, автокөлік кепілден босатылған.
2024 жылғы 20 қыркүйекте Ө[...] сотқа жауапкерлер Ж[...] және Т[...] мүліктеріне тыйым салу туралы арыз жолдаған. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі ұйғарымымен Ж[...] және Т[...] тиесілі жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне 15 000 000 теңге шегінде тыйым салынған.
Заңды күшіне енген Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 наурыздағы қаулысымен Ж[...] пен Т[...] Ө[...] пайдасына ортақ тәртіппен 15 000 000 теңге қарызды, мемлекет пайдасына мемлекеттік баж салығы ретінде 150 000
теңгені өндіру туралы қаулы етілген.
Даулы автокөлік Ж[...] «R-Finance» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-гі алдындағы бір жыл мерзіміне микрокредит беру туралы шартынның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылғы 14 қазанда кепілге берілген. Ал, 2025 жылғы 11 наурыздағы заңды күшіне енген сот шешімімен өндірілген Ж[...] пен Т[...] қарыздарды (2024 жылғы 1 мамырға дейін қайтаруға міндетті болған. Талап қоюшы талап қоюдың негізі ретінде жауапкер Ж[...] мәмілені талап қоюшы алдындағы өзінің міндеттемесінен жалтару мақсатында жасағанын көрсеткен.
Бірінші сатылы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқанда мәміле жасалған кезде үшінші тұлғалардың даулы мүлікке талаптары, және ешқандай тыйым салуы болмағанын, Ж[...] «R-Finance» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің алдындағы қарыз міндеттемесі талап қоюшының алдындағы міндеттемесінен бұрын орын алғанын, автокөлік сол міндеттеме бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлік болғанын негізге алған.
Апелляциялық сатыдағы сот сот шешімімен келісіп, жауапкер М[...] автокөлікті сатып алған кезде Ж[...] оны Ө[...] алдындағы міндеттемесін орындаудан жалтару мақсатында сатқан ниеті туралы білгенін немесе білуге тиіс болғанын растайтын ешқандай дәлелдеме ұсынылмағанын атап өткен.
Автокөлік үшін төленген ақша жауапкер Ж[...] емес, кепіл ұстаушы «R-Finance» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-не аударылған.
АК-нің 299-бабы 1-тармағы бойынша мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.
Жергілікті соттар Ж[...] «R-Finance» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің алдындағы қарызды қайтару міндеттемесінің мерзімі, талап қоюшы Ө[...] алдындағы міндеттемесінен бұрын пайда болған және ол қарызды кепілге берілген мүліктен өндіріп алу құқығы пайда болуына байланысты бұл мәмәлемен талап қоюшының құқықтары бұзылмағаны туралы дұрыс тұжырым жасаған.
Кассациялық шағымдағы уəждер жергілікті соттармен жасалған қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, сот актілер күшінде,
кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 3 шілдедегі шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.