Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 24.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/4842 (Гражданское)

ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 24 ақпан №6003-25-00-2к/4842 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші судья К.Р.Айтжанов, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,

талап қоюшы «Самғай біл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 179 бұйрығының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 389 бұйрығының күшін жою жөніндегі нормаларын заңсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 9 маусымдағы шешімі мен Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына берген кассациялық шағымымен қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының 2026 жылғы 19 ақпандағы қаулысымен Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алайда, 2026 жылғы 19 ақпандағы қаулының қарар бөлігінде «Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшы «Самғай біл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің» деген сөздердің орнына «Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 сәуірдегі қаулысы күшінде, жауапкер «TY-NYR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің» деген сөздер қате жазылып кеткен.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 235-бабының 2-бөлігіне және 452-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот өз бастамасы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды түзете алады, бұл туралы ұйғарым шығарылады.

Сот шешімдегі қате жазуларды түзету, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.

Іс жүзінде Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысын күшінде, талап қоюшы «Самғай біл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымын қанағаттандырусыз қалдыру жөнінде жарияланған, сондықтан сот қаулысының қарар бөлігінен «Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 сәуірдегі қаулысы күшінде, жауапкер «TY-NYR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің» деген қате жазуға түзету енгізу қажет.

АПК-нің 452-бабының 2-бөлігін басшылыққа алып, сот

ҰЙҒАРДЫ :

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 19 ақпандағы қаулысының қарар бөлігінде жіберілген қате жазулар түзетілсін.

Қаулының қарар бөлігіндегі «Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 сәуірдегі қаулысы күшінде, жауапкер «TY-NYR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің» деген қате жазулар «Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшы «Самғай біл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің» деген жазулармен түзетілсін.

Төрағалық етуші К.Айтжанов

Судьялар Н.Жумагулова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.