Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 03.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/4109 (Гражданское)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 3 ақпан №6003-25-00-2к/4109 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Ж.К.Рустембеков, судьялар Л.Б.Мамырбаева, А.О.Тогумбетова, прокурорлар А.Е.Кадылбековтың, Е.Т.Косманның,

талап қоюшы Д.Д.Нигметовтың және оның өкілі Н.К.Кенжебаеваның қатысуларымен, бейнеконференциялық байланыс арқылы, ашық сот

отырысында,

талап қоюшы Дархан Даулеткалиевич Нигметовтың жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент) тұрғынүй төлемдерді өндіру туралы талап қоюы жөніндегі электрондық форматтағы материалды Қазақстан Республикасы Бас проркурорының бірінші орынбасарының Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 1 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы ұйғарымдарына берген кассациялық наразылығы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы Д.Д.Нигметов жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 1 сәуірдегі ұйғарымымен талап қою қабылдаудан бас тартылған.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Прокурор кассациялық наразылығында соттар процестік құқық нормаларын қате қолданғанын, талап қоюды негізсіз қабылдаудан бас тартқанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды бірінші сатыдағы сотқа қабылдау сатысынан жіберуді сұраған.

Прокурорлардың кассациялық наразылықты қолдаған пікірілерін, талап қоюшы мен оның өкілінің наразылықты қолдаған түсініктерін тыңдап, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.

АПК-нің 151-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес, егер, сол тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, осы Кодексте көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді

қысқарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот ұйғарымы болса, судья талап қоюды қайтарады, судья талап қоюды қабылдаудан бас тартады.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту негізі ретінде Ақтөбе гарнизоны әскери сотының заңды күшіне енген 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен Д.Д.Нигметовтың Департаментке біржолғы тұрғынжай төлемдерін өндіру туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылғанын, қазіргі кезде сотқа берілген талап қоюда Д.Д.Нигметов қайтадан тұрғынжай төлемдерін өндіруді сұрағанын көрсеткен.

Сот Д.Д.Нигметовтың талабы қайтадан сот қаралуына жатпайтынын, өйткені, заңды күшіне енген сот актісі болуына қарамастан, талап қоюшы сол жауапкерге қайтадан нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер бойынша сотқа жүгінген деген тұжырымға келген.

Апелляциялық сот та бұл сот тұжырымымен келіскен.

Талап қоюға тіркелінген құжаттарға қарағанда, Д.Д. Нигметов 2005 жылдан бастап Депарментте əскери қызмет атқарған, бес адамнан тұратын отбасы бар. Ол 2013 жылдан бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылған. 2017 жылғы 31 қаңтарда «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы мен Д.Д. Нигметов арасында Орал қаласы Зачаганск ауылындағы Монкенұлы көшесі, 93 үйіндегі №95 пəтерді 240 ай мерзімге сатып алумен жалдау шарты жасалған.

Шартқа сəйкес пəтердің құны 13 994 899 теңгені құраған, оны Д.Д. Нигметов ай сайынғы жалдау ақысын өтеу арқылы төлеуге міндеттенген.

Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жəне барлық міндеттемелер тиісті түрде орындалғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

2022 жылғы 24 наурызда Д.Д. Нигметов денсаулығына байланысты жұмыстан шығарылған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 101-2-бабының 6-тармағына сəйкес (жұмыстан шығару сəтінде қолданыста болған редакцияда, бұдан əрі - Заң) əскери қызметшілерге əскери қызмет өткеру кезеңінде алған, əскери-дəрігерлік комиссия əскери қызметшіні əскери есептен шығара отырып əскери қызметке жарамсыз деп таныған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен əскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде аударылады.

Д.Д. Нигметов мұндай төлем түріне оның құқығы бар деп есептеп, сотқа Департаменттен 31 050 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген (бұдан әрі -№1 талап қою).

Ақтөбе гарнизоны əскери сотының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Сот, Д.Д. Нигметовты жұмыстан шығаруға əскери қызмет өткеру кезеңінде алынған ауру (созылмалы отит, екінші дəрежелі өткізгіш есту қабілетінің жоғалуы, созылмалы панкреатит, бауыр стеотозы жəне т.б.) негіз болғанын анықтаған.

Алайда, əскери-дəрігерлік комиссияның қорытындысына сəйкес Д.Д. Нигметов əскери қызметке шектеулі жарамды деп танылған, осыған байланысты Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына əскери есепке қойылған.

Д.Д. Нигметов əскери есептен шығарылмағандықтан, сот оның Заңның 101-2-бабының 6-тармағында көзделген біржолғы ақшалай өтемақы алуға құқығы жоқ деген қорытындыға келген.

Д.Д. Нигметов тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтің барлық кезеңі үшін тұрғын үй төлемдерін өндіріп алу туралы сотқа Департаментке тағы бір талап қою беріп, одан 11 518 492 теңге өндіріп алуды сұраған (бұдан әрі - №2 талап қою).

Заңның 101-2-бабының 5-тармағына сəйкес, жұмыстан босату кезінде мұндай төлемдерді алуға тұрғын үйге мұқтаж деп танылған, бірақ 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етілмеген əскери қызметшілер құқылы. Демек, Заңның 101-2-бабының 5-тармағында жəне 6-тармағында белгіленген төлемдер бірдей емес. Оларды алу субъектілері, тағайындау негіздері жəне олардың мөлшерін есептеу тəртібі бойынша ерекшеленеді.

Мұндай жағдайда кассациялық сот мәні бойынша сот қаралуына жататын талап қою сот қабылдауынан негізсіз бас тартылған деген тұжырымға келді.

Сондықтан сот актілерінің күші жойылып, талап қою бірінші сатыдағы сотқа қабылдау сатысынан жолдануға жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 1 сәуірдегі ұйғарымының және Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы ұйғарымының күші жойылсын. Талап қоюшы Дархан Даулеткалиевич Нигметовтың жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрғынүй төлемдерді өндіру туралы талап қоюы Ақтөбе гарнизонының әскери сотына қабылдау сатысынан жіберілсін.

Прокурордың кассациялық наразылығы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші, судья: Ж.Рустембеков

Судьялар: Л.Мамырбаева

А.Тогумбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.